Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Етістік түрлері -

Етістік түрлері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1698 | Размер: | Автор: гость
. Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы

Тақырыбы: «Етістік түрлері»
Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әленова Ғазиза
• ТТүркістан-2014ж1
Сабақтың тақырыбы: Етістік түрлері.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі: оқулық, кесте, ребустар, ойындар.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Смайликтер пайдалану.

II. Үй тапсырмасын тексеріп, сұрау.
Ребус шешу, «Етітстік» сөзі шығады. Ережесін сұрау, етістік түрлерін сұрау, кесте бойынша. Ойын “ Жалғастыр ” оқыды – оқып отыр, көрді - көріп тұр.

III. Жаңа сабақ.
Күн ретін жазу, 3 топқа бөлу. 400 - жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу, етістікті табу.
Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды. (мысық)
Мысық туралы сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.
Сергіту сәті: Мысық сияқты мияулау.
401 - жаттығу. « Өрмек» өлеңін мәнерлеп оқу, етістікті тауып, байланысын табу, автормен таныстыру.
« Өрмек» туралы мағлұмат беру.
Сергіту сәті: «Үйректер» әніне би қозғалысымен.
402 - жаттығу 3 топтан 3 оқушы шығып, 2 сөйлемнен жазады.
1 оқушы: Күз келді. Күн суыта бастады.
2 оқушы: Шөп сарғайды. Ағаштың жапырақтары түсті.
3 оқушы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.
403 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, оны күрделі зат есімге айналдырып, сөйлем құрап жазу.
... оқыды.... емдеді.... тікті.
... секірді.... құйды.... көмектесті.
Сергіту сәті: «Қара жорға».
404 - жаттығу. Сөзжұмбақты шешу, “Қимыл” сөзі шығады.
Ойын: «Понтамимо».
405 - жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Түбіт сөзінің айтылуы мен жазылуын түсіндіру. Түбіт туралы мәлімет беру.
Шығармашылық жұмыс, сөзкесте
Шоқ+бала болашақ
шелек+ек келешек
Жыл+баз жалбыз
таса+бақ тасбақа

IV. Үйге тапсырма: 406 - жаттығу.

V. Қорытындылау: - Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадық?

VI. Бағалау. Оқушыларды мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.