Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
EXCEL-де график және диаграмма тұрғызу. -

EXCEL-де график және диаграмма тұрғызу.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3143 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі

Мамырбекова Маржан Бакбергеновна

Математика және информатика пәндерінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: EXCEL-де график және диаграмма тұрғызу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктерімен, яғни диаграммалармен, графиктермен және графикалық мүмкіндіктермен жұмыс жасауды үйрету.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларға EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктерімен, яғни диаграммалармен, графиктермен және графикалық мүмкіндіктермен жұмыс жасауды үйрете отырып, оларды EXCEL-мен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
б)Дамытушылық: Оқушыларға EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктерімен, яғни диаграммалармен, графиктермен және графикалық мүмкіндіктермен жұмыс жасауды үйрете отырып, олардың EXCEL кестелік процессоры жайлы білімдерін тереңдету, ой-өрісін дамыту, көру және есте сақтау қабілетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: тірек сызбалар арқылы түсіндіру, сәйкестендіру тесті, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе карточкалар, интерактивті тақта, компьютер.
Пән аралық байланыс: бейнелеу, математика.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті уақыт
1 Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа даярлау. Зейіндерін сабаққа аударады.
1мин
2
Білімді тексеру Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін тексеру. Өз білімдерін ортаға салады.
15 мин
3 Жаңа сабақты ашу Электрондық оқулық көмегімен диаграмма анықтамасын, түрлерін, салу және функциялардың графигін салу тәсілдерін түсіндіру. Жаңа материалды тыңдап, ой қорытады.
20 мин
4 Сарамандық жұмыс Оқушылардың іс-әрекетін бақылайды. Шебердің көмегімен диаграмма құрады.
7 мин
5 Информатикалық диктант
Оқушылардың іс-әрекетін бақылайды. Қажетті сөздерді қойып шығады. 8 мин
6 Тәжірибелік жұмыс Оқушылардың тапсырма орындауларын қадағалайды. Тапсырмаларын орындайды
10 мин
7 Жаңа түсінікті тексеру:
Оқушылардың тапсырма орындауларын қадағалайды. «Сұрақ саған, жауап маған» ойыны:
5 мин
8 Жаңа сабақты бекіту:
Оқушылар жаңа сабақты бекітеді. «Футбол» ойынын ойнайды. 5 мин
9 Жаңа сабақты қорытындылау. Оқушылар жаңа сабақты қорытындылайды. «Графика» сөзжұмбағын шешеді. 5 мин
10
Оқушылар білімін бағалау. Қорытындылап, оқушылардың бағасын жариялайды. Өзін-өзі бағалау парағына баға қояды.
2 мин
11 Үйге тапсырма беру Үйге тапсырма береді. Оқып келу: 2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4.Үй тапсырмасын сұрау:
1. EXCEL-де барлық формулалар қандай белгімен басталады?
2. EXCEL-де деректерді сақтау және қорғау қалай жүзеге асырылады?
3. Функция мастерін шақыру үшін қандай қадамдар жасаймыз?
4. Ұяшықтар ауқымын таңдау қалай жүзеге асырылады?
5. Формула беруге көмектесетін терезені атаңдар.
6. Ұяшықты біріктіру үшін және сөз бойынша тасымал жасау үшін не істейміз?
(Үй тапсырмасы кеспе карточкалар арқылы тексеріледі)


ІІ. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру:
1. Microsoft Excel-ді іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегі орындалады?
2. Microsoft Excel кестелік процессорының қандай мүмкіндіктерін білесіңдер? Атап өтіңдер.



(сұрақ-жауап арқылы)

ІІІ. Жаңа түсінік беру: қазіргі кестелік процессорлар статистикалық деректерді түрлі түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық суреттермен, схемалармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік береді.
Диаграммалар деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.





Тақырып диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Диаграммалардың типтері:

Дөңгелек диаграмма

Гистограмма

Сақиналық диаграмма

Конустық диаграмма

Көлемдік гистограмма

(әрбір диаграмма Excel кестелік процессорында құрылып түсіндіріледі)
Excel-де диаграммаларды екі түрлі жолмен: ағымдағы жұмыс бетіне кірістіру және диаграмма бетін қосу арқылы орындауға болады.
Графикалық обьектілерді кірістіру:
1. Жаңа файл ашамыз.
2. Меңзерді А1 ұяшығына орналастырамыз, себебі суретті бос А бағанына кірістіреміз.
3. Ол үшін Вставка – Столбцы командасын орындап, бүкіл кестені бір бағанға оңға жылжытамыз.
4. Вставка – Рисунок – Картинки командасын орындаймыз.
5. Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңдаймыз.
6. Суреттер бар терезе ашылады, ұнаған суретімізге шертеміз.
7. Вставить батырмасын шертеміз, жақтаудағы сурет кестеге кірістіріледі.
8. Егер сурет көлемі ұнамаса, оны өзіміз қалауымызша үлкейтіп немесе кішірейтуімізге болады.

IV. Білімді тексеру
Семантикалық карта
Жолдар Бағандар Ұяшық Аудан Формула ұяшыққа қалай енгізіледі
=
Латын әріптерімен
Араб цифрларымен
В13:С19
Жол мен бағанның қиылысуы



V. Информатикалық диктант

- Ұяшық кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта , , ,
жазылады. Ұяшықтар мен қиылысында орналасады. ........... ұяшықтары бір-бірінен нөмірлері арқылы ажыратылады. ............... баған мен жол атауларының бірігуінен тұрады. Мысалы: ...........- Е бағаны мен 5-ші нөмірлі жолдың қиылысуындағы ұяшық нөмірі (оны .............. ...............) деп атайды.



VI. Тәжірибелік жұмыс
Функцияның графигін тұрғызу

Мысал: y=n*(x^3+1) функциясын [-2;2] кесіндісінде Һ=0,2 қадам бойынша кестелеу керек (n=5). Функция мәндері есептелген баған ұяшықтарының соңына мәндердің қосындысы мен арифметикалық орта мәні енгізілсін.
Мысалды орындау жолы:
1. А1:Ғ1 және А2:Е2 ұяшықтарын толтыру (төмендегі кестеде);
2. D2:D22, E2:E22 блоктарын автотолтыру әдісі бойынша толтыру;
3. Ғ2 ұяшығына =D2*(E2^3+1) формуласын ендіріп, Ғ2:Ғ22 блогы ұяшықтарын да жоғары әдіс бойынша автотолтыру;
4. Ғ24 ұяшығын ағымдық етіп, ∑ түймесін екі рет шерту;
5. Ғ26 ұяшығын ағымдық етіп, оған =СРЗНАЧ(Ғ2:Ғ22) формуласын енгізу, одан әрі Enter клавишін басу.




Тапсырма: y=sinx функциясын [0; 6,28] аралығында һ=0,2 қадам бойынша кестелеу керек.
Осы функцияның графигін тұрғызу үшін Е2:Ғ22 блогын таңдап, Вставка – Диаграмма командасын орындап, типтер тізімінен График типін таңдау.
Үшінші қадам терезесіне графигі салынатын функцияны енгізу;
Соңғы сұхбаттық терезеде график орналасатын парақты көрсету.




Оқушылар тәжірибелік жұмысты орындауда.

ҮII. Жаңа түсінікті тексеру:
«Сұрақ саған, жауап маған» ойыны:
Ойынның сұрақтары:
1. Excel-де диаграммаларды неше жолмен құруға болады. Атап айтыңдар.
2. Аңыз не үшін қажет?
3. Диаграмма осьтері.
4. Тақырып не үшін қолданылады?
5. Диаграмма типтерін атаңдар.
6. Диаграмма элементтері.
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада сұрақтар кезекпен кезек шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап берулері тиіс.)

ҮІII. Жаңа сабақты бекіту:
«Футбол» ойыны:
Ойынның сұрақтары:
1. Графикалық обьектілерді кірістіру жолдарын көрсетіңдер.
2. Сақиналық диаграмманы құрып көрсетіңдер.
3. Дөңгелек диаграмманы құрып көрсетіңдер.
4. Гистограмманы құрып көрсетіңдер.
5. Конустық диаграмманы құрып көрсетіңдер.
6. Көлемдік гистограмманы құрып көрсетіңдер.
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада футбол қақпасы және 6 доп беріледі. Доптардың астында диаграмма титеріне қарай құру шарты берілген. Оқушы қалаған добын таңдайды және диаграмма типінің құрылуын іс жүзінде көрсетеді.)
ІX. Жаңа сабақты қорытындылау:
«Графика» сөзжұмбағы:




Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
5. Диаграмма осі. (вертикаль)
6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)


XІ. Оқушылар еңбегін бағалау:
ХII. Үй тапсырмасы:
1. EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері
2. Үйден кесте жасап келу. (Кестені келесі сабақта компьютерге түсіреді.)



Кеспе карточкалар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.