Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Файл, файлдарды сақтау және ашу -

Файл, файлдарды сақтау және ашу

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4522 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Түркістан қаласы М.Әуезов
атындағы жалпы орта мектебі
физика –информатика пәні
мұғалімі Бекназарова Зубайра

21.01.2016 ж. 10 «Б» сынып
Тақырыбы: Файл, файлдарды сақтау және ашу
Мақсаты: Оқушыларға файл жайлы түсінік беріп, файлды қалай сақтау, ашу керектігін үйретіп, меңгерту.
Түйінді идея: Файл, файлдарды сақтау және ашу, файл типтерін білу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар файл жайлы біледі, файлды қалай сақтау, ашу керектігін үйреніп, меңгереді.
Ресурстар, көрнекіліктер: Электронды оқулық, оқулық, компьютер

Кезең Оқытудың формалары, әдістері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Ұйымдас-тыру Жеке жұмыс
(Ауызша) Ауызша сұрау
-Қарапайым программаның қатесін қалай тексеруге болады?
-Қатені тексеру және қадамдық әдіспен қатені тексерудің қандай айырмашылықтары бар?
-Программада қандай қателер болады?
-Қатені тексеру құралдары қай мәзірде орналасқан? Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
Үй жұмысын тексеру Жұптық жұмыс
Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін тексеру мақсатында жұптық орындауға тапсырмалар беріледі.
Мұғалімнің нұсқауы бойынша топқа бөлінеді
Жана сабақ топтық жұмыс, "Жигсо" әдісі
Файл - біртиптегі байттардың тізбегі.
Файл сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қапшық» дегенді білдіреді. Файлға жататындар: программалар, мәліметтер немесе олардың бөлігі. Файл атауы өзара нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігі өз атауы, екіншібөлігі кеңейтілуі.
Файлдың ақпарат өлшемін бит сияқты ақпаратты сақтау бірлігі ретінде қарастыруға болады. Біртұтас нысан ретінде файлдармен жазу, өшіру (жою), даярлау, көшіру, қайта ат қою операцияларын жүргізуге болады. Сыртқы тасушыдағының барлығы файл түрінде сақталады, олар: амалдық жүйелер, қолданбалы программалар, програм¬малар жүйесі. Visual Basic тілінде бірнеше файл бар.
Сондықтан кез келген программаны қолданғанда мәліметтермен жұмыс жасаймыз, егер мәліметтер керек болса, оларды арнайы файлдарда сақтауға болады. Осы сақталған файлдарды ашып оқуға және өзгертулер енгізугеболады.
Файлдар 2 түрге бөлінеді:
1. Тізбектей қатынайтын файлдар.
2. Ерікті қатынайтын файлдар.
Тізбектей қатынайтын файлдарға аудиотаспаларды жатқызуға болады. Мұнда керекті әндерді тыңдау үшін таспаны айналдырып, кезекті әнді тыңдауға болады.
Тізбектей қатынайтын файлдар
Тізбектей қатынайтын файлдар операторларының қызметі:
файлға жаңадан мәлімет жазу үшін, файлдан мәліметті оқу үшін операторлар файлды ашады;
файлдан керексіз жерлерді алып тастау үшін;
файлдармен жұмысты аяқтаған кезде, файлды жабуоператоры бар.
Файлмен жұмыс істеу барысында файлдық жүйеменқалай байланысқанын білуіміз қажет. Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
Қорытынды кезең «Боуленг» әдісі Бақылау сурақтары
1) Файл дегеніміз не? Файл атауы неден тұрады?
2) Қажетті мәліметтер қалай сақталады?
3) Тізбектей қатынайтын файлдар операторларыныц қызметін сипаттаңдар.
4) Файлды ашу, жазу, жабу бұйрықтары қалай жүзеге асырылады?
5) Файлдың түрлерін атаңдар.6) Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
Бағалау Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау Бағалау критерийлерін өздері құрастырады, өздері баға береді
Үйге тапсырма Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Файл, файлдарды сақтау және ашу Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.