Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Физика сабағында сындарлы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдары -

Физика сабағында сындарлы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1632 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Тулесинов Кашаган Бурабаевич
№83 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі

Физика сабағында сындарлы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдары

Қазіргі таңда жаңа заман талабына сай компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электорндық және телекоммуникациялық құралдары, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру көзделіп отыр. «Мұғалім – жас бала үшін ешбір теңдесі жоқ күннің құдіретті сәулесі сияқты», - деп К.Д.Ушинский айтқандай оқушы мұғалімнің айнасы . Мұғалім оқушыға қалай бағыт – бағдар берсе ,оқушылар солай қабылдайды. «Бала білім берудегі мақсат – мұғалімнің көмегінсіз оның ойлау қабілетін дамыту», - деген Э.Хабберттің сөзімен келісе отырып, шығармашылық қабілеті мол , жан – жақты дамыған адамзат тәрибелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі дегім келеді.
ХХІ ғасыр өскелең ұрпақтан зор үміт күттіреді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын . Сондықтан да қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес , тарихи – танымдық , педогогикалық – психологиялық сауаттылық , саяси – экономикалық білімділік және ақпарттылық сауаттылық талап етіледі .
Қазіргі таңда мұғалімге өте көп іздену керек . Сонда ғана нәтижеге қол жеткізетініміз анық. Мен де өз тәжірибеме жаңа методиканы ендірдім . Ендірудегі мақсатым, оқушылардың жеті модульді ендіре отырып өткен сабағым мен дәстүрлі сабағымнан айырмашылықтарын байқау , оқушылардың жетістіктерін көріу, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, физика сабағына деген мотивацияның пайда болғанын байқау , әрі оқушылардың ой өрісін даму , сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда екінші ай қашықтықтан оқыту кезінде тәжірибеден өттім. Тәжірибеге 8 «Ж» сыныбын алдым. Сыныпта 14 ұл, 11 қыз бар. Ең алдымен қай сабаққа сабақ өтетінімді анықтап, тізбектелген сабақтарға арнап орта мерзімді жоспар жасадым:
1 – сабақ Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау;
2 – сабақ Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль Ленц заңы;
3 – сабақ Электр қыздырғыш аспаптар. Қысқа тұйықталу;
4 – сабақ Тарау бойынша қайталау есептер шығару.
Ең алдымен сыныпқа барған кезде сыныптың «Алтын ережесін» жазғыздым. Ереженің маған көп көмегі тиді. Себебі : бұл сыныпта сабаққа белсенді араласатын, ынтасы жоғары оқушылар өте көп. Оқушылар сабаққа қызығушылықтары күн санап арта бастады. Мен сабақ өту барысында бұрынғыдай шулаған оқушыларға көңіл бөліп ұрысудың орнына « ереже бұзылды» деген сөзді ғана айтып отырдым. Оқушылар бірден түсіне қоятындары, өздері жазған ережені бұзбайтындарына, бұзған күнде де жауапкершілікпен қарайтындарына көзім жетті. Менің тәжірибе барысында өткен сабақтарымының ең қызықтысы наурыздың 5-і күні өткен « Токтың жұмысы мен қуаты Джоуль Ленц заңы » тақырыбына өткен сабағым болды. Сабаққа Токтың жұмысының формулаларын білу және оларды қолдана білуге дағдыландыру деген мақсат қойдым.
Сабақтың нәтижесінде: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль –Ленц заңы жайлы мағлұмат беру, және күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Сабаққа төрт модульді ендірдім.
Сабақты ең алдымен оқушылармен сәлемдесіп, күндеріне сәттілік тілеуден бастадым. Содан кейін оқушыларды топтарға бөлдім. Сол күні сабаққа 20 оқушы келіпті . Мен бес оқушыдан төрт топқа бөлдім. Бөлгенде бір, екі, үш, төрт, деген сандарға санау арқылы бөлдім. Сыныпты төрт топқа бөліп алдым. Кездескен кедергінің бірі оқушылар топтарға бөлініп сабақ өтіп үйренбеген. Сондықтан да сыныпты топтарға бөлуде уақыт мен ойлағаннан да көп жұмсалды. Содан кейін мен үй тапсырмасын тесеруді оқушылардың өздеріне тапсырдым. Ол үшін белсенді тақтаны пайдаландым . Белсенді тақтадан үйге берілген есептің жауабын көрсеттім . Оқушылар өздері сәкестігін тексерді, өздері тақтамен дұрыс шығармай келген есептерін туралап қоюға тырысқан оқушыларда болды. Оқушылардың әлі бұл методикамен сабақ өтуге дағдыланбағанын, алдағы уақытта да көп кедергілерге тап болатынымды білдім. Бұл кедергіні шешу үшін керісінше өз қатесін тап оқушыны тақтаға шығарып, «жасасын кателік» деп қатемен жұмыс жасаттым. Келесі жолы осындай оқиғалар қайталанбас үшін алдым.

Келесі кезең жаңа сабақты меңгерту кезеңіне келгенде оқушыларды қызықтыру үшін бүгінгі сабағымның өзегі ретінде рөлдік ойынды алдым.

Әр топқа рөлдер және тапсырма жазылған парақшалар таратып бердім . Және ойынның шартын оқушыларға түсіндірдім. Ең бірінші «көшбасшы» рөлдерді бөліп көшбасшылық жасап отырды, «баяндамашы» жасаған постерлерін шығып қорғайды , «хатшы» постерді дайындап береді , «уақыт сақшысы» уақытқа қарап, уақыттың үнемделуін қадағалатйды. Бірақ топтың кез – келген мүшесі ат салысу керек , және топқа оралуға дайын болу керек . 1- топқа Токтың жұмысы мен қуатын салыстыру тапсырылды , 2 – топқа Джоуль –Ленц жайында зерттеу тапсырылды, 3 – топқа Токтың жұмысы мен қуатын салыстыру тапсырылды, 4 – топқа Джоуль –Ленц жайында зерттеу тапсырылды. Екі топқа бірдей тапсырма бергенім екі топтың бір тапсырманы орындауда айырмашылықтар болды. Топтар жаңа сабақты түсіндіруде оқулықтан мәліметтерді топтар өзара жұмыстарды бөлісіп орындады . Бұл әдісті өте тиімді екенін білдім. Жұмыссыз бос отырған оқушылар болмады . Рөлдерге бөлгенде де өте қызық бөлген. Бір топтар көшбасшы рөлін оқу үлгерімі орталау берген де , керісінше баяндамашы қызметін топтың ең үздік оқушысына бөлген. Ал топтарда керісінше көшбасшы рөлін топтың ең үздік оқушысы алып, баяндамашы рөлін оқу үлгерімі орталау оқушыға берген . Сөйтіп ол оқушыға топтың намысын қорғау тапсырылған. Бірақ ол оқушының жауапкершілігі сезінген, кітапты оқып, түсінуге тырысып отырғанын байқадым , білмеген жеріне әрине топ көмектесіп отырды . Және байқағаным көшбасшылар хатшылардың да жұмысына көңілі толмай , қалай бағыт – бағдар беріп отырғанына да куә болдым . Топқа бөліп сабақ өткен кезде кез – келген топ көшбасшы топ болғысы келетінін аңғардым . Сондықтан да оқушылар арасында сабақта
бәсекелестік пайда болған . Бәсекелестік бар жерде нәтижеге жетуге болады және бәсекелестік артқан сайын сапа да арта түсетінін білеміз . Сондықтан да маған сабақ қызық көрінеді. Өйткені бір жыл бойына сабақ оқыта алмаған оқушыларымның шығып постер қорғағаны , сабақты дұрыс түсіндіргені мені таң қалдырды . Осы методиканың тиімділігіне көз жеткіздім. Постерлерін ең бірінші болып біткен төртінші топ қоғады. Оларға Джоуль –Ленц жайында зерттеу тапсырылған. Ол топтан А - оқушы қорғады. А - үздік оқушы. Бұл сабақ жаңа сабақ болғаннан кейін оқушылар А – ны ұйып отырып тыңдайтын шығар деп ойладым . Бірақ олай болған жоқ , ереже бұзылды . Оқушылар өз жұмыстарын қорғауға дайындалып, өздерінің білгенін өзгеден біліп алудың орнына керісінше тек өздеріне тапсырылған міндетті орындауға ғана мақсат етіп алған сияқты болып көрінді . Біріқ А - өз тобының жұмысын қорғап болғаннан кейін оқушылар оған қошемет білдірді . Екінші болып өз жұмысын қорғауға үшінші топ шықты . ол топтан баяндамашы болып В - оқушы шықты. В - оқушының физикаға қызығушылығы ерекше, бірақ тұйық оқушы. Осы методикамен сабақ өткелі бері В - оқушының ашылғанын байқадым. В – оқушы сабақ түсіндіріп жатқан кезде оқушылардың назарын бірден өзіне аудартты . Оқушылар В – оқушы түсіндіргенін ұйып тыңдады . Үшінші болып тақтаға екінші топтан А – оқушы шықты Ол топқа Токтың жұмысы мен қуатын салыстыру берілген . А – оқушы да өз дәрежесінде қорғап, оқушылардың назарын өздеріне аудара білді. А – оқушының көшбасшылық қасиеті жоғары екенін аңғардым . Соңында өз жұмыстарын қорғауға бірінші топ шықты. Бұл топ сабақты жақсы түсінбегенін оларды, постер қорғауынан байқадым. Бұл топқа Токтың жұмысы мен қуатын салыстыру тапсырылған. Бүгінгі сабақта бұл топтың оқушылары онша ашыла алмады . Топқа көмек керек екенін байқадым . Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін байқау үшін деңгейлік есептер бердім . Оқушылар өздері бір есеп болса да өздері көршіден көшірмей шығару тапсырылды. Оқушылар өз дәрежесінде шығарды . Кедергісіз де болмады . Өз деңгейінен жоғары есепті алып, шығара алмаған оқушыларда болды . Содан кейін бір – бірінің есептерін тексерді . Өз есебін зорға шығарған оқушылар әрине көршінің есебін тексеруде қиындықтарға тап болып, топ басшыдан көмек сұрады. Бірақ оқушылардың осы жүиеге үйренгендері дұрыс деп шештім . Кедергілер барлық кезде де кездеседі . Ол кедергілерден оқушыларды шығарып жібергеннен гөрі, одан шығудың жолын көрсеткен дұрыс . Өйткені өмір бойы біз оқушылардың жанында жүріп, проблемаларын шешіп жүрмейміз , жанынжа жүрегн кезде қайтаға өз бетімен өмір сүруге дағдыландыруымыз керек . Сбақ соңында «бақылаушы» рөлін алғандар топ оқушыларын бағалады. Бағалау әділ жүрді деп айта алмаймын. Өйткені оқушылардың барлығы неге ондай баға қойғандарын түсіндіргенімен , көтермелегендерін байқадым . Сабаққа қатысқан 20 оқушының 10 – ы «бестік» баға алған да 10 – ы «төрттік» баға алған . Бқл сабақта «үштік» бағасын көрмедік . Сабақ соңында кері байланыс жүргіздім . Оқушылар «сабақ не туралы болды ? Бүгінгі сабақ ұнады ма ? Бұл сабақта мен үшін не қиын болды ? Бұл маған неге қиын болды ? Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім немесе еңсере алмадым ?» деген сұрақтарға жауап береді . Оқушылардың жауаптарын оқи отырып бүгінгі сабақ оқушыларға қызық болғанын , ұнағанын , алдағы уақытта осылай сабақ өткілері келетінін білдім . Оқушылардың басым бөлігі бүгінгі сабақта не қиын болд сұрағына сабақтың қиын болмағанын жазған . Бір оқушы бүгінгі сабақта өзіне деген сенмділіктің артқанын жазған , ал келесі біреуі қиындықтарды қалай еңсердіңіз деген сұраққа баяндамашының көмегімен деп жазған . Оқу перамидасындағы тіжңрибе арқылы оқушылар 75% түсінеді деген тұжырым расталды . Себебі оқушылар бір-бірінің түсіндіруі арқылы нәтижеге қол жеткізген .

Бүгінгі сабақта мен Білім берудегі жаңа тәсілдер модульінен диалог арқылы оқытуды , сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульінде ойластыруды , оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модульінде бағалаудың екі түрін , үй тапсырмасын тексеруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды , талантты және дарынды балаларды оқыту модульінде талантты оқушыларға тест беруді , оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беруде деңгейлік тапсырмаларды , оқытуды басқару мен көшбасшылық модулінде
рөлдік ойынды пайдаландым . «Физика табиғат туралы ғылым» деген сөз бекер айтылмаған . Ойлану , ідену оқушының ой – өрісін дамытады . Дүниетанымын молайтады . Жаңа ізденістерге жетелейді . Тіпті физика пәнін өмірдегі болып жатқан құбылыстар деуге болады . Д.Пойа айтқандай «Егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе онда , бүкіл сыныпта бұл пәнге ынтасымен берілетін болады . Егерде , пән сізді қызықтырмаса және оны терең білмесеңіз онда сабақ беруден бас тарту керек . Себебі сіз ешқашан да сабақты жақсы бере алмайтын боласыз» . Расында да пәнді сүю және оны терең білу – мұғалмге қажетті шарт , алайда бұл жеткілікті емес . Мұғалім өзінің пәнге деген қызығушылығын өз оқушыларының бойынша сіңіре білу керек . Мұғалімнің негізгі мақсаты физикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету . Ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып , өздері жаңадан ашулары керек . Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады . Мен сондықтан да , тәжірибе барысында озық тәжірибелерді жетік игеруге тырыстым . Сабағымды зерттей келе мынадай қорытындыға келдім :
 Оқушының өздігінен істейтін жұмысына көп көңіл бөлу ;
 Әр оқушының қабілетін жеке қасиетін ескеру ;
 Физикалық қабілетінің дамуына көңіл бөлу , мұғалімнің әр түрлі әдістерді пайдалануы ;
 Сыныпта жарыс туғызу ;
 Профессионализм принципі : сабақ мазмұнға бай , түрі әр түрлі болу керек ;
 Толықмеңгеру принципі : оқушының бос уақыты болмау керек .
Сабағымның сәтті өткен тұтастарына тоқталатын болсам , оқушылардың рөлдік ойын кезінде рөлдерді бөліп алып жұмыс жасағандары ұнады . Оқушылар ерекше қызығушылық танытты . оқушылардың білім сапалырын әр сабақта әр түрлі әдіспен сабақ өтіп арттырамын деген қортытындыға келдім . Сабақтың барысында байқағаным кез - келген дәстүрлі методика мен қазіргі өтіп жатқан Кембридж методикасымен сабақ өткендегі айырмашылық едәуір алшақ . Тұйық оқушыларым ашылған , белсенді

оқушыларымның көшбасшылық қасиеттерін байқадым . Осы методикамен алдағы уақыттада сабақ өту арқылы едәуір жетістіктерге жететінімді білдім . Сәтсіз өткен тұстарына тоқталатын болсам , деңгейлік тапсырмалардың менің тарапымнан күрделі берілуі , сыныбымның білім дәрежесін біле тұра күрделі тапсырмалар алдым . Болашақта бұндай олқылықтар жойыладыдеп сенемін . Оқушыларымның дәрежесіне қарай деңгейлік тапсырмаларды аламын деп ойлаймын . тапсырмаларды дұрыс пайдаланамын . Тағы да бір сәтсіз өткен жері оқушылардың уақытты тиімді пайдалана алмаулары . Оқушылар уақыт үнемдеуге дағдыланбаған . Оқушыларды аладғы уақытта уақыт үнемдеп , күрделі тапсырмаларды орындауға дағдыландырамын деп ойлаймын . Осы методиканы алдағы уақытта өз тәжірибеме ендіріп , сабақтарымды тек осы методика бойынша өтемін .

Пайдаланылған әдебиеттер :
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық . Үшінші басылым . «Назарбаев Зиаткерлік мектебі» 2012 ж.
2. І бетпе – бет кезеңіндегі таратпа материалдар .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.