Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Физикалық өлшемдер -

Физикалық өлшемдер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1427 | Размер: | Автор: гость
. ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі
5-сынып
География пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Пән мұғалімі: Берденова М.Т
Сабақтың тақырыбы Физикалық өлшемдер
Түрі, типі Ізденіс, сарамандық сабақ
Сілтеме Бағдарлама, интернет ресурстары, оқулық
Жалпы мақсаты Физикалық шамаларды анықтау, және оны анықтауға арналған құралдармен жұмыс істеуге үйрету.
Оқыту нәтижелері Тақырыпты топпен жасау арқылы меңгереді, тіл байлықтары дамиды. Картамен жұмыс жасап үйренеді.
Сабақтың негізгі идеясы «Су» деген сөзге ассоциация құрады. ЖИГСО 1-2 әдісі арқылы мәтінді талдайды, «Синквейн» әдісі , венн диаграммасы арқылы жаңа сабақта топтық тапсырмалар беріліп, өздерінің атқарған жұмыстарына жауапкершілікпен өзара қарауларына ықпал ету
Сабақтың көрнекілігі Интернет қорлары, бағдарлама, слайдтар
Сабақтың өту барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Уақыт
Ұйымдастыру Оқушылардың назарын сабаққа аудару, бағалау парағын тарату, сабаққа психологиялық ахуал орнату, оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастыру.
«Көбелек ойыны»
Таңертең көбелек оянды, тартылды,
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алады,
Азғана айналып, барлығына күліп,
Қайта гүліне оралды.
Мақсаты: эмоциялық күйзелітер түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту.
Оқушылардың қызыл, жасыл, сары түрлі-түсті қағаз қиындыларын тарату арқылы топқа бөлу. Әр топ өздеріне ат қояды және таныстырады. Оқушылар жұппен, топпен жұмыс жасайды. Топ басшысы сайланады. Өзін-өзі бағалау әдісі бойынша тапсырмаға өз тобы және мұғалім формативті баға береді. Сабақтың соңында жиынтық ортақ баға қойылады.оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын әзірлеу, түрлі-түсті қағаздар бойынша топқа бөлініп отыру. Оқушылардың белсендігі артады. 2 мин
Үй тапсырмасы 1-тапсырмаға: «Миға шабуыл»
Оқушылар топпен бірге «Физикалық дене» тақырыбында сызба толтырады.
Оқушылардың үй тапсырмасын орындағанын тексереді, бағалайды Үй тапсырмасы бағанында өздерін бағалайды. Миға шабуыл әдісі арқылы өткен материалды еске түсіреді, қорытындылайды. 3мин
Қызығушылықты ояту «Зат» деген сөзге ассоциация құру туралы бағыт береді. 2-тапсырма: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау тәсілін қолдана отырып, «Физикалық өлшемдер» деген презентацияны көрсету арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.Оқушылар презентацияны көре отырып, ондағы басты тақырып физикалық өлшемдер тақырыбы екенің айтады. Бұл жұмыс түрінің мақсаты: оқушы мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді. Сынып болып құнды пікірлерді ортаға салады, талқылайды.Оқушылар жаңа тақырыпты ашу үшін сыни тұрғыдан ойланады. Топтық барысында дарынды оқушы белсенділік танытады.
2 мин

Мағынаны ажырату кезеңі ЖИГСО стартегиясын қолдана отырып, оқушыларға 3 түрлі мәтін таратылады. Топтағы талантты және дарынды оқушылар немесе топ басшысы топ мүшелеріне мәтіннің мазмұнын түсіндіреді. Мәтінді оқып танысады, негізін табуға тырысады, ЖИГСО әдісі бойынша бір-біріне түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады.Бірін-бірі оқытады, бірлесіп ойланады, талдайды, ортақ шешімге келеді. 20 мин
Ой-толғаныс кезеңі «Физикалық шамалар» тақырыбына топ болып бірлесе отырып постер әзірлейды. Топта барлық оқушы белсенділік танытып, тапсырманы жақсы орындуға ат салысады. Қандайда болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен қолданады.Постер құрастырады. 5мин
Қорытындылау Стикерлер арқылы кері байланыс жасау
Алған білімдерін нақты бағалау. Параққа критерийлер бойынша ойларын жазу. 6 мин
Бағалау Бағалау критерийлері бойынша жүзеге асады. Суммативті бағаны қояды. Бағалау өзара топтар,бірін-бірі және мұғалім тарапынан формативтік бағалау мен жиынтық бағалау арқылы жүргізіледі. 5мин
Үйге тапсырма «Физикалық шамалар» тақырыбында презентация әзірлеу. Оқушылар күнделіктеріне берілген тапсырманы жазып алады 2 мин
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.