Меню
Назад » » »
Физикалық және химиялық құбылыстар
загрузка...

загрузка...
Атырау қаласы
№32 орта мектебінің
химия пәнінің мұғалімі
Ақпанбетова Зухра Тұяқбайқызы
8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар
Сабақтың мақсаты:
Физикалық және химиялық құбылыстар туралы ұғымды қалыптастыра отырып, химиялық реакцияның жүру белгілерімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділігі- физикалық және химиялық құбылыстар туралы ұғымды қалыптастырып. жасалатын тәжірибелер негізінде құбылыстарды дәлелдеу.

Тәрбиелілігі-күнделікті өмірдегі бақылаулар негізіндегі құбылыстарды мысалға келтіріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы-күнделікті тұрмыстағы және өмірдегі физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата білуге үйрету, химиялық реакцияның жүру белгілерін анықтау.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: белсенді оқыту стратегиясы
Көрнекілігі: электрондық оқулық, суреттер,кестелер
Құрал жабдықтар: интербелсенді тақта, маркерлер, суреттер, цинк, тұз қышқылы,
ағаш ұнтағы, барий хлориді, натрий сульфаты, крахмал, йод, кәрлен ыдыс, сынауықтар.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптағы оқушыларды « химия» сөзінің әр әріпін оқушыға айтқызып, бірдей әріп айтқан оқушыларды бір топ қылып , 5 топқа бөлеміз. Яғни, «Х» тобы, «И1»тобы, «М» тобы, «И2» тобы, «Я» тобы болып бөлінеді.
Сабақ блум таксономиясы стратегиясы бойынша өтеді.

І. Білу.
Табиғатта болып жатқан құбылыстармен таныстыра отырып,құбылыстың физикалық және химиялық түрі болатындығын айтамын.
Содан соң сыныпқа мынадай тапсырма беремін: Күннің күркіреуі, жапырақтың сарғаюы, судың булануы, адамның өсуі, найзағайдың жарқырауы, мұздың еруі, сүттің ашуы, ағаштың жануы, темірдің балқуы, шамның жануы, қардың еруі, мұнайдан бензиннің алынуы. Осы берілген жағдайларды қандай құбылыстарға жіктеуге болады?
Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

ІІ.Түсіну. Сонымен бүгінгі біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы:
« Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялар.»
Әрбір топқа мынадай тапсырмаберіледі:
♦ 1 - топ физикалық құбылыс
♦ 2 - топ химиялық құбылыс
♦ 3 - топ химиялық реакция
♦ 4 - топ химиялық реакция белгілері
♦5-топ құбылыс түрлері
Жетелеуші сұрақтар беріледі:
♦ Осы құбылыс туралы ойларыңды қағазға түсіріңдер
♦ Соған мысал келтіріңдер
♦ Қорғау барысында ойларыңды өмірмен байланыстыр
Осы тапсырмалар бойынша әр топ қорғау жұмыстарын жасайды.
III. Қолдану. Суреттермен және жағдаяттармен жұмыс.
1-сурет: Ағашты аралағанда үгіндінің түзілу.
2-сурет: Айранның ұюы.
3-сурет: Аязды күні терезеге қырау тұруы.
4-сурет:Автокөлік қозғалтқышында бензиннің жануы.
5-сурет: Қардың еруі
Әр топ өздеріңізге берілген суреттердегі құбылыстарды сипаттаңыздар..
ІV. Талдау.
Тәжірибелерді әрбір топқа нұсқау бере отырып, бірлесе жасап көрсету арқылы химиялық реакциялардың жүру белгілерімен таныстырамын.
♦Парафиннің балқуын көрсету арқылы, газдың бөлінуін бақылау.
♦ Картоптағы крахмалдың йодпен түсін өзгерту арқылы, түстің өзгеруі химиялық реакцияның белгісі екенін түсіндіру.
♦ Мырыш пен тұз қышқылының әрекеттесуінен сутек газының түзілгендігін дәлелдеу арқылы, газ түзілу реакцияның жүргендігінің белгісі екендігін түсіндіру.
♦ Ағаш жанған кездегі бөлінген жылу арқылы реакцияның бір белгісімен таныстыру.
♦ Барий хлориді мен күкірт қышқылын бір - біріне құйғанда түзілген ақ тұнбаны көрсете отырып, химиялық реакцияның тағы бір түрімен таныстыру
V. Жинақтау
«Ыстық картошка» әдісі арқылы оқушылардың ойын жинақтау.

VI. Бағалау
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Сабақ соңындағы көңіл күйлерің қандай?
Тақтаға жазылған стикерлеріңді жапсырып қалдыруларыңды сұраймын.
ІV. Оқушыларды бағалау.
V. Үйге тапсырма Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Физикалық және химиялық құбылыстар можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 470 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar