Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Функциялар, стандартты функцияларды  пайдалану. -

Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3997 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. «С. Көбеев атындағы №56 жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Тақырыбы: Функциялар, стандартты функцияларды
пайдалану.

Информатика пәні мұғалімі: Партаева Арайлым Жарылкасыновна.
8 «Б» сынып

2015-2016 оқу жылы

Информатика 8 сынып
Күні: 23.02.2016 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Кестелік процессор
туралы білімдерін еске түсіру. Функция түсінігін,
функциямен жұмыс істеу негіздерін түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Стандартты
функцияларды нақты әрі тиімді қолдану дағдыларын
қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды компьютерлік
сауаттылыққа, мұқияттылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: түсіндірмелі, практикалық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) амандасу;
ә) түгендеу;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
в) оқу құралдарының дайындығын тексеру.
1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
2. Оқушылар жаман әдеттерін қағаз бетіне түсіріп, жыртып тастайды.

ІІ. Өткен сабақты қайталау
Қайталау сұрақтары
1. MS Excel кестелік процессоры қалай іске қосамыз?
2. Жұмыс бағаны неше бағаннан тұрады?
3. Кесте дегеніміз не?
4. Салыстырмалы сілтеме дегеніміз?
5. Абсолют сілтемелердеген не?
6. Берілгендерді енгізудің қандай жолдары бар?
ІІІ. Жаңа сабақты «Джигсо» әдісі арқылы түсіндіру.

Excel – дегі формулалар мен функциялар.
Excel электорндық кестесінің негізгі абзалдығы онда күшті формула және функциялар аппартының барлығы. Excel - де барлық мәліметтерды өңдеу сол аппарат көмегі арқылы жүзеге асырылады. Сіздер сандарды қосуыңыз, азайтуыңыз , бөлуіңіз, көбейтуіңіз , синусты, косинусты, лагорифмді, экспонентаны есептеулеріңіз мүмкін.
Формула – бұл Excel бағдарламасы орындайтын жазылған есептеулер. Сіз ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны есте сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады.
Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік немесе “+” қосу белгісінен бастап жазу керек.
Excel - де өрнектерді есептеу кезінде амалдар мынадай ретпен орындалады:
1. Жақша ішіндегі өрнектер.
2. Теріс таңба (мысалы: -2).
3. Дәрежеге шығару (мысалы: 2^3).
4. Процентті есептеу.
5. Көбейту немесе бөлу.
6. Қосу немесе алу.
Excel электорндық кестесі арифметикалық амалдарды , функциялармен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерды формула ретінде қабылдайды.
Амалдардың орындалу тізбегі
Таңбалар Амалдар Приоритет
^ Дәрежелеу 1
* Көбейту 2
/ Бөлу 2
+ Қосу 3
- Азайту 3
& Конкатенация 4
= Теңдік 5
> Үлкен 5
< Кіші 5

Excel бағдарламасында математикалық , финанстық , статистикалық және логикалық функцияларды ауықымды жиыны ендірілген. Егер кестеге бірнеше сандар енгізілетін болса , Excel бағдарламасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап , күрделі тригонометриялық есептеулерді жасауға дейін 300-ден аса тәсілмен өңдей өңдей алады. Excel – де функциялар – бағдарлама жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция функцияның аты (мысалы , СУММ т.с.с) мен оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз –нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргуметтер функция атының оң жағында жай жақшаның ішінде жазылады.
Функциялар есептеулерді ықшамдық күйде жазу үшін қолданылады және
мынадай түрде жазылады:
у=f(x), мұндағы у - функцияны есептеудегі нәтиже, х-аргумент,
f – функция.
Мысалы:
=sin(C7) мұндағы sin – функцияның аты, С7-аргумент (ол сан, мәтін және
т.б.) , сан тұрған ұяшыққа сылтеме болып тұр.
Көптеген экономикалық есптерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х – функцияның аргументі, ал у – функцияның мәні, f – функция.
Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік). Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) – В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция.
Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:
• SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар;
• ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар;
• МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция;
• LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер;
• КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция;
• ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;
• ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар.
Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте
• Негізгі функциялар:
МИН (ұяшықтар) - ерекшеленген ұяшықтардағы ең кіші (минимум) шаманы табады.
МАКС (ұяшықтар)- ерекшеленген ұяшықтардағы ең үлкен (максимум) шаманы табады.
СРЗНАЧ (ұяшықтар)- аргументтердің арифметикалық орта мәнін есептейді
ЦЕЛОЕ (х) х аргументін ең кіші бүтін санға санға дейін дөңгелектейді. СУММ (ұяшықтар) – көрсетілген тізімнің қосындысын есептейді.
ЕСЛИ (шарт, ақиқат,жалған) - шарт бойынша амалды орындау.
СЧЁТЗ(ұяшықтар) бос емес ұяшықтар санын анықтау.
СЧЁТЕСЛИ(хоналар, шарт) шартқа жауап беретін ұяшықтар санын анықтау.
СЕГОДНЯ - бүгінгі күнді қою.
СТЕПЕНЬ (сан, дәреже) - берілген санды дәрежелеу
COS(сан) берілген сандың косинусын анықтау.
SIN(сан) берілген сандың синсын анықтау.
Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер фукнции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияларды енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.
Қосындылау функциясы. Қорытындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды.
Көптеген экономикалық есептерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады.

ІV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.
Тапсырма:
1. 1. Excel ұяшықтарына керекті киімдер тізімін енгізіңіз.
Соңында кеткен шығынды есептеңіздер.






V. Сергіту сәті:
«Егінші» әдісі.
1. Егінші жер жыртады.
2. Егінші арық қазады.
3. Егінші арыққа дән себеді.
4. Егінші арықты жабады.
5. Жаңбыр жауады.
6. Дән өсіп шығады.
VІ. Сабақты бекіту, қорыту:
1. Excel- де өрнектерді есептеу кезінде қандай амалдар ретпен орындалады?
2. Формула дегеніміз не екен?
3. Негізгі функцияларды атаңдар.
4. Функцияны не үшін қолданамыз?
Логикалық сұрақтар
1. Автобус оңға ма әлде солға жүріп бара жатырма? (Жауабы: Солға)
2. Айдынның Асқарқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
(Жауабы: Жанат ұзын)
3. Екі бала шахматты екі сағат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? (Жауабы: Екеу)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалайлақтыру керек? (Жауабы: Жоғары)
Үстел үстінде үш стакан құрт тұр. Нұрқанат бір станкан құртты жеп қойды. Неше стакан қалды? (Жауабы: Үш стакан)

VІІ. Бағалау: Жұмыстарына, жауаптарына қарап бағалау.
VІІІ. Үй тапсырмасы:
Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану тақырыбын оқып келу.
Тапсырма:
Электронды сынып журналын құрып келеміз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.