Меню
Назад » » »
Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі
загрузка...

загрузка...
Биология. 7-сынып.
Ауызша – 3 технологиялық картасы
§23. Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі

Сабақтың мақсаты: гүлді өсімдіктердің маңызының ерекшелігін, қандай кластарға бөлінетіндігін, олардың пайдасын түсіндіру.
Міндеттері:
 ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;
 есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;
 дәстүрлі емес шешімдер табуға дағдыландыру;
 әр түрлі оқиғалар мен өзгерістердің себеп-салдар факторларын ашуға дағдыландыру;
 пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;
 зерттеу инстинктін ынталандыру;
 шығармашылық ойлаудың ұжымдық потенциалын дамыту.
Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: экран, ООМ, слайд, топтардың аттары жазылған тақтайшалар, бейдж, түрлі-түсті бор
Сабақтың барысы:
Сабақтың құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме
1 кезең.
Ұйымдастыру кезеңі,
мотивация Оқушылардың зейінін жинақтау:
Оқушыларды үштіктерге бөліп орналастыру (сыншы, орындаушы, ынталандырушы). Әр үштіктің атауы болуы керек. Топ мүшелерінің әрқайсысында бейдж болуы керек.
Көшбасшы карта бойынша жұмыс барысын түсіндіреді. ООМ

С О Ы

С О Ы

С О Ы
2 кезең.
Іс-әрекет тә-сілдері мен бі-лімдер кешенін өзектендіру кезеңі Оқытылып отырған жаңа тақырып негізінде ТСҚ жазу.
Үштіктер бір-бірінің жазғандарын тексереді.

Сыншылардың пікірі 5 минут беріледі. ООМ-да түрлі-түсті бормен 3 норма болса 3 ұпай, 2 норма болса 2 ұпай, 1 норма болса 1 ұпай жалпы топқа қойылады.
Бірінші баға
Екінші баға
3 кезең.
Ұқсас және жаңа жағ-даяттарды ше-шуге өз бетін-ше білімдерін қолдану кезеңі Оқулық мәтінімен жұмыс
Оқулықта берілген ақпаратты өңдеу.

Тірек сөздермен жұмыс
Жаңа тақырып бойынша топтарға 21 кілт сөз табуға тапсырма беріледі.
Мұғалімнің анықтаған сөзімен сәйкес келген сөзді жазған топ мүшесіне қосымша бонус ұпай береді. Мұғалім экран арқылы тірек сөздерді көрсетеді.
(Тірек сөздер жазылады-21сөз)
1.Ұрық 12.Жолжелкен
2.Жабық тұқымды 13.Гүлді өсімдіктер
3.Эндосперм 14.Класс
4.Қосарланып ұрықтану 15.390 тұқымдас
5.Тұқым 16.Астық тұқымдастар
6.Гүл диаграммасы 17.Параллель жүйкелену
7.Қарғакөз 18.Жапырақ жүйкелері
8.Қосжарнақтылар 19.Күлтежапырақшалар
9.Тұқымдас 20.Тостағанжапырақшалар
10.Даражарнақтылар 21.Жемісқап
11.Камбий Жаңа сабаққа үйден дайындалып келетіндіктен мәтінді оқуға 5 минут беріледі. Осы уақыт аралығында мәтінді оқып та, тірек сөздерді тауып үлгерулері керек.
Әр топ мүшесі қол көтеріп өзінің тапқан тірек сөзін айтпас бұрын, тобының аты мен өзінің қызметін атайды. Тірек сөздерді әрбір топ мүшесінен сұрауға тырысу керек. ООМ-да әркімнің неше сөз атағандығы ауызша тексеріліп, түрлі-түсті бормен сөз саны жазылады. 1 сөз 1 ұпайға тең. Барлығы 21 сөз
Үшінші баға
Өздік бақылау және бақылау кезеңі Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді экраннан жазып, жазбаларын толықтырып алады. Тірек сөздерді жаттауға да, жатқа жазуға да 1 минут 30 секунд беріледі. Белгіленген уақыт аяқталған соң топтар бір-бірінің тірек сөздерін тексереді. 1-3 ұпай қойылады.
Төртінші баға
4 кезең.
Түзету (коррекция) Сыншылардың пікірі Сыншылар пікірі 1-3 ұпайлық мөлшермен өлшенеді. Жалпы сараптау 1 ұпай, орташа деңгей 2 ұпай, терең сараптау 3 ұпаймен бағаланады.
Бесінші баға
5 кезең.
Рефлексия Тестілеу. Бірінші үштік көтермелеу ұпайын алады. Сұрақтар себеп-салдарын анықтау бағытында қойылу керек: Неліктен? Немен байланысты? Не үшін? Деген бағытта қойылу керек.

Сабақ барысында соңында қалып қойған екі топқа ең алдында келе жатқан топтың жинаған ұпайынан айырмашылығы көп болса, бір-біріне дуэль-сұрақ қоюға рұқсат етіледі. Ең аз ұпай жинаған топтан бастап сұралады. Олар қай топқа сұрақ қоятынын өздері анықтайды. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын сұрақ қоюшы топ айтады. Егер сыншы жауап бере алмаса, орындаушы жауап береді, ол жауап бере алмаса ынталандырушы жауап береді. Топтар бірден жауап бере алмаса, тиісті 3 ұпайдан топтың әр мүшесі үшін 1 ұпайдан алынып тасталынып, ұпай қарсы топқа беріледі.
Алтыншы баға
6 кезең.
Түзету (коррекция) Сыншылардың пікірі 1-3 ұпай аралығында бағаланады.
Жетінші баға
7 кезең.
Оқушылардың білім жиынты-ғының және іс-әрекет әдісте-рінің өзектілігі Проблемалық сұрақ. Үздік ойлар сайысы. Топтар бүгінгі сабақта өтілген тақырыптың кейбір аспектілері бойынша альтернативтік, дәстүрлі емес шешімдерін табуы керек. Сөйтіп, жаңа тақырыпқа қатысты оқулықтан тыс өз ойларын білдіреді. Ой жарысы болған соң оқушылардың шығармашылығына шектеу болмайды. Алғашқы топ дайын болғаннан кейін басқа топтарға 30 секунд уақыт беріледі.
Үздік ойлар 3, 6, 9 ұпаймен бағаланады.
1 1 1 2 2 2 3 3 3
Сегізінші баға
8 кезең.
Түзету және түйсіну кезеңі Сыншылардың пікірі
Уақыт қалса ынталандырушыларға сөз беруге болады. 1-3 ұпай аралығында бағаланады.

Тоғызыншы баға
9 кезең.
Қорытындылау Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын көрсетеді. Тез және сапалы жұмыс жасаған топтарды бағалайды. Ал, топқа қойылған бағаны топтағы оқушылар өздері бөлісіп алады. Топтарды марапаттау. Жеңімпаз топ тақтаның алдына шығарылып, оларға сөз беріледі. Көшбасшыға сөз беріледі. ООМ-да әр топтың бүгінгі сабаққа қатысуы 5 ұпайлық шкаламен бағаланады.
1 орын 555 5 орын 443
2 орын 554 6 орын 433
3 орын 544 7 орын 333
4 орын 444

«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ
биология пән оқытушысы М.А.Мукишева Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 328 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar