Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
География сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі -

География сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2293 | Размер: | Автор: Публикатор
. ОҚО, Түркістан қаласы

М.Жұмабаев атындағы

№15 мектеп-гимназиясының

География пәні мұғалімі

Дүйсенбекова Меруерт

География сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі

XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету.
Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Білуі қажет:
- алдын-ала сенімділік туғызу;
- білімдерін бір-біріне жеткізу;
- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.
Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын ұсынушылардың анықтамасы бойынша ойлау. Оқушы сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыған сайын, оларда төрт параметрдің корсеткіші өседі. Жекеден-жалпыға, дифференциалдыдан-сенімділікке,интуициядан логикалыққа, бір перспективадан-көптеген перспективаға.
Бұл көрсеткіштерді өсіру үшін:
1) Өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін.
2) Ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білу.
3) Проблеманы шеше білуі.
4) Пікірталасты жүргізуге білу қабілеттерін қалыптастыру қажет.Сын тұрғысынан ойлау стратегияларына: бағытталған оқу,хаттардың түрлері, кластер тұрғызу кубиктер, мәтінді талдай отырып оқу, ми шабуылының түрлері, конференция т.б
Л.С.Выгодский пікірінше: «Қатаң ғылыми тұрғыдан қарағанда,басқа адамды тәрбиелеуге болмайды.» Тәрбиелеу-оқушыны тәрбиелеу емес, оқушы өзі тәрбиеленетіндей етіп ұйымдастыру керек. Тәрбиелеу процессінің негізінде оқушының іс-әрекеті жатуы керек.
Мұғалім балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы басты тұлға.
Мұғалімнің қазіргі өмірдегі жағдайы туралы жалпы түсінікті қалыптыстыру. Қойылған мәселенің шешімін өз бетімен табу арқылы сын тұрғысынан ойлаудың дамуына мүмкіндік жасау, туғызу. Сыныи турғыдан ойлау мен дамытып оқытудың негізін қалыптастыру.
Сабақтың барысы.
1.Тақырыпқа қызығушылықты ояту. Дискуссиялық картаны толтырады.
2.Мағынаны танып білу. Ескертпелері бар тексті оқу.
3. Рефлексия. Идеал мұғалім моделін жасау.
Тақырыпқа қызығушылықты ояту,әрбір оқушы дискуссиялық картаны толтырады. Мұғалім басты тұлға ма?
ИӘ: 1.2.3. ЖОҚ: 1.2.3.
Сонан соң топпен талдайды, әр топ ұсынысы тақтаға кесте толтырады. Мағынаны танып білу сатысы.
V - білетін ойларын белгілеу,—білмейтін ойларын белгілеу.+-өздері үшін жаңа ойларды белгілеу,?таңқалдырған сұрақтарды белгілейді.
Әр бағанада 3-4 пункт жазылады,нәтижелер шағын топтарды талқылайды.(10 мин) әрбір топтағы белгілі бір адамға сөз беріледі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды қолдану барысында ойлауды дамытуға байланысты мынандай мәнді жағдайлар жасау мүмкіндігі туады:
1.Уақытты дұрыс үнемдей отырып,оқушыларға шығармашылық және сын тұрғысынан ойлай білу мүмкіндігінен қамтамасыз етіледі.
2. Оқушылардың өз бетінше ойлауға, өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі.
3.Оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланады.
Оқушылар топтаса отырып бір-біріне қарым-қатынасы күшейеді, қызығушылығы артады,ойлау қабілеті жетілдіріледі, іс-жүзінде пайдалана білуге үйретеді. Ал осы алған білімдерін бекіту мақсатында макро топпен дебат сабағын ұйымдастыруға тиімді екенін көрсетеді. Соның арқасында сынып оқушыларының білім сапасы көтеріледі.

Сын тұрғысынан ойлау:
1. Білім іскерлік дағдыны
2. Белсенділік
3. Қалыптастыру
4. Басқаларды тыңдай білу
5. Қарым-қатынас жасауға үйрету
6. Қажет болса көзқарасты өзгерту
7. Пратикалық іс-әрекетте болу
8. Ел алдында шығып өз ойыңды айтуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын қолданған нәтиже.
Сөйлемейтін оқушылардың өз ой –пікірін жеткізу үшін маңызы зор.Олардың ойлау қабілеті дамиды,көп ізденіс шығармашылық пен жұмыс істеуіне тақырыпты жан-жақты ашуына мүмкіндік тудырады.Осы программамен оқу кезінде тек оқушы емес оқытушының да өзінің педагогикалық ойлау әрекетіңе деген ой әсерлі мотивацияны қалыптастырады. Алда тұрған жұмыстар,міндеттер көп. Соның кейбір жолдарын, түрлерін, әдістерін әр қарай жетілдіріп жасау біздің қолымызда.
Оқушылардың ой өрісін дамытуға топпен жұмыстың тиімділігі.
Оқушылардың сабақты жақсы түсінетін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып ұйымдастыруға тырыстым.Осы мақсатта сынып оқушыларын микро топқа, макро топқа бөлдім.Оқушылар алдын ала берген тапсырма бойынша жан-жақты дайындық жасайды.Оқушы толық түсініп өз дәрежесінде ұғып қабылдаса, ол ұмытылмай есте жақсы сақталады.Сондықтан әрбір өтілген тапсырма,тақырыпта топтасып отырып, оқушылар өз білгенін бір-біріне жеткізуге тырысады. Географиялық заңдылықтар, құбылыстар, заттардың қасиеттері т.б сипаттай отырып,өз білімдерін жинақтауға мүмкіндік туады. Схема, сурет, сызбаңұсқа түрінде қорытындылайды.
Болжау
Оқушыларды топпен жұмыс істете отырып ойлау қабілетін дамыту.
Өзін-өзі тануына,білім алуына жақсырақ ұйымдастыру үшін пайдалы болу керек. Сонымен бірге топтаса отырып бір-біріне көмек жасалады, ақыл ойынның оқушының дамуына мүмкіндік жасайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қ.М.Нағымжанова. Инновациялы-креативті технологиялар//Өскемен Медиа Альянс.-2005
2. Дүсенбаев С. Жаңа педагогикалық технология – Бастауыш мектепте // Бастауыш мектеп.-2003.-№9
3. Ибрагимова Г.Оқытуда жаңа әдістерді пайдалану// Бастауыш мектеп.-2001 №6
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.