Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Географиялық зоналылық -

Географиялық зоналылық

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2721 | Размер: | Автор: Публикатор
. Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы: Географиялық зоналылық
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға географиялық зоналық, таралуы, заңдылықтары, ерекшеліктері жөнінде түсіндіру.Географиялық зоналықты салыстырып талдау жасауға үйрету. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға географиялық зоналық, таралуы, заңдылықтары, ерекшеліктері жөнінде түсініп,географиялық зоналықты салыстырып талдау жасауға дағдыланады Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланып,өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру .
Түйінді идеясы: Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен тығыз байланысты.
Сабақтың әдісі,жұмыс түрі: Сурет галериясы,Кім жылдам ?,деңгейлік тапсырма,
топтық,жеке жұмыс
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.
Бағалау:Топтық бағалау,өзін-өзі бағалауы.
Сабақтың барысы:
Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
Кіріспе 1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп,оқушылардың бойына қарай 3 топқа бөледі.
2.Сурет галериясын ұйымдастыру.
1.Оқушылар амандасады,топтарға бөлінеді. Топтағы міндеттерін бөліседі.
Оқушылар табиғат кешендері тақырыбы бойынша салған суреттерінен галерия ұйымдастырып, оған әр топтан тұйықтау 2 оқушыны мұғалім суреттеріне түсінік беруге шақырады.
Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. Мәтінмен,қосарбеттегі географиялық белдеулер мен табиғат зоналары картасымен таныстырады.
1.Оушылар пікірталас түрінде сабақ мақсатын айқындап,
мәтінмен ,картамен танысады,мұғалімге сұрақтарын қояды.


бөлім
1.Кім жылдам ?(ауызша сұрақ-жауап ұйым дастырады) көп сұраққа жауап берген оқушыны ,сынып болып қол соғып жарайсын деп мадақтайды.
1.Мұхиттағы географиялық зоналық қалай аталады?(географиялық орнына сәйкес ,климаттық белдеулермен аталады)
2.Таудағы географиялық зоналық қалай аталады ?(биіктік белдеулер)
3. Географиялық қабықтағы негізгі заңдылықтар қандай? (ырғақтылығы, зоналылығы, тұтастығы)
4. Географиялық қабықтың құрамы неше бөліктен
тұрады?(4)


5. Географиялық қабықтың біртұтастығы – (бұл табиғат компоненттерінің өзара
байланысы мен өзара тәуелділігі)
6. Географиялық қабық дегеніміз?
7. Адамның шаруашылығы әрекетінен жердегі көп өзгерген табиғат кешені (ормандар) 8.Географиялық зоналық дегеніміз не? (экватордан полюске қарай барлық табиғи компоненттердің географиялық қабықта заңдылықпенөзгеруі т.б
9. Дүниежүзілік мұхит табиғат кешеніне жатады ма? (жатады)
2Деңгейлік тапсырма өз білімінді тексеріңдер оқулықтағы тапсырманы орындатады
Оқушылардың қанша тапсырма орындай алатының ,білім деңгейін байқайды Оқушылар ауызша сұрақтарға жауап беріп,белсенділігін көрсетеді.Сынып әкімі қай оқушы сұрақтарға көп жауап бергенін анықтайды,қол соғып мадақтайды

Оқушылар дәптерге тапсырманы орындайды,интерактивті тақтадан жауабын көріп қзін-өзі тексереді.
Қорытынды 1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма: Тақырыпты оқу.

Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма ? кері байланыс парағын толтырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.