Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Геометриялық денелердің сызбалары -

Геометриялық денелердің сызбалары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3039 | Размер: | Автор: Публикатор
. «№3 орта мектебі»мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ
Тақырыбы: Геометриялық денелердің сызбалары


Дайындаған: Қойбақова Г.Е Пәні: Сызу және бейнелеу Сыныбы: 9 гимназия
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: геометриялық денелердің сызбалары
Сабақтың мақсаты:
• оқушылардың геометриялық денелер проекциясы туралы білімдерін толықтыру, біліктілігін арттыру
- оқушылардыц шапшаңдық қабілетін дамыту, кеңістіктегі логикалык ой-орісін дамыту
- оқушылардың ұқыптылыққа, ұшқыр ойын қолдана білуге тәрбиелеу
Сабақтыц түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, салыстыру, сарамандық жұмыс, сұрак-жауап бекіту.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, геометриялык денелердің
модельдері, сызу құралдары

ІІәнаралық байланыс: геометрия, математика, бейнелеу өнері

Сабақ барысы: I. ¥йымдастыру кезеңі (2 мин)
-оқушылармен амандасу, түгендеу;.
-сабаққа дайындыгын тексеру;
-оқушыларды үш топқа бөліп:
I топ –конус
II –топ цилиндр
III – топ призма
Әрбір дұрыс жауапқа 1 дөңгелек беріп отырамын -1 ұпай.
II.Өткенді еске түсіру, қайталау (5 мин)
«Танымжорық» геометрия әлеміне ойша саяхат. Геометриялық денелер проскциясын еске түсіріп мына сұрақтарға жауап беру.
■ Геометриялық денелер дегеніміз не анықтамасын беріңіз?
- (I слайдтағы) сурет бойынша геометриялық денелерді атап өтейік.
- (2 слайд) геометриялық денелер қалай бөлінеді? Олардың айырмашылығы неде?
-Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау дегеніміз не?
-Тік бұрышты проекциялар жүйесі неден тұрады? (3 слайд) (92 бет) -Фронталь, горизонталь, профиль проекциялар дегеніміз не?
-Проекциялау тәсілін кім ойлап тапты,
-(4 слайд) Текше және параллепипедтің проекциялары қандай фигура турінде шығады?
-(5 слайд) Цилиндр және коңустың проекцияларын сызбада қандай фигуралар түрінде шығады?
-(6 слайд) Пирамида және дұрыс алтыбүрышты призма кандай фигура түрінде проекцияланады? .
-Қандай геометриялық денелердің проекциялары бірдей фигураларға бейнеленеді?
I !
Ш Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Окулыктағы 122- сурет бойынша геометриялық денелер тобының проекциясына түсінік беру. Сызбаларды тез оқи білуге үйрену үшін геометриялық денелердіц проекцияларын және олардыц өзара орналасуын анықтай білу керек. Айталық, денелер тобы үш геометриялық денелер түрады. Бірінші геометриялық дене V және жазықтықтарында тең бүйірлі. үшбұрыштармен, ал Н проекция жазықтыгына дөңгелекпен кескінделген. Демек біздің алдымызда КОНУС түр деген сөз. Екінші геометриялык денеН және W проекция жазықтықтарында екі тік төртбұрыш, ал фронталь V жазықтығында дөңгелек болып бейнеленген. Мұндай проекциялар цилиндрге тән. Үшінші геометриялық дене барлық проекциялар жазықтықтарында тіктөртбұрыш болып бейнеленген. Ол параллепипед. Сонымен, сызбада конус-цилиндр және параллелепипедтен тұратын геометриялық денелер. Кескіндерге талдау жасау нәтижесінде бізге цилиндр мен параллелепипед жақын тұрғандығы, ал конустың цилиндрдің артында орналасқан деген қорытынды жасаймыз. Геометриялық денелер тобын сызбаларын оқуды осы тәсілмен орындайды.
Сарамандық жұмыс: топпен, жеке оқушылардың жұмысы
1 тапсырма: 1 топ (123) а сурет, Геометриялық денелер тобының
1 топ - (123) ә сурет, сызбаларды окуды
2 топ - (123) б сурет орындандар.
2 тапсырма: Конус тобына — 29бет (1) Геометриялық денелер
Цилиндр тобына – 29 бет(2) сызбаларын салу
ГІризма тобына 30бет (2)
3 тапсырма Геометриялық денелер тобының сызбаларын толықтырып
проекцияларын белгілендер. Сызбада сәйкес беттерден көрсетілген түспен бояндар. (31 бет)
4 Тапсырма геометриялық, денелер тобының бас көрінісін толықтырып сызыңдар (М 1:1 ) (32 бет)
5 Тапсырма үстінгі көрінісі бойынша денелер тобының үш көрінісінің сызбаларын орындаңдар.
VСабақты бекіту.Сұрақ-жауап
Тез оқи білуге үйрену үшін не істеуміз қажет?
Сызбаның оқу ретін атаңдар.

Қорытындылау, Ұпай саны бойынша оқушыларды бағалау.
Үйге: оқулықтың 57-бетіндегі 127 жаттығуды фА4 орындау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.