Меню
Назад » » »
Геометриялық фигуралардың құрылымдық әлемі туралы түсінік.
загрузка...

загрузка...
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы: ө
Білім беру салалары:Таным
Бөлімдері:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы:Геометриялық фигуралардың құрылымдық әлемі туралы түсінік.
Мақсаты:
Білімділік:фигуралардың қабырғасы, фигуралардың бұрышы түсініктерін бекіту, шеңбер мен сопақша аралығындағы айырмашылықты нақтылау.
Дамытушылық: тапсырманы өз бетімен орындауға, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:ұғымталдыққа, білімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: геометриялық фигуралардың суреті, қалталы полотно, нәрселердің суреті.
Қостілдік компонент: шеңбер-круг.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Себепті қызығушыл
ығын ояту кезеңі Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын шашайық
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты
Кең әлемге шашайық. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастыр
Ушылық ізденіс кезеңі -Балалар мына фигураларға назар аударамыз. Бұлар шеңбер және сопақша. Бұлар бірдейме?
Шеңбер дөңгелей алады, оған ештеңе кедергі келтірмейді. Сопақша-бұрыштары болғанымен, дөңгелемейді. Жұмыртқа сияқты бір бөлігі кең, екінші бөлігі тар келеді. Сопақшаның биіктігі шеңбердің диаметріне тең болуы керек.
Қалталы полотнодағы нәрселерді санау арқылы өрнек құрғызу.

3+2=5

5-2=3
3=3 3>2 2<3 5>1
10=10 8<10 9>4 3<5

Сергіту сәті.
1,2,3 қарлығаш болып ұш
4,5,6 Қарлығаш болып қалқы
7,8,9,10 өз орныңа қон.
Дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма: бос торкөзге тиісті фигураларды сал, берілген түстермен боя.
№2тапсырма: кестеге қарап үйдің терезелерін жапсыр.
№3 тапсырма: фигураларды санап, кестені толтыр.
№4 тапсырма: үзік сызықтарды қосып жаз.

Диктатикалық ойын. «Кім көп көтереді».
Ойынның шарты: тақтаға ерікті түрде түрлі геометриялық фигураларды орналастырады. Балалар оларға көз жүгіртіп, естеріне сақтап қалуы тиіс. Жүргізуші фигуралардың бетін жауып қояды. Балалар тақтадан болған геометриялық фигураларды мүдірмей айту қажет. Фигураларды көбірек есте сақтап. Көбірек атаған бала жеңімпаз болып ойынды жүргізеді.

Балалар шеңбер мен сопақшаны салыстырады, айырмашылығын атап көрсетеді.

Нәрселердің суретін санау арқылы өрнек құрастырады.

Сандарды салыстырады, қажетті таңбаларды қояды.

Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсеті.

Балалар әріппе дәптеріндегі тапсырманы өз бетімен орындайды.

Балалар ойынға белсене араласады. Тақтадағы геометриялық фигураларды көбірек атауға тырысады.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі Бүгінгі оқу іс-әрекетінде не үйрендік?
Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
Геометриялық фигуралардан не құрастыруға болады?
Шеңбер мен сопақшаның қандай айырмашылығы бар?
Оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңыздар.
Оқу іс-әрекеті аяқталды. Сау болыңыздар. Қойылған сұрақтарға нақты жауап береді.

Күтілген нәтиже:

Нені біледі: фигуралардың қабырғаларын, фигуралардың бұрышын ажыратуды біледі.
Қандай түсініктерді игерді: шеңбер мен сопақшаның аралығындағы айырмашылықты меңгереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз бетімен тапсырманы орындауға дағдыландыру. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Геометриялық фигуралардың құрылымдық әлемі туралы түсінік. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 297 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar