Меню
Назад » » »
Гоеметриялық денелердің проекциялары
загрузка...

загрузка...
Атырау қаласы, үш тілде оқытатын дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
№30 мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері
және сызу пәнінің мұғалімі Кубашева Жаудир Курмангазиевна

Гоеметриялық денелердің проекциялары
Сабақтың мақсаты: оқушылардың геометриялық денелер рпоекциясы туралы білімдерін сызбаларды орындау арқылы толықтыру, біліктіліктерін логикалық тапсырмалар арқылы арттыру, сұрақтарға жауап іздеуге, сызбаны ауызша оқып, өз ойын еркін айтуға мүмкіндік туғызу. Өзбетінше талаптануы мен іскерлік, шығармашылық дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Геометриялық денелер проекциясы туралы білімдерін толықтырады.
2. Сұрақтарға еркін жауап бере алады.
3. Paint программасымен сызбаның негізін сыза алады.
4. Геометриялық денелер проекцияларын орындай алады.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, сызуға қажетті құралдар.
Әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасының ой қозғау, көрнекіліктер стратегиялары, сұрақ-жауап, практикалық және оқулықпен жұмыс.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау және көрнекіліктер.
Тапсырма: 2-3-слайд
Суретте конус, призма және пирамида түрінде шаңғы таяқшаларының ұштары берілген. Фронталь проекциялары бірдей, ал горизонталь проекциялары қандай болады?
Әріптер мен сандарды сәйкес келтіріңдер. Жауаптары: 2,6,4 4-слайд
Сұрақтар: Геометриялық денелерге қандай денелер жатады?
5-9-слайд. Суреттегі үш проекция арқылы қандай геометриялық денелер екенін анықтаңдар.
II. Мағынаны тану.
Геометриялық денелердің әрқайсысының пішінінде өзіне тән белгілері бар. Сол белгілері бойынша біз цилиндрді конустан, ал конусты пирамидадан ажыратамыз. Өзімізді қоршаған айналадағы нәрселерге зер салып қарасаңдар олардың пішіні геометриялық денелер немесе олардың біріккен түрлері болады.
10-слайд. Геометриялық денелердің айналу және көпжақты түрі болады.
11-слайд. Геометриялық пішіндері бар нәрселер қарапайым және күрделі болады. Қарапайым нәрселер бір геометриялық денеден тұрады.
12- слайд. Мына суретте бұйымдар қандай геометриялық денелер пішінінен тұрады? Цилиндр, параллелепипед, қиық конус. Сондықтан бүгінгі сабақта геометриялық денелер тобының проекциясын қарастырамыз.
Оқулықпен жұмыс.
III. Ой толғаныс.
1.Әр компьютерде мынадай тапсырма берілген: Егер геометриялық денелер тобынан конусты шығарып тастаса, сызбада қандай өзгерістер болады? Оқушылар сызбадағы өзгерісті сызады.
2.Оқушыларға карточкалар үлестіріледі.
Тапсырма: үш проекциядағы жетіспейтін сызықтармен толықтыру.
IV. Бағалау.
VI. Үй жұмысы беріледі. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Гоеметриялық денелердің проекциялары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 278 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar