Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Гонзик латын тілін қалай үйренді? -

Гонзик латын тілін қалай үйренді?

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2749 | Размер: | Автор: гость
. Класы:4
Пәні:Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Гонзик латын тілін қалай үйренді?»
Мақсаты: Әңгімені оқыта отырып, негізгі идеясын, мазмұнын ашу. Білім-білік , іскерлік дағдыларын қалыптастыру
Міндеті: Оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой - өрісін дамыту
Жеке, топтық жұмыста, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру
Өз тілін , елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сбақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
-саламатсыңдар ма, балалар!
-саламатсыз ба, апай!
-көңіл-күйлерің қалай?
-жақсы....
-олай болса бүгінгі сабағымызды әнұранмен бастайық
-хормен әнұран орындалады.
ІІ Үй жұмысы:
-үйге қандай тапсырма берілді?
-«Күн құшағында» мазмұндау
-сабаққа дайынбызба?
-я.....
ІІІ Жаңа сабақ:
-бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Гонзик латын тілін қалай үйренді?»
-мәтінді мәнерлеп, дауыстап бір оқушы оқып шығады
ІҮ Мәтінмен жұмыс
-мәтін түсінікті ме?
-я.....
-не жайында айтылған?
-Гонзик латын тілін қалай үйренгені жайында
-өз тіліңді ұмытуға бола ма?
-өзге тіл білуге деген Гонзиктің құлшынысы жақсы, дегенменде өз ана тілін ұмытпауы тиіс.
Ү Дәптермен жұмыс
-дәптерімізді ашып, күннің жадын жазып, тақырыпты жазайық.
-«Туған тілім» тақырыбында шағын шығарма жазайық
Менің туған тілім – қазақ тілі. Мен өз тілімді қадірлеймін, қастерлеймін. Әр бір адам өз ана тілін білуге тиіс.
ҮІ Шығармашылық жұмыс:
- «Ана тілім » тақырыбында 4 жол өлең құрастырайық
Туған тілім, ана тілім, өз тілім,
Тілімменен мақтанамын мен бүгін
Өз тілімде , өз елімде сайрауым
Деп білемін азаматтық парызым.
ҮІІ Үйге тапсырма беру:
-үйден «Гонзик латын тілін қалай үйренді?» мәтінін мәнерлеп оқып, мазмұндап келеміз.
ҮІІІ Бағалау:
-сабақта берілген тапсырмалардан жауап беріп алған смаиликтері арқылы бағаланады.
№1 қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Берік Айзат Берікқызы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.