Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
HTML тілінде электронды оқулықты жасау кезеңдері -

HTML тілінде электронды оқулықты жасау кезеңдері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1678 | Размер: | Автор: гость
. Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Болашақ» колледжі
Информатика пәнінің оқытушысы Серикбаева Сандугаш Курманбековна

Сабақ жоспары
Пәннің аты: Ақпараттық жүйелер
Оқу тобы: АЖ-21-13
Күні: 20.12. 2014ж.

Сабақтың тақырыбы: HTML тілінде электронды оқулықты жасау кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге электронды оқулықты жасау технологиясын және HTML тілінің тегтерін пайдалануды түсіндіру.
Дамытушылық: HTML тілінің тегтерін қолдана отырып, студенттердің тәжірибелік дағдысын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: HTML тілінде электронды оқулықты жасау кезеңдерін түсіндіре отырып,студенттерді жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер Интерактивті технология, тест технологиясы, ойын технологиясы, жеке тапсырма жұмыстары.
Сабақты жабдықтау: Компьютер, интерактивті тақта, флипчарттар, слайдтар.
Таратылатын материалдар: HTML тілінің тегтерін қолдануға арналған деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі

Сабақты жүргізу кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы.
- Сәлемдесу.
- Түгендеу.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау
Үй тапсырмасы: HTML тілінде тесттерді өңдеу
Студенттер HTML тілінде информатика пәнінің әр тақырыбына тест сұрақтарын құрастырғанын компьютерде көрсетеді.
Үй тапсырмасын бекіту:
Компьютерде тест тапсырмасын тапсыру.
«Ретін тап» ойыны арқылы студенттерге HTML тілінің тегтері беріледі және мағынасын түсіндіреді.
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау
Жоспары:
1. Электрондық оқулық туралы түсінік
2. Электронды оқулықты жасау әдiстерi және заңдылықтары
3. Электронды оқулықты құру технологиясы
4. Электронды оқулықта қолданылатын HTML тілінің тегтері

1. Электрондық оқулық туралы түсінік
Электрондық оқулық дегеніміз- мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық пайдаланушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және пайдаланушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, пайдаланушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі-аудиохабарлар.
2. Электронды оқулықты жасау әдiстерi және заңдылықтары
Қазіргі таңда автоматтандырылған оқыту жүйелерін, соның ішінде электронды оқулық жасаудың көптеген түрлері қарастырылған. Оларды құру әдістері де алуан түрлі. Оқу материалдарын ұсыну түрлері бойынша оларды негізінен 3 түрге бөледі (1-сурет).


Электронды оқулық жасау әдiстерi

3. Электронды оқулықты құру технологиясы
Электронды оқулықты құру технологиясы көп еңбектi талап етедi:
1. Өңдеу мақсаты мен тапсырмаларын анықтау.
2. Электронды оқулықтың құрылымын өңдеу.
3. Оқулықтың тақырыптары мен бөлiмдерi бойынша мазмұнын өңдеу
4. Электронды оқулықтың әр бөлiгiнiң сценарийiн құру.
5. Программалау.
6. Апробация.
7. Апробация нәтижесi бойынша электронды оқулықтың мазмұнына түзету енгiзу.
8. Пайдаланушыға арналған әдiстемелiк құрал өңдеу
4. Электронды оқулықта қолданылатын HTML тілінің тегтері
HTML құжатқа дыбыс және анимация құбылыстарын шығару үшiн оларды ойнататын бағдарламалық модульдiң компьютерге алдын-ала орнатылып қойылуы тиiс. Мұндай модульдерге MS MediaPlayer, AppleQuickTime, RealPlayer G2 т.с.с. бағдарламалық өнімдер жатады.
HTML құжат келесi типтегi мультимедиалық ақпаратты бейнелей алады:
.avi – Audio/Video Interface (дыбыс/бейне интерфейсi).
.mp3 – бұл формат негiзiнен дыбыстық және бейне файл¬дарды сығымдау үшiн қолданылады.
.mpeg – стандартталған бейнеформат. Сонымен қатар ол өте тиiмдi және оның сығымдалу техникасы жоғары деңгейде, т.с.с.
Дыбыс және бейне файлдардың WEB-бетте орналасуы екi түрлi тісiлмен жүзеге асырылады: <A> тегі немесе <EMBED> тегін қолдану.
Бейнефильмдi бiрiншi тәсiлдi пайдаланып ойнату үлгiсi:
<A href=Суреттер/speedis.avi> Бейнефильм </A>
EMBED тегі болғанға дейiн бiзге кездескен жоқ. Сондықтан бұл тегке тоқталайық. Тегтердің бiрнеше атрибуттары бар:
height=”pixel/percent”. Бейнеклиптiң орындалатын аумағы¬ның биiктiгi;
width=”pixel/percent”. Бейнеклиптiң орындалатын аумағы¬ның енi;
autoplay=”true/false”. Егер атрибут мәнi true болса, бейнеклип WEB-бет iске қосылған мезетте бiрден орындала бастайды, ал мән false болса, бейнеклиптi орындауға жiберу үшiн модуль - бағдарламаны басқару панелiндегi iске қосу түймесiне шерту керек;
controller=”true/false”. Пайдаланушыға броузерге басқару элемент¬терiн кiрiстiруге мүмкiндiк бередi;
loop=”true/false”. Егер пайдаланушыға бейнеклиптiң циклдiк түрде айналып орындала беруi қажет болса, атрибутке true мәнiн меншiктеу керек. Басқа жағдайда клип бiр рет ғана орындалады.
Бейнефильмдi ойнатуда EMBED тегін айдалану:
<EMBED SRC= cool.avi width=”100” height=”80” controller=false autoplay=true playeveryframe=false" loop=true>

Web-дизайында көбiне қысқаша анимациялық файлдар қолда¬нылады. Мұндай анимациялық файлдарды жасаудың Flash, GIF-анимация т.с.с. көптеген инструменталды программалары бар

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
Бейнефильмдi ойнатуға және Flash анимацияларын қолданылатын HTML тегтеріне тапсырмалар орындау.

V.Үй тапсырмасы
Информатика пәні бойынша электронды оқулық өңдеуге материалдар жинақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.