Меню
Назад » » »
Ілмек бізбен тоқу,тоқу тәсілдері
загрузка...

загрузка...
АШЫҚ САБАҚ

Түркістан қаласы
Оранғай ауылы
М.Әуезов мектебі
Пән мұғалімі : Хамзаева Марифат
Күні : 21.02.2015ж
Тақырыбы : Ілмек бізбен тоқу,тоқу тәсілдері
Сыныбы: 7 «В»
Пәні: Технология
Жалпы мақсаты: тоқу түрлері мен жұмыс істеуді меңгеру,олардың айырмашылығын табу
Табыс критерийлері: -ұлттық қол-өнерге баулу өмірде орнын таба алады
- Ілмек бізбен жұмыс істей алады
-тоқу түрлерін көріп, оқып, бағытты табуға үйренеді
Күтілетін нәтиже: Оқушылар білуі тиіс:
Ілмек бізбен тоқуды . біледі
- Кең, байтақ еліміздегі қол-өнер түрлерін білу
- Ұлттық қол-өнер мәртебесін көрсету
Оқушылар үйренуі тиіс:
- кеңейту үшін қатарға жаңа шалулар мен үлпілдек шалулар қосылады
- тоқудың нақты түрлерін анықтайды.
Сабақта қолданылатын материалдар: Ілмек біз тоқыма жіптер, кестелер, эскиз, компьютер,флипчарт.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,Сиқырлы қоржын,Он сұрақ,
Оқытудың түрлері: Жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар арқылы

Тапсырмалар: , постер қорғау.
Сабақ бойынша мұғаліммен оқушының іс-әрекеті
Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже Көрнекіліктер
Ұйымдастыру кезеңі (5 минут) Мимика арқылы сәлемдесу және бір-біріне жақсы көңіл-күй тілеу Орнымыздан тұрып шеңбер құрып, бір-бірімізге болған ыстық лебіздерімізді мимика арқалы білдіру. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.
Ынтымағы жарасқан топтық сенім атмосферасы қалыптасады.

АКТ

Сүреттер

Оқулық

Географиялық
Карта

Флипчарт

Маркер

Интербелсенді
Тақта

Қима
Қағаздар

А4 парақшасы

Флипчарт

Маркер

Желім

Қорапша

Смайликтер
Стикерлер

Топқа бөлу (3 минут) Гүлдер арқылы топқа бөлу Таңдау, бөлісу, ажырату Шағын топтарға бөлінеді
Үй тапсырмасын сұрау
(5 мин) Топ лақтыру, ұяшықты ашу Допты қағып алу, ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру. Өткен тақырыптарын естеріне түсіреді.
Жаңа сабақ
(15 минут) Ойын арқылы бастау. Тізбек (цепочка) бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар (немесе тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі) болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді. Орындау, тәртіпке бағыну, топпен жұмыс істеу, жаңа тақырып бойынша есітіп-білгендерімізді қасымыздағы досымызға айту, оқу, постер қорғау, тыңдау, көз жеткізу, жазу. Жеке, жұппен, топпен, сыныппен бірлесіп жаңа тақырыпты меңгеруді үйренеді.
Бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін тыңдай білу дағдылары қалыптасады
Ұлттық қол-өнер туралы (3 минут) «Қол-өнер мақтанышым» тақырыбында өлең, эссе жазуға бағыт-бағдар беру. “СИҚЫРЛЫ ҚОРЖЫН” ойынын ойнату Сабақтан алған білімдерін қысқаша мазмұндау. Қоржынның ішінен әріп алып, сол әріппен басталатын географиялық термин айту Сұрақтарға жауап беріп,ойларын топтармен бөліседі.
Қорытындылау (5 минут) Конверт таратып беремін (Сұрақ+жауап+тексеру )

“ОН СҰРАҚ” ойынын өткізу Сұрақтарға жауап беру, есте сақтау, талдау, алған білімдерін қорытындылау. Маңдайына жазылған сөзді көрмей достарына 10 сұрақ қою арқылы жауап беру Жаңа тақырыптан алған білімдерін айқындайды, нақты дәлелдермен жауап беруге дағдыланады
Үйге тапсырма беру (3 минут) Оқулықпен жұмыс істеуге бағыттау. Тақырыпты оқып, әңгіме құрап келу. Білімдерін шыңдайды.
Жаңа түсінік қалыптасады
Бағалау (3 минут) Формативті бағалау .Бағалау парақшасы Бағалауға қатысу Өзінің және топтағы басқа оқушылардың стикерлерлерін санау арқылы өзін және өзгені бағалауды үйренеді.
Рефлексия (3 минут) Сабақтан алған әсерлерін слайдда көрсетілген басбармақ арқылы айту Орындау. Жоғарыға-түсіндім, көлделең-түсінгендеймін, төмен қарай-түсінбедім Өзіндік ой түйе білуге дағдыланады Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ілмек бізбен тоқу,тоқу тәсілдері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 455 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar