Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіру. -

Ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіру.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1405 | Размер: | Автор: гость
. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы №36

Уақыты:08.01.16
Тобы: «Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы:1. Ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіру.
2.Ирелеңдеген (қайталамалы) жолмен жүру.
Мақсаты: а)Балаларға ирелеңдеген жолмен жүруді үйрету .Жаттығу ережелерін және жаттығуларды толық орындауға дағдыландыру.
ә)Ептілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
б)Есте сақтау қабілеттерін дамыту
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Тыныс алу жаттығуларын қайталау.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауаптар, әңгімелесу.
Қажетті көрнекі құралдар: әр түсті шарлар, түсті шашақтар.
Сөздік жұмыс: лақтыру, жүріс түрлері, секіру.
Билингвалдық компоненті:шарлар-шары, шашақ-кисточка.
Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

1.Бір қатар сапқа тұру. 2.Сәлемдесу.
(Нұсқауларды орындау).
-бір тізбекпен жүру;
-баяу жүгіру;
Балаларға екі түсті шашақтардан беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу. Бір тізбекпен кіріп,бір қатар сапқа тұрады.
Сәлемдеседі.
Бір қатармен жасайды.

Түсті шашақтарды қолдарына ұстап тұрады.
Іздену ұйымдастырушы Жан-жақты дамыту жаттығулары:
(Түсті шашақтар).
1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.:тік тұру, аяқ бірге, қол төменде.
1.Екі қолдағы түсті шашақтарды алға созу.
2.Жоғары көтеру.
3.Екі жанға созу.
4.Б.қ. келу.
Б.қ.: тік тұру, аяқ арасы алшақ, қол төменде.
1.Екі қолдағы түсті шашақтарды алға созу.
2.Екі қолдың шынтақтарын бүгу.
3.Қайта созу.
4.Б.қ. келу.
2.Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде.
1.Қолды қайшылау.
2.Б.қ. келу.
Б.қ.: аяқ иық көлеміндей алшақ, қол төменде.
1.Екі қолды алға созу.
2. Оң қолды жоғары көтеру.
3.Сол қолды жоғары көтеру.
4. Б.қ. келу.
3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, қол төменде.
1.Тізені сәл бүгіп отыру.
2.Қолдағы түсті шашақтарды артқа жасыру.
3.Тұру, қос қолдағы түсті шашақтарды жоғары көтеру.
4.Б.қ. келу.
Тыныс алу:
«Ағаш болып тербелу»
Аяқ арасы сәл алшақ, қол төменде.
Қолдағы түсті шашақтарды жоғары көтеру.
Қос қол бірге, тербелу.
Негізгі қимыл жаттығулары:
1.Ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіру.(Әр түстегі шарлар).
2.Ирелеңдеген (қайталамалы) жолмен жүру.
«Сызықты басып кетпе!» ойыны:
1.Ойын шартын түсіндіру.
2.Балалармен бірге ойнау. Шеңбер құрып тұрады.

Қолдарын алға, жоғары көтереді.Екі жанға созып, түсіреді.
3-4 рет.

Қолдарын алға созады.
Екі қолды иыққа тигізеді, алға созады.
3-4 рет

Қолдарды айқастырады.
3-4 рет.

Екі қолды кезек-кезек жоғары көтереді.
3-4 рет.

Отырып түсті шашақтарды артқа жасырады.
Тұрады, жоғары көтереді.
3-4 рет

2-3 рет
Түсті шашақтарды орындарына жинастырады.
Қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Арақашықтықты сақтайды.
Ойын қезінде бір-біріне кедергі жасамайды.
Рефлексивті коррекциалаушы 1.Қауіпсіздік ережесін сақтау.
2.Арақашықтықты сақтау.
3.Балаларды мақтап отыру. Қолданылған заттарды жинастыруға көмектеседі.
Күтілетін нәтиже: Нені біледі: ілулі тұрған заттарға қолын тигізіп секіруді.
Қандай түсініктерді игереді: еденде созылып жатқан арқан үстімен тепе-теңдікті қалай сақтап жүру керектігін.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері : арқан,түсті шашақ, шар және ойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: № 37

Уақыты:11.01.16 Тобы: «Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: Денсаулық.
Білім бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: 1.Ирелеңдеген жолмен жүру.
2.Түзу бағытта (биіктігі 10-5см) заттарды аттап өту.
Мақсаты:
а)Балаларды түзу бағытта қойылған заттардан аттап өтуге үйрету.Іс әрекет қабілеттілігін арттыру.
ә) Қимылды ойындарға қызығушылықпен қатысуға тәрбиелеу.
б) Ойнау,ойлау қабілеттерін дамыту.Тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс:жалпы дамыту жаттығулар.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауаптар,
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: себеттер,текшелер.
Сөздік жұмыс: лақтыру,жүріс түрлері,заттардан аттау.
Билингвалдық компоненті: секіру- прыгать, доп- мяч, ойнау- играть
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы 1.Бір тізбекке тұру.
2.Сәлемдесу.
(Нұсқауларды орындау).
Қоян,қоян,тұршы,
Беті қолды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Әйбат көйлек киші,
Енді сергіп жүрші.
«Қояндар көпірден өтуде.»
(Балалар жаттықтырушының артынан бір сызық бойымен жүреді).
«Қояндар жан- жағына қарайды.»
(Оң қолы– оң бүйірде,сол қолы –мандайда,оңға,солға бұрылады).
«Қояндар үйге оралады».
(Бір орында секіріп,баяу жүгіреді).
Әр түсті екі текшеден беріп,
бірінің соңынан бірін жүргізіп,шеңберге тұрғызу. Бір тізбекпен кіріп,бір қатар сапқа тұрады.
Сәлемдеседі.

Қимылмен келтіріп жасайды.

Бірінің соңынан бірі бір қатармен жүріп орындайды.

Текшелерді қолдарына алады.
Іздену-ұйымдас тырушы Жан- жақты дамыту жаттығулары:
«Текшелерді шапалақта!»
Б.қ.:тік тұру,екі аяқ арасы сәл алшақ.Текшелерді ұстау,қол төменде.
1.Екі қолды екі жаққа созу.
2.Жоғары көтеріп,текшелерді бір-біріне тигізу.
3.Екі жаққа созу.
4.Б.қ.келу.
«Текшелермен тербелу».

Б.қ.:тік тұру,аяқ арасы алшақ,қол төменде.
1.Екі қолды жоғары көтеру.
2.Қос қол бірге екі жаққа сәл иіліп тербелу.
3.Б.қ.келу.
«Текшелермен қайшылау».
Б.қ.:Аяқ иық көлеміндей алшақ,қол төменде.
1.Қолды алға созу.
2.Қолды қайшылау.
3.Б.қ.келу.
«Текшелерді көтеру».
Б.қ.: Аяқ иық көлеміндей алшақ,қол төменде.
1.Қолдағы текшелерді алға созу.
2.Оң қолды жоғары көтеру.
3.Сол қолды жоғары көтеру.
4.Б.қ.келу.
«Отыру»
Б.қ.: отыру,аяқ арасы алшақ,қол төменде.
1.Қолдағы текшелерді екі аяқтың ұшына тигізу.
2.Қос қолмен текшелерді жоғары көтеру.
3.Б.қ.келу
Тыныс алу:
«Текшелерге үрлеу».
Аяқ арасы алшақ,текшелер екі алақанда.Оң (сол) алақандарға кезек- кезек үрлеу(ауа жұтып,дем шығару).
Негізгі қимыл жаттығулары:
1.Ирелеңдеген жолмен жүру.
2. Түзу бағытта (биіктігі 10-15см) заттарды аттап өту (текшелерден).
(Шеңберге қос аяқпен секіріп кіру,қол белде).
«Тышқандар мен мысық» ойыны:
1.Ойын шартын түсіндіру.
2.Балалармен бірге ойнау. Шеңберге тұрады..

Қолды жоғары көтеріп,екі жанға созып,бір-біріне соғады.
3-4 рет

Екі қолды жоғары көтеріп,бірге оң(сол)жаққа тербеледі.
3-4 рет

Қолдарды алға созып айқастырады.
3-4 рет

Қолдарды алға созып,оң(сол) қолдарды кезек-кезек көтереді.
3-4 рет

Отырып қолдарды жоғары көтереді,екі аяқтың басына текшелерді тигізеді.
3-4 рет

2-3 рет
Текшелерді орындарына жинастырады.Арақашықтықты сақтайды.Бір сызық бойымен қойылған кедергілерден аттап өтеді.Ойын кезінде іс-қимылдарын келтіріп ойнайды.
Рефлексивті коррекциа лаушы 1.Балалардың жасаған іс-қимыл жаттығуларына ризашылық білдіру.
2.Қауіпсіздік ережесін сақтау.
3. Балалардың көңіл күйлерін бақылау.
Заттарды жылдам жинауға дағдыланады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:ирелеңдеген жолмен жүруді.
Қандай түсініктерді игереді:тура бағытта заттарды қалай аттап өту керектігін.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:текше,үлкен текшелер және ойынға қажетті заттармен орындалатын жаттығуларды орындай білу іскерліктерін.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.