Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ИНФОРМАТИКА  ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МОДУЛІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ -

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МОДУЛІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5537 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Аңдаухат
Информатика пәні мұғалімі Иса Балзия Темірханқызының баяндамасында информатика пәнін оқыту мен оқу үдерісінде оқушының қызығушылығын оята отырып, логикалық тапсырмалармен жұмыс жасауға, туындаған мәселелерді шешуге бейімдеуде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер туралы жан-жақты мәлімет берілген. Баяндама оқушының жеке мүмкіндіктерін ашуға, бойындағы дарындылық қабілеттерін айқындауға мүмкіндік беретін құнды еңбек.

Аннотация
В докладе учителя информатики Иса Балзии Темирханкызы приведены разносторонние сведения о новых методах и стратегиях, применяемых на уроках информатики, которые позволяют пробудить интерес учеников к предмету, работать с логическими заданиями, направляют на решение возникающих в процессе урока проблем. Доклад ценен тем, что дает возможность определять личностные качества учащихся, способствует выявлению одаренных детей из общей среды.


Annotation
The report teacher Issa Balziya given information about the new methods and strategy used in the apply the lessons of informatics, who that allow students to awaken interest in the subject to work with logical tasks, decision tasks given arising in the lesson problems of the sample report is valuable because it allows us to determine the personal qualities of pupils.

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР МОДУЛІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ
Иса Балзия Темірханқызы
С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Арыс қаласы
ХХ ғасырда әлем елдерінде болып жатқан экономикалық өзгерістер қарқынды әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажетілігіне әкелді. Білім беру саласындағы өзгеріс негізі оқушылар үшін білім мен дағдылардың теңдей дәрежеде екендігі, бағдарлама ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, білімдерін өмірде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Қазіргі уақытта түрлі ақпараттың көптігі ұстаздың ізденуіне , өз білімін жетілдіруге асығуымыз керек деп отырғандай. Егерде мұғалім өз ісіне немқұрайлылықпен қарайтын болса, өз пәні бойынша біліміне, өзіне педагогикалық дағды қалыптастырмаса, әдістемесіне өзгерістер енгізбесе, «дәстүрлі , бірсарынды » сабақтардан бала жалығып, мектепке келу және білім алу үдерісі жүрмей қалатынын түсіне отырып, әрбір мұғалімдік мамандықты таңдаған адамға , күнін текке өткізбей, өз оқушыларына сабақ өтуде инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануына қолдау көрсетуіміз қажет.Мұғалім өзінің тәжірибесінің аздығынан ізденістерін дұрыс қолдана алмай жатса, оған мектеп әкімшілігі және әріптестері дер кезінде қолдау көрсетіп үйретуі қажет. Ол үшін мұғалімдер жұмысына жеткілікті уақыт бөле отырып, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс.«Өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеріп отырғандығын осы бағдарлама бойынша курста мектеп басшылығы өкілі ретінде өз проблемаңды өзің іздеп, шығармашыл топ құру, топпен бірлесе зерттеу және дәлелдеу болып табылатынын түсініп отырмыз.
Жаңа білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін анықтау және мектепішілік кәсіби қоғамдастықта мектептің даму жоспарын жүзеге асыруда ,қоғамдастықтың «Жалын», «Ұшқын», «Сенім» шығармашылық топтары құрылып, міндеттері айқындалды.Сәйкесінше, тәлімгерлер мен тәлім алушылар анықталды.Деңгейлік курстан өткен мұғалімдерді қолдау, ортақ іске тарту, өзгеріс енгізу топтарын құру арқылы бағдарламадағы 7 модульдерді сабақтарға ықпалдастыру үшін коучинг-сессиялар өткізу,тәлімгерлік үдеріс аясында бірлескен топпен іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын жүргізу, оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу, аудан мектептерімен тәжірибе алмасу мақсатында мектепаралық байланыстарды қоғамдастық арқылы нығайту , озат тәжірибелі мұғалімдерді кәсіби қоғамдастыққа тарту мақсатында құрылған даму жоспарымен жұмыс жасалды. Даму жоспарын құруда «Адамбеков ұстаздары» мектепішілік кәсіби қоғамдастығы деңгейлік курстан өткен мұғалімдер мен қатардағы пән мұғалімдерін толық қамтуға, жұмыс жасауларына атсалысты.
Мұғалімнің жұмысының нәтижесі құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімде оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылатынын ескере отырып, сабақтарды жоспарлағанда, сабақты бақылағанда байқалды.Егер мектептегі әрбір мұғалімнің «басы»-кәсіби пәндік білім, «қолы»- педагогикалық білім әдіс-тәсілдермен қарулануы, «жүрегі»-рухани адамгершілігі біріккенде , оқушы «мұғалімнің айнасы іспеттес» білім мен тәрбиеде жауапкершілікті, сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Мұғалім мен оқушы арасындағы оқу мен оқыту үдерісінде құзіреттілік қалыптасуы ықтимал екені сөзсіз.
Информатика пәні сабақтарында топтық-жұптық-жеке жұмысты ұйымдастыру,оқушыларды сыни ойлауына бағыттау, бағалау, алған білімдерін өмірмен байланыстырып қолдана алу бойынша берген деңгейлік тапсырмалары арқылы оқушыларды ойлауға, ізденуге, бірлесе жұмыс істеу, талқылау арқылы тақырыптың мәнін ашуға толық мүмкіндік берді. Бұл мұғалімнің басты жетістігі мен шеберлігі екендігін атап айқым келеді. Деңгейлік курстарды аяқтап сертификатталған ұстаз ретінде өз тәжірибеме 7 модульдің сырларын сабақтарына кіріктіре отырып, оқушылардың білім алу үдерісін жаңа арнаға бұрған қолданыстағы әдістермен ұштастыру арқылы жандандыру қажеттігін түсінген болатынмын. Информатика сабақтарында топтық жұмыста оқушылардың постерлері оқушылармен бірге сабаққа қатысқан мұғалімдерге де ой салды. Дұрыс ой тастай білсең, оқушылардың ізденісте шыңдалатындығы сияқты, мұғалімдердің өзара бірлесе ізденіп, ортада ынтымақтаса талқылау арқылы ортақ шешімге келуге дағдылана бастады.Сабақтарды жоспарлау барысында әдіс-тәсілдердің тиімділігіне кері байланыс, өзін-өзі бағалау арқылы көз жеткізуге болады.Әдіс-тәсілдерді қолдану барысында енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарынын «Сенім» тобының мүшесі, тәлімгер ретінде «Алау-2» оқыту тобының мүшелерімен өткізуден басталып, зерттеуге кірісіп кеттік.Бақылауға алынған сыныптың оқушыларына талдау жасай отырып, сабақ үлгерімі жоғары, орта, төмен оқушыларды алып,сабақ жоспарланып, сабақты өтуші мұғалім мен оқушыларды бақылаушы мұғалімдер белгіленіп, жұмыстар жүргізілді. 7 «В» сыныбындағы информатика пәні бойынша іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарын /кесте2-3/ жүргізе отырып, мен мектептегі жинақталған жұмыс нәтижелеріне сүйене отырып мынадай тұжырымдама жасадым:
1.Өзгеріс енгізу бағытында сындарлы оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін, соның ішінде топтық-жұптық оқытуда жүйелі жүргізу арқылы оқушылардың оқу белсенділігінің артуына әкелетіні анықталды.
2. Іс-әрекеттегі зерттеу сабақтары арқылы мұғалім өз тәжірибесін өзгертуге , дамуын бақылауға , кері байланыс жүргізуде маңыздылығы анықталды.
3.Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы арқылы, іс-әрекеттегі зерттеу бойынша мұғалімдердің ынтымақтаса, сенімділік арқылы , нақты іс- әрекеттерді орындауда белсенділікпен бірлескен жұмыс дағдыларының қалыптасатыны анықталды.
4.Зерттеу барысында шығармашыл топ мүшелері өзара ынтымақтастығын дамытып қана қоймай, туындаған кедергілерді шешу жолында жан-жақты ақпарат алмасу мен жаңа тың ойлардың туындатудың , осы мәселе бойынша өзге тәжірибелермен бөлісу анықталды.Осы орайда мен мектептегі сабақ сапасының артуы арқасынды мектеп оқушыларының білім көрсеткіштеріндегі оң өзгерістердің нәтижесі іспеттес.

Тоқсан Оқушы саны «5» «4» «3» «2» Білім сапасы Орта балл
І 10 1 3 6 40 3,5
ІІ 10 2 4 4 60 3,8
ІІI 11 2 5 4 64 3,8
IV 11 2 6 3 72 4,0

Кесте1. 2014-2015 оқу жылында 7 «В» сынып оқушыларының І тобының білім көрсеткіші

ОҚО, Арыс ауданы, С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Иса Балзияның 2014-2015 оқу жылындағы 7 сыныпқа арналған информатика пәнінен ОРТА мерзімді күнтізбелік жоспары
№ Сабақтың тақырыбы Оқып үйренудің негізгі мақсаттары Оқытуда қолданыла-тын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі Оқып үйренудің нәтижесі Барлық оқушыларды қамту жұмысы Бағалау Негізгі дереккөздер немесе ресурстар Мерзімі
18 §20 Графикалық ақпаратты компьютерде өңдеу.Графикалық файлдар пішімі. Компьютерлік графика түрлері мен графикалық файлдардың пішімдерін түсіндіру Стопкадр, Айналмалы бекет, Кері байланыс Көшбасшылық, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, ОүБ және оқуды бағалау,АКТ қолдану Компьютерлік графика түрлері мен графикалық файлдардың пішімдері түсінік қалыптасады Жұптық, топтық жұмыстарда оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, дамытуға тапсырмалар беру
Өзін-өзі бағалау. Формативті және суммативті бағалау ДК ,Қосымша тарапа материалдар,стикер,А4,маркер 19-24.01
19 §21 Компьтерлік графиканың техникалық құралдары компьтерлік графиканың техникалық құралдарымен ,бейнені компьютерге енгізу құрылғыларымен таныстыру Стопкадр, Айналмалы бекет, Кері байланыс Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау,АКТ қолдану ДК графиканың техникалық құралдары қызметі, айырмашылығы туралы біліп үйренеді
26-31.01
20 §22 Бейнені кодтау Пиксель түстерін кодтауды үйрету, бейнежадтың көлемін түсіндіру Стопкадр, Айналмалы бекет, Кері байланыс Оқытудағы жаңа тәсілдер, ОүБ және оқуды бағалау,АКТ қолдану Бейнені кодттау амалдарын үйренеді
ДК ,Қосымша тарапа материалдар,стикер,А4,маркер 2-7.02
21 §23 Расторлық (нүктелік) және векторлық графика Расторлық (нүктелік) және векторлық графика түрлерімен таныстыру Стопкадр, Айналмалы бекет, Кері байланыс Сын тұрғысынан ойлау , ОүБ және оқуды бағалау,АКТ қолдану Бейненің берілуінің екі прициптері ұғымы туралы түсінік қалыптасады, ДК ,Қосымша тарапа материалдар,стикер,А4,маркер 9-14.02

Кесте 2. Тізбектелген сабақтар топтамасы

7 «В» сыныбындағы «Компьютерлік графиканың техникалық құралдары» сабағынан көрініс



Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Информатика пәні мұғалімі Иса Балзия

№19 сабақ. 7. «в» сынып үшін

Өтілетін күні: 28.01.15ж
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графиканың техникалық құралдары
Сабақтың мақсаты: Компьютерлік графиканың техникалық құралдарының жұмыс принциптері мен құрылғылар қызметі туралы түсінік қалыптастыру
Күтілетін нәтиже Компьютерлік графиканың техникалық құралдарының жұмыс принциптері мен құрылғылар қызметі туралы түсінік қалыптасады
Әдіс тәсілдер: Жұптық, топтық жұмыс: Деталдарды құрау, Айналмалы бекет,Өкіл,Стоп кадр, Минитест Кері байланыс
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Қолданатын құрал-жабдықтар
Ұйымдастыру кезеңі
1 минут -Оқушылармен салемдесу
-Жұпқа бөлу/ қима қағаздар 2 топқа бөлу / -Оқушылар жұпқа бөлінеді / қима қағаздар топка бөлу /
1топ: Енгізу құрылғылары
2топ: Шығару құрылғылары Кеспе қағаздар
Кіріспе
1 минут

Жағымды ахуал қалыптастыру
«Бас бармақ» арқылы саусақтарынан көңіл күйлерін білдіру «Басбармақ» арқылы өз көңіл күйлерін білдіреді
Үй тапсырмасын сұрау
5 минут Сәйкестендіру тесті:»Деталдарды құрау»
1.Компьютерлік графика 2.Плоттер 3 .Принтер түрлері 4.Ғылыми графика 5.Іскерлік графика 6.Конструкторлық графика 7.Иллюстративтік графика 8. Үшөлшемді графика 9.Компьютерлік анимация Тест корытындысына сай смайликтерді мұғалім топқа береді 1.Топта сұрақтарды сәйкестендіреді.Топтар бір-бірінің тестілерінің жауабын тексеріп бағалайды.

Тақта мен бор, кеспе қағаз
Ұй тапсырмасын қорытындылау
3 минут Бейнежазба:Информатика ғылымының бір саласының өзінде осы бейнежазбадағы көріністерден компьютерлік графика түрлерін табу арқылы қаншалықты өмірде пайдасы бар екендігіне көз жеткізеді. Оқушылар бейнежазбаны тамашалайды компьютерлік графиканың өмірде маңызын түсінеді, ой түйеді
Негізгі бөлім
20 минут

5 минут

Топпен жұмыс
1.Монитор және оның жұмыс істеу принциптері
2.Сұйықкристалды мониторлар мен компьютерге енгізу құрылғылары 1.Оқушылар берілген сұраққа жауап беруге тырысады, құрылғылар қызметіне тоқталу 2.Оқулықтағы мәтінмен танысып, оқиды/5 минут 3.Постермен жұмыс жасайды.5 минут 4.»Өкіл» әдісімен екі топ өкілдері бір-біріне барып ақпаратты түсіндіреді
Оқулық, ДК, маркер, постер
«Өмір сүру –ол алған біліміңді өмірде қолдану» практикалық жұмыс :5 минут Сканерді қолдану 1.Қажетті бейнені сканерге қою 2.Сканерді іске қосу 3.Сканировать/ Көшірмелеу бұйрығын таңдау 4.Алдын ала көру терезесінде көшірмелеу жүргізілуін бақылау 5.Бейненің көшірмесі түскен қапшықтан суретті көру Фотокамераны қолдану 1.Фотокамераны іске қосу 2.Суретті түсіріп, фотоаппаратты компьютерге жалғау 3.Қажетті бейнені көшіріп алу, сақтау ***«9 мамыр Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған суретті сканерленеді. ***Экрандағы суреттен келе жатқан мереке маңызы, отан туралы мақалдар, өлеңдер айтады.
***Фотоаппаратпен түсірілген суретке қарап, ой-пікірлерін ортаға салады.
«Өмір сүру –ол алған біліміңді өмірде қолдану» практикалық жұмыс
1.Оқушылар тапсырманы компьютерде орындайды
2.Компьютердің құрылғылары: Сканер және фотокамераны өмірде қолдану бойыншаөз ойларын ортаға салып, талқылайды, дәлелдемелер келтіреді
Сабақты қорытындылау
3 минут Жеке жұмыс:
Минитест.5 сұрақ 3 жауаптан дұрыс жауабын таңдау тесті
Өзін-өздері тексереді Сұрақтар жауаптарын белгілейді
Өз жауаптарын тексереді, бағалайды Сабақты қорытындылау

Бағалау
5 минут Формативті /смайликтер/ және суммативті бағалау Кері байланыс: «Поезд вагондарына пікірлерін стикерге жазып жапсырту 1.Бағалау шкаласына сай бағаланады
Ұпай саны
9-10 ұпай- «5»
6-8 ұпай – «4»
4-5 ұпай – «3»
0-3 ұпай - Баға жоқ
2.Вагондарға стикерлерді жапсырады Бағалау

Үйге тапсырма.
1 минут
§ 21 Компьютерлік графиканың техникалық құралдары.
“Компьютердің пайдасы мен зияны” тақырыбында эссе жазу Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады Үйге тапсырма


Бағалау парағы
Ұпай саны Баға Шарты:
1. Ақпараттар мазмұнын білу, түсіну
2. Ақпарат мазмұнының қажетісін табу, іздеу қолдану
3. Ақпараттармен жұмыста ресурстарды, уақытты тиімді ұйымдастыру
4. Ақпаратқа сай жоба жасай алу
5. Жобаға сәйкес мысалдар келтіре алу
6. Ақпаратқа сай әдістерді талдау, дәлелдеу, бағалау
7. Топта топ мүшелерімен бар ынтасымен бірлесе жұмыс жасау
9-10 ұпай 5
6-8 ұпай 4
4-5 ұпай 3
0-3 ұпай Баға жоқ

Деталдардың сәйкестігін табыңыз
Компьютерлік графика Символдық графиканы шығаруға арналған құрылғы
Ғылыми графика Графиканың өңдеу және құрудағы информатика ғылымының бір саласы
Плоттер Сынып журналындағы бағалардың көрсеткіштері нің диаграммалары
Принтер түрлері Обьектінің ені, биіктігі , ұзындығықарастырылады, суретті құру 5 кезеңнен тұрады
Іскерлік графика Ғылыми есептеулердің нәтижелерін өңдеу
Үшөлшемді графика Лазерлік, матрицалық, бүріккіш болып келеді.
Конструкторлық графика Алғашында тек суперкомпьютерлер жасай алатын еді.Қазіргі уақытта 3D графиканы үдетуші акселератор қолданылады
Иллюстративтік графика Графикалық редакторда суреттер салу
-Компьютерлік анимация Жазық бейнелер, проекциялардысалуға арналған графика /ЖАЖ/
8-9 *5 баға, 6-7*4 баға, 4-5*3
Минитест «Өзіңді өзің тексер»
1 .Дисплей 3 түс арқылы кез келген түсті алуға болады.
А. Қызыл, Сары, Көк В.Қызыл,Жасыл,Сары С. Қызыл,Жасыл, Көк
2................- бейнені енгізу құралы
А. Дисплей В. Акустикалық жүйе С. Сканер
3.Бейнежадтағы ақпараттар көлемі
А.Бит, байт В.Байт,килобайт С.Мегабайт ,гигабайт
4.Графикалық редактор-....................
А. Windows В. Paint С.MSWord
5.СК монитордың ЭСТ мониторынан артықшылығы
А. Сурет сапасы В. Бағасы С.Салмағы,формасы
6.Бейнеадаптердің құрамына қандай құрылғылар кіреді?
А.Бейнежад, дисплейлік процессор В.Бейнекарта, бейнежад
С.Орталық , дисплейлік процессор

Оқушының аты-жөні: ...............................
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.