Меню
Назад » » »
Информатика пәнін оқытуда жаңа тәсілдерді ықпалдастырудың маңызы
загрузка...

загрузка...
Информатика пәнін оқытуда жаңа тәсілдерді ықпалдастырудың маңызы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,
Таукент кенті, І.Кеңесбаев атындағы жалпы
орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Тойшыбекова Гүлжан Сәметқызы

«Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсендік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады»
Н.Ә.Назарбаев

Елімізде Елбасымыздың тапсырмасы бойынша білім саласын жаңарту туралы бастамаларын іске асыру үшін оқушылардың сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар қабылданды. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудың негізгі механизмдері болып табылатын оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделіп отыр. Барлық білім жүйесіне Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін таратудың маңызы зор болып отыр. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін игеруге бағытталған Бағдарламаның бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімізді мектептегі тәжірибе кезеңінде іске асыру оқушылар түгілі өзімізге де үлкен қызығушылық туғызып, қанаттандыра түсті
«Paint» графикалық редакторында суреттің үзінділерімен жұмыс» тақырыбындағы өткен сабақтың мақсаты: суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс жасай алу және практика жүзінде істей алу. Сабақтың негізгі идеялары ретінде: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және оларды өз бетінше тұжырым жасауға баулу. Сонымен қатар өз мақсатын айқындай отырып, проблеманы шешуге әрекеттенеді, ойлайды, ізденеді, жоспарлайды және қойылған проблемаға өзіндік көзқарас қалыптастырады, түсіндіреді деген нәтижеге жету үшін мен сабағымда сұрақ-жауап, «Карта», «Фишбоун», «Ия және жоқ» әдістерін қолданамын. Оқушылардың оқуының табысты болуы үшін сабағымма керекті ресурстармен жабдықтады. Олар: «Paint» графикалық редакторы тақырыбына арналған презентация, топтарға біріктіру үшін суреттер, «Ия-жоқ» кестесінің тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы, информатика кітабы, флипчарт, маркер, желім, қайшы, бағалау фишкалары.
Жалпы сабақтың мақсаты ретінде мен ынтымақтастық атмосферасын орнату; оқушылардың компьютер көмегімен сурет салу және оны әсемдеу жұмыстарын жасау дағдысын қалыптастыру; оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты алған білімдерін нығайту, бір жүйеге келтіріп тиянақтау, тексере отырып, қорытындылау; сыни көзқарасын дамыту болды. Сондықтан сабағымды бастамас бұрын мен оқушылармен сәлемдескеннен соң сыныпта жағымды ахуалды реттеп алдым. Ол үшін «Шаттық шеңберін» құрдым. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып, бүгінгі күнге сәттілік тіледі, жылы лебіздерін білдірді. Сыныпта көңіл-күйлерін арттырып, алдағы сабақтың жақсы өтуіне оқушылар бір-біріне «Бақытты бол!», «Ешқашан ауырма!», «Сабағыңды жақсы оқы!», «Ата-анаңды қуантып жүре бер!», «Сабақты 5-пен аяқта!», «Аспаның ашық болсын!», «Денің сау болсын!», «Жақсы бала бол!» деген сияқты тілектер айта отырып, бір-бірінің көңіл-күйлерін көтерді. Сыныпта өзін-өзі реттеу дағдысы іске асып, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Сергіту үшін «Күн сәулесі түседі» жаттығуын жасады.
Үй тапсырмасын сұрау кезінде «Карта» әдісін пайдаландым. Оқушыларға алдыңғы сабағымда үйге берілген бір тапсырма ретінде қағаз қиындыларына жазылған сұрақтар мен жауаптар дайындау берілген болатын. Осы сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендіре отырып, оқушылар үйге берілген тапсырманы пысықтап алды.
Жаңа сабақтың мәнін ашу үшін интерактивті тақтамен слайд көрсетуден бастадым. Слайдта сабақтың тақырыбына байланысты мысал келтірдім және сұрақ қойдым. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар сабағымның мазмұнын түсінді. Оқушылар жаңа сабақты оқулықтағы мәніді оқып, түсінгеннен соң «Фишбоун» әдісін қолдануды тиімді деп санадым. Өйткені оқушылар өздері мәселе қойып, сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеп, мәселенің шешімін табады. Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік бердім. Сонымен қатар оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарын жариялағанда ауызша "керемет", "тамаша" деп мадақтап отырдым, ал қате орын алғанда "толықтыру керек" деп бағаладым. Топбасшылар да өз міндетін атқарып отырды, бағалау парақшаға бағаларын түсіріп отырды. Бұл жұмыс барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай білетіндіктері, шығармашылықтарының жоғары екендіктері көрініп тұрды.
Осы тапсырма арқылы оқушылардың сабақты қалай түсінгенін және қалай естерінде қалғанын байқауға болады. Алдындағы сабақтан қарағанда, балдардың есте сақтау қабілеті артты. Себебі, бұл тапсырманы орындауда оқушылар бірін-бірі оқытты. Оқу пирамидасына сәйкес оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы білім беру кезінде 90 пайызға жетеді.
Келесі кезеңде сабағымның қорытындылау үшін оқушылардың сұрақ қою және жауап беру мәдениетін қалыптастырып дамыту мақсатында «Желпуіш» әдісін қолдандым. Балалар сұрақтарды талдайды, пікірлеседі және жауап береді. Бұл кезеңде оқушылар білімін нақтылайды. Сұрақ қою арқылы баланың білімді қалай игергендерін байқай аламыз және алдағы кезеңге де байланыс орнатамыз. Бұл кезеңде оқушылар үйренгенін саралайды, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді.
Сабақ барысында мен белсенділік танытқан оқушыларды фишка арқылы бағалап жүрдім. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
Бағалау кезеңінде уақытты тиімді пайдалану үшін мен, оқушылардың топ ішінде білім деңгейін білу мақсатында, табыс критерий арқылы өзін бағалап, өзіндік бағалауын тыңдап, жиынтық бағалауды жүргіздім. Нәтижесі оқушы өз-өзін бағалауға үйренді, білім деңгейін білді.
"БББ" кестесін қолдану барысында оқушылар "Не білдім?", "Не білмедім?", "Не білуім керек?" деген сұрақтар аясында сабақтан алған білімдерін стикерге жазып іледі. Нәтижесі ойын қорыта отырып, білмін жинақтайды, ой толғанысын білдіреді.
Сабақтың өн бойында оқушылардың оқуының табысты болуы үшін әрбір скезеңде оларға бағыт-бағдар беріп отырдым. Сабақ оқушылардың көңілінен шықты. Байқағаным оқушылардың бәрі де сабаққа құлшына қатысып отырды, кейбір тұйық оқушылардың өзі топта өз пікірлерін білдіріп отырды. Сабақтын оларға ұнағанын сабақтың соңында оқушылардың стикерлерге жеке ойларын стикерлерге жазып тақтаға іліп қойдығынан сабақ туралы пікірлерінен білдім.
Оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатқа жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі
Осы сабақта мен сындарлы оқыту теориясына негізделген бағдарламаның, жеті модульдің әсеріне толық көз жеткіздім, өйткені сабақ барысында оқушылар белсене қатысты, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмаларды орындауда бәрі де белсене қатысып отырды. Демек, біз баланы іздену еркіндігіне қойып, көшбасшы, нұсқаушы ретінде білім алуда бағыт беріп отырсақ осының өзі жеткілікті екен деген қорытындыға келдім.
Дәстүрлі сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерісіне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Мұғалім дәрісін тыңдағанда, күнделікті түсінбей қалған сабақтарының көлемі ұлғайып, үлгерім орташа балалар шеткері қалып отыратын. Бұл тығырықтан шығу жолын іздегеніммен, нәтижесі бола бермеуші еді. Осы тұста Бағдарлама модульдері оқу нәтижесіне түбегейлі өзгеріс ендіретініне сенімді болдым. Топқа бөліп оқытудың ең тиімді жері-оқушылар үй тапсырмасына немқұрайлы қарамауы. «Бөріктінің намысы бір» дегендей, олар өз топтары үшін атсалысып отыратыны байқалды.
“Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», - деп Ахмет Байтұрсынов айқандай, біздер, ұстаз ретінде мен әрқашан ізденуден жалықпай, жаңа технологияның қыр-сырын толық игеруім қажет. Сонда ғана үлкен жетістіктерге жетіп, биік белестерге көтеріле алатыным анық. Осы курс арқылы мақсатымыз айқын, біліміміз жетік, әдіс-тәсілдердің әр түрін меңгеріп шығатын шығармашыл ұстаз болатыныма кәміл сенемін.
Не сәтті өтті? «Фишбоун» әдісін жаңа сабақты меңгеру барысында қолдандым. Сұрақтар құрастыру, оның жауабын, қорытындысын жазуда сәтті болды деп есептеймін.
Сәтсіз жақтары: оқушылар сөздік қорының аздығынан, өз ойын ашық айта алмады. Пікір алмасуда шулап кеткен кездері көп болды. Сұрақтарға кейбір оқушылар дұрыс жауап бере алмады.
Нені дамыта алар едім? Жетекші сұрақты көбірек пайдаланар едім. Кері байланыс кезінде стикерге сабақтың өтілу барысы туралы емес, тақырыптан не түсінгенін жазу керектігін түсіндіру.
Жетістіктер:
1) оқушыларға жеті модульді ықпалдастыра өткен сабақ өте ұнады;
2) сабақта тұйық оқушылардың өзі топтық жұмыста белсене қатысып отырды;
3) оқушылар өз қателіктерін жөндеп жұмыс атқаруды үйренді;
4) дәстүрлі сабақтарымда мен оқушыларды түгел бағалап үлгермейтінмін, енді оған мүмкіншілік бар;
5) оқушылар бағалау критерийлерін есепке алып, басқа оқушылармен өздерін, сыныптастарын салыстырмалы түрде бағалауды үйренді;
6) топтық ережені оқушылар өздері жасағандықтан, олардың бірін-бірі құрметтеуіне, тыңдай білуіне ықпал жасады.
Информатика пәнін оқытуда жаңа тәсілдерді ықпалдастыру маңызды рөл атқарады.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық
2. Информатика оқулығы 7 сынып Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Информатика пәнін оқытуда жаңа тәсілдерді ықпалдастырудың маңызы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 270 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar