Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби шеберлікті арттыру. -

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби шеберлікті арттыру.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1704 | Размер: | Автор: гость
. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық № 1 орта мектебі Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын
аяқтаған география пәні мұғалімі Дарменова Бакытгуль Джагипаровна

Тақырыбы: Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби шеберлікті арттыру.
Мақсаты: Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Сабақ типологиясын зерттеп игерту, әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардің кәсіби құзыреттіліктерін дамуына ықпал ету
Оқытудың нәтижелері: Жас мамандар жаңа әдіс-тәсілдермен танысады, әдістемелік көмек алады. Сабақ типологиясымен танысады.
Негізгі идея: ІІ деңгей бағдарламасымен таныстыру, сабақта 7 модульдің аясында жұмыс жасауға баулу.
Ресурстар: Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер, маркерлер, стикерлер, түрлі-түсті қаламдар.

Сілтеме Әдістемелік нұсқаулық

Өткізу кезеңдері Уақыты Коучтің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті
Сәлемдесу

Топқа бөлу

Сабақтың тақырыбымен таныстырып мақсатын ашу 5 минут

5 минут Коуч қатысушылармен сәлемдеседі: Армысыздар құрметті әріптестер. Бүгінгі сабақтың қызықты өтуіне барлығымыз ат салысып отырайық.Аудиторияда психологиялық ахуал орнату «Арманыңыз орындалсын»
Түрлі түсті қалам таратылады.

«НИШ»-тің бейнеүзідісі арқылы бағадарламаның идеясымен таныстырады Әр қатысушы арманын айтады, барлығы «арманыңыз орындалсын» деп дауыстайды.

Қалам түстері бойынша орналасады.

Қатысушылар бейнеүзінді тамашалайды
Ой шақыру 5 минут І топ Мұғалім не үшін өзгеру керек?
ІІ топ Оқу мен оқытудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?
ІІІ топ Өзгеріс енгізу үшін не істеу керек? Осы сұрақтар бойынша топтар постер қорғайды.
Териялық түсінік 7минут Коуч 7 модульді өз сабағында қолданған тәжірибесімен бөліседі Қатысушылар әр модуль бойынша сұрақтар қойып өз тәжірибесімен бөліседі.
Топтық жұмыс 5 минут Коуч әр топқа «дәстүрлі сабақ» пен «жаңашыл сабақтың» айырмашылығын анықтауды ұсынады . Қатысушылар сабақтың екі түріне сипаттама құрады
Сергіту сәті 3 минут Коучинг 8 наурыз мейрамының қарсаңында болған соң коуч «Ана», «Әпке», «Сүйікті қыз», «Ұстаз», «Басшы» сөздер жазылған парақтарды үлестіреді. Қатысушылар әр рольге байланысты құттықтау сөз айтады.
Сәтті сабақ 5 минут Коуч қатысушыларға сұрақ қояды «Сіз сабақ өте қызықты өту үшін өзіңізге қандай талаптар қоясыз?» Қатысушылар өз сабақтарында қоятын талаптарымен өзара бөліседі.
Кәсіби көмек 5 минут Коуч мұғалімнің өз сабағын талдауға қойылатын талаптармен таныстырады Жас мамандар парақтарына түртіп жазып алады.
Шығармашылық жұмыс
3 минут Коуч «Заманауи мұғалім» ағашының суретін ұсынып , сол деңгейге жету үшін мұғалім қандай қадам жасау керек деген тапсырма береді.
І топ мүшелері сол деңгейге жету үшін тамырында не болу керек соны стикерге жазып жапсырса,
ІІ топ ағаш діңгегіне қалай даму керектігін жазса,
ІІІ топ қандай нәтиже, яғни жеміс беретінін жазады.
Рефлексия
3 минут Коуч қатысушыларға әрқайсысына жеке сауалнама таратады. Мұғалімдер сауалнама толтырып өз ойларын айтып, келесі коучингтің тақырыбын қажеттіліктері бойынша айтады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.