Меню
Назад » » »
Интербелсенді әдістер
загрузка...

загрузка...
Озық технологияларды сабақтарда қолдану
Интербелсенді әдістер
Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді , сауатты шәкірт тәрбиелеу болып табылады.Бүгінгі күнде оқу процессі бұрынғыдан өзгешелеу.Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр.Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді.Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі.Ол үшін мұғалім ізденімпаз,талапшыл,тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал шәкірт орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек.Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006жылы мамыр айында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында осы мәселені келесі сөздермен дәлелдеп берген: «Қандайлық жақсы және кәсіби болса-дағы бір де бір оқытушы, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе,оны ештеңеге үйрете алмайды».(Н.Назарбаев Инновациялармен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына.-Егемен Қазақстан 2006ж, мамыр)
Білімді игеру екі жақтың да(шәкірт пен ұстаздың)белсенділігін қажет етеді.Бұл үшін ұстаз дәстүрлі сабақ түрінен бас тартып, бас рөлді шәкіртке ұсынуы қажет.Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақпен интербелсенді әдістердің айырмашылықтарын көруге болады
Дәстүрлі сабақ
1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді
2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.
3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру
4.Сабақтың негізгі бөлігі- жеке-жеке бағалау
5.Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді
Интербелсенді әдіс
1.Оқушылар көп уақыт бойы белсенді,тапсырманыталқылайды
2.Мұғалім-бағыттаушы.Пікірталас кезінде көмектеседі,сұрақтар қояды
3.Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді
4.Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады
5.Жұппен және топпен жұмыс

Р.М.Микельсон өзіндік жұмыстарды: «Оқушылар тапсырманы ешқандай жәрдемсіз, бірақ, мұғалімнің бақылауында орындайтын іс»-деп ескертеді.Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді.Дәстүрлі оқытуда ұстаз өзіне мәлім ақиқатты жария қылып,шәкірттерінен өзінің айтқанына ғана иланып,соларды қайталап беруді талап етеді.Мен айтып берсем-оқушы түсінеді»деген қарапайым дидактикалық қағиданы ұстанады.Бүгінгі күні мұндай түсінік тіпті ескіріп кеткен.Сондықтан да әр сабақта үйренушілер бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай,белсенді әрекеттер атқаруы керек(ойлау,оқу,сөйлеу,талқылау,жазу,пікірлесу,пікір таластыру т.б)
Мектепке жаңа келген мұғалімсіз.Оқушылардың назарын қалай аударасыз.Бұл кезде мұғалім интербелсенді оқытудың мына шарттарымен таныс болуы керек:
-Жағымды психологиялық орта орнату(мыс, биопоэма,ізгі-тілектер т.б)
-қызығушылығын арттыру үшін төтесінен қызықты да жұмбақты сұрақтар қою(мотивация,ұмтылыс тудыру)
-ұжыммен жұмыс жүргізу(психологиялық ойсергектер,кестелер толтыру)
Егер осы шарттарды ретімен орындай алсаңыз,өзіңізді қандай ұстаз екендігіңізді байқатасыз,әрі оқушылардың психологиялық жағдайын анықтауыңызға әбден мүмкіндігіңіз болады.
Мұғалім оқушыда қызығушылық тудыруы үшін мынадай тәсілдерді қолдануына болады:
1.Газет-журналдардан қызықты бір оқиғаны айтып беріңіз.(оқушылар газет-журналға қызыға бастайды)
2.Даулы немесе басқалардың көзқарасына кереғар пікір айтыңыз. ( оқушы өз ойын еркін жеткізуге әрекеттенеді)
3. Өз өміріңізден немесе іс-тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.( сізге ұқсауға немесе мамандық жайында пікірі өзгереді).
4. Ситуациядан шығатын тапсырмалар беріңіз, қалғанын оқушы жалғастырсын ( шығармашыл болуға әрекеттенеді).
Егер мұғалім төмендегідей жұмыс жүргізсе, оқушылардың қызығушылығы бәсеңдейді.
1. Мұғалім оқушымен аз араласса ;
2. Мұғалім білімді өзі беріп, оқушының ой- пікірімен санаспаса;
3. Мұғалім оқушылардың кемшіліктерін бетіне айтса;
4. Оқушы ойын бөліп, тек өзі сөйлей берсе;
5. Төтетесінен қойылған сұраққа жауап беруде қиналса т.б
Енділікте білімнің басты мақсаттарының бірі «Диалог пен қарым-қатынастықа үйрету»деп қарастырамыз.Сайып келгенде тіршіліктің негізі осындай қарым-қатынас пен диалогқа орнығады.Өмірде ең керекті білім-қоғамда қарым-қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу.
Бүгінде диалогтың екі түрі айқындалады: ақпараттық және түсіндірмелік(интерпретациялық).Ақпараттық диалогтағы қарым-қатынасқа қатысушылардың арасында білім деңгейлері тұрғысынан алшақтық болады,ал интерпретациялық диалогта қатысушылардың білімдері біркелкі болып, тек түсініктері ғана әртүрлі болады.(О.Гойхман,Т.Надина,131)
Әдетте оқу/оқыту процесінде ақпараттық диалог жиі кездеседі,өйткені көп жағдайда оқытушы сабақты өзінің мол тәжірибесінен оқушыларға беру процесі деп түсінеді.
Диалогты интербелсенді әдістерді қолдану арқылы жүзеге асыруға болады, өйткені мұндай әдістер қарым-қатынас процесінің қатысушыларын ынталандырып, оларда ішкі мотивацияның пайда болуына әкеліп, өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды.
Мотивация ережелері:
 Қызығушылық тудыру;
 Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап қолдап отыру ;
 Жүргізуші ( мұғалім ) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі;
 Таңдауды әрдайым үйренушілердің өздері жасаған жөн.
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл үшін мұғалім топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілін олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Топпен жұмыс істегенде уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір-біріне деген жылы сезімдер орнайды.
1. Жұмыс ережесі айқындалып, уақыт белгілеу керек
2. Тапсырма берілген соң, топ ішінде талқылануы керек
3. Топтар арасында бәсекені негізгі мақсатқа айналдырмау керек
4. Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелерін жариялап немесе ол туралы есеп беруі керек
Мұнда келесідей талаптарды ұстануға болады:
 Тыңдай білу керек!
 Бірлескен жұмыстарда көрермендер жоқ- бәрі де қатысушылар!
 Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек!
 Жанжалдарды болдырмау керек!
Сабақ аяғында ( кері ба йланысты ұйымдастыруда ) бірлескен жұмыстың нәтижелігі туралы оқушыларға келесі сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беруді тапсырған орынды.
Сабақ кезінде оқушыларды жалықтырмас үшін, ойсергектер өткізуге болады. Мысалы: есім-акроним, « өзіңе тілегенді-басқаларға тіле! », көршінің суреті, тақырыпты жасыру т.б.
Пікірталас
Оқушылардың бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасу әрекеттері. Пікірталаста оқушы өз ойын еркін, ашық айтады, тосыннан сұрақ қояды, талқылайды, білім аясын кеңейтуге әрекеттенеді.
Пікірталас ережелері:
1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеті сыналмай, тек пікірлермен көзқарастар сыналуы тиіс.
2. Пікірталаста басты мақсат жеңу емес – ақиқатқа жету
3. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды
4. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда оларды сыйлау керек.
Кейде теледидарда біз өзі жақтаған позицияға қарсы айтылған ұғымды дәлелді, сабырлы түрде қабылдай алмаған жүргізушілердің күйіп – пісіп, пікір білдірушінің сөзін бөлетіндігін көріп жатамыз. Бұл – пікірталасты сәтсіз тұрғыдан жүргізу үлгісі. Ұстаз пікірталаста шәкірттерін өз позицияларын нақты айқындап, оларды тыңдаушыларға жеткізіп, дәлелдей біліуіне үйренуге шақырады.

Рөльдік ойындар

Рөльдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөльдік ойындар оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманың солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз « қолдарымен » жасауды меңзейді.
Рольдік ойындарды жүргізу алдында оқытушы әдістемелік тұрғыдан жан-жақты дайындалуы шарт, ол әсіресе келесі мәселелерді алдын – ала мұқият таңдап алуы керек.
1. Әрбір оқушы рөл ойнайды
2. Оқушылардың шағын топтары рөл ойнады
3. Орындарын ауыстыруға болады
Оқытушы рөльдік ойында берілген тақырыпты қандай денгейде ашқандығы, жұмыстағы оқушылардың қабілетін, өзінің де позициясын келтіреді. Олар өз пікірлерін ауызша келтіріп, соңына жазбаша есеп береді. Егер олар өз қателерін анықтай алса, бұл жәйттер ойынның өз мақсатына жеткендігін меңзейді.
Бағалау тәсілдері
Оқушылардың білімін бағалауда келесідей тәсілдерді қолдануға болады: тестілеу, бақылау, интервью, сауалнама, өзін - өзі бағалау т.б.
Мысалы бағалаудың мына тәсілін қарастырсақ. Тест- оқушылардың оқу жетістіктері мен білімдерін өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте жабық және ашық деп екіге бөледі.
Жабық тест дегеніміз келтірілген жауаптардың ішінде біреуі немесе бірнешеуі дұрыс болатын тапсырма, оқушылар бұл жауаптарды таңдап көрсетуі тиіс.
1. Ертегілер
2. Мақал – мәтелдер
3. Төрт түлік
4. Тұрмыс салт жырлары
5. Жұмбақтар
6. Жаңылтпаштар А) Тақпақ жатта, жатқа жатта
Б) Жылқы, сиыр, түйе, қой
В) Алтын сақа
С) Ер дәулеті – еңбек
Д) Наурыз өлеңдері
Е) Үй үстінде ұсақ тас(жұлдыз)

Жауаптары :1 және___ В , 2 және___ С , 3 және___ Б ,4 және___ Д , 5 және___ Е , 6 және___ А.
Тест тапсырмаларының дұрыс-бұрыстығын топтардың өздері бағалайды.
Ашық тесттер дайын күйде берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан шешім келтіруді талап етіп, келесідей тапсырмалардан турады:
 Өзіндік түсінікті келтіру
 Мәселелерді шешу
 Ой - өрісті дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар
Бақылау- өткен тақырыптарды қайталау, пысықтау мақсатында бақылау парақтары таратылады. Кестедегі сұрақтардың жауаптарын ( + - ) белгілері немесе « иә », « жоқ » сөздерімен белгіленеді.
Қорыта айтсақ, әрбір мұғалім жаңашыл, озық технологияны тиімді пайдалана білетіндей ізденімпаз болуы керек. Бұл баяндамам жас мұғалімдерді оқушыларға жаңа инновациялық технологиялар арқылы өзіндік жұмыстарын ұйымдастыра,басқара білетіндей шебер болуға шақырады. Мұғалімнен, біріншіден оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың өзіндік іс-әрекетіне деген мұғалімнің көзқарасы өзгереді. Мысалы, пікірталасты 11-сыныптарда өткізу- оларды сөзге шешен, мәдениетті, қарсыластарын құрметтейтін азамат етіп тәрбиелейді. Мұғалім жоғарыда айтылған диалог,пікірталас, рольдік ойындар мен бағалаудың тәсілдерін жақсы меңгеріп,орынды қолдана білсе, оқушының сабаққа деген құлшынысы да, ынтасы да артады.

Әдебиеттер
1.Назарбаев Н.Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. – Егемен Қазақстан 2006, 27 мамыр
2.Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. А Әлімов Алматы -2009
3.Темпл Ч, Стилл Дж, Мередит К. Сабақтарды жоспарлау және бағалау. « Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту » жобасы үшін әзірленген VI – құрал. Алматы 1998 жыл 55 б

Қазақ тілі пәні мұғалімі: Тажиева Барно
сот. 87712506102 Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Интербелсенді әдістер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 412 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar