Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ион алмасу реакциялары. -

Ион алмасу реакциялары.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3883 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Алға орта мектебі
Салтыбаева Кулара Маратовна
Химия пән мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ион алмасу реакциялары.
Сабақтың мақсаты:
1.Ион алмасу реакцияларымен танысып, реакция сонында түзілетін өнімдер: газдың бөлінуі, тұнбаның түзілуі және аз диссоциацияға ұшырайтын судың түзілу реакцияларының молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін құруды үйреніп, жасаған тәжірибелерінен қорытынды жасауға үйрету.
2.Оқушылардың электролиттік диссоцияция теориясынан алған білімдерін дамыту.
3 Пәнге деген ынтасын арттыру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Қауіпсіздіқ ережелерін сақтай отырып, қоршаған ортаны қорғауға, оқушылардың дүние танымын, сөйлеу қабілеттерін арттыра отырып, ізденімпаздыққа, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: интерактивті тақтамен сарамандық жұмыс.
Көрнекілік: Ерігіштік таблицасы, сынауқтар, сілтілер: калий гидроксиді, натрий гидроксиді. Тұздар: барий хлориді, күміс нитраты, кальций карбонаты, алюминий хлориді, кальций хлориді. Қышқылдар: тұз қышқылы, азот қышқылы, күкірт қышқылы.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен амандасу б) гигиеналық талаптар қою, тақта, сынып тазалығы. в) оқу құралдарын тексеру.
2. Жаңа сабаққа дайындық: Ион алмасу реакциялары туралы жалпы мағлұмат беру
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
Интерактивті тақтадан электрондық оқулықтан лабораториялық жұмыс көрсетіледі. Мұгалім интерактивті тақтаны пайдаланып, тұнба түзе жүретін, газ бөліне жүретін және аз диссоциацияланатын зат- су түзіле жүретін реакциялардың молекулалық, толық иондық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазып көрсетеді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында мұғалім бірнеше тапсырманы орындап көрсетеді.
1 тапсырма. Берілген реактивтер арқылы газ бөле жүретін реакцияларды орындап, оның молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық түрдегі теңдеулерін жазады:
CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + H2O + CO2
Кальций карбонаты, күкірт қышқылы және кальций сульфаты төмендегідей диссоциацияға ұшырайды:
Ca2+ + CO32- + 2H+ + SO42- = Ca2+ + SO42- + H2O + CO2
Теңдеудің екі жағындағы бірдей иондарды қысқартып жібереміз.
Қысқартылған иондық теңдеуі төменгідей:
CO32- + 2H+ = H2O + CO2
Газ бөле жүретін басқа реакцияларды да дәл солай орындайды.
2.тапсырма.Берілген реактивтер арқылы тұнба түзе жүретін реакцияларды орындап, оның молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық түрдегі теңдеулерін жазады:
BaCl2 + H2 SO4 = BaSO4+ 2HCl
Барий хлориді күкірт қышқылымен әрекеттескен кезде барий сульфатының тұнбасы түзілгенін бірден байқауға болады. Олай болса, қандай иондар соқтығысқан кезде тұнба түзетінін ерігіштік кестені пайдалана отырып, біле аламыз:
Ba2+ + 2Cl- +2 H+ + SO42- = BaSO4 + 2H+ +2 Cl-
Бірдей иондарды қысқартып жібереміз. Себебі олар реакцияға қатыспайды. Олай болса, қысқартылған иондық теңдеуі төменгідей болады:
Ba2+ + SO42- = BaSO4
3. тапсырма. Берілген реактивтерді пайдалана отырып, су және аз диссоциацияланатын заттар түзіле жүретін реакцияларды орындап, олардың молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық түрдегі теңдеулерін жазады. Натрий гидроксидінің ерітіндісіне тұз қышқылының ерітіндісін құйсақ, бейтараптану реакциясы жұріп, нәтижесінде тұз және су түзіледі:
NaOH + HCl = NaCl + H2O
Иондарға ыдырағандағы тендеу төмендегідей болады:
Na+ +OH- + H+ + Cl- = Na+ + Cl- + H2O
Қысқартылған иондық теңдеуі:
OH- + H+ = H2O
4. Интерактивтітақтаарқылыжаңасабақтытүсінгенін тексеру кезеңі:
1) Ca ( NO3)2 + Na2CO3 =
2) KCl + AgNO3 =
3) Ba( NO3)2 + H2SO4 =
4) BaCl2 + Na2CO3 =
5 Бекітукезеңі:
Оқушылар өз бетінше лабораториалық жұмыс орындауы:
Тәжірибе орындау.
NaOH + H2SO4 =
HCl+ K2CO3 =
CuSO4+ Na OH =
Орындаған тәжірибелерінен не байқағандарын жазады. Реакцияның молекулалық, толық иондық, қысқартылған иондық теңдеулерін жазады.
Оқушылар өздері жасаған тәжірибелер арқылы сабақты қорытады.
Сабақты бекітуге № 1, 2 жаттығуларды тақтаға орындап, өздері қорытындылайды.
Ион алмасу реакциялары кезіндегі:
1) Газ бөлінеді.
2) Тұнба түзіледі.
3) Аз диссоциацияланатын зат түзіледі.
Егер бұл белгілердің ешқайсысы байқалмаса, онда электролит ерітінділері арасында ион алмасу реакциялары жүрмейді. Осы үш белгі байқалса ғана ион алмасу реакциясы жүреді.
6. Ұйге тапсырма: & 7. 5,6 жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.