Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері. -

Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 8457 | Размер: | Автор: гость
. Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)

Қазығұрт ауданы, «С.Рақымов» атындағы жалпы орта мектебінің
физика пәні мұғалімі Алимкулов Н.

Сыныбы: 8
Сабақтың аты §3.4. Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері.
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты  Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы мағлұмат беру
 Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету
 Топта бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже  Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері жайлы мағлұмат алады
 Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді
 Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Берілетін ұғымдар:
• Ішкі энергия;
• Ішкі энергияның темпертураға байланыстылығы;
• Дененің ішкі энергиясының химиялық реакцияларға байланыстылығы;
• Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.
Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады.
Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.
Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
1.1. Сәлемдесу
1.2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
1. Температураны қалай түсінесіңдер?
2. Сұйықтық термометрлердің жұмыс жасау принципі қандай құбылысқа негізделген?
3. Абсолют температура деген не? Оның бірлігі қандай?
4. Газ қысымы мен оның абсолют температурасы арасындағы байланыс қандай?
5. Абсолют нөль деп нені түсінеміз?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?
2. Оны өзгерту тәсілдері қандай?
3. Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?
4. Жылу алмасу дегеніміз не?
5. Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
№ Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)
Жұптар ішкі энергия және оның өзгеруіне мысал келтіреді?
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (13 минут)
1 Білу Ішкі энергия дегеніміз не?
2 Түсіну Ішкі энергияның өзгерту тәсілдерін ата?
3 Қолдану Адам денесіндегі ішкі энергияның өзгеруне мысал келтір?

4 Талдау Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жылу алмасу және жұмыс жасауды салыстыр?

5 Жинақтау Суретті қысқаша түсіндір?


6 Бағалау Адам баласының өмірі үшін ішкі энергияның өзгеруінің маңыздылығы қаншама?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §3.4. Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.