Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз -

Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1711 | Размер: | Автор: гость
. Ахманбетова Перизат Турганалиевна,
№49 жалпы орта мектебінің химия-билогия пәні мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз

Сабақтың мақсаты: Сабақта тірек-сызба белгілерін пайдалана отырып, ішкі секреция бездері туралы нақты білім беру, оқушыларды талдау жасауға үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар өз бетінше ізденеді, ойлау және есте сақтау қабілеттері артады, нақты ғылыми көзқарас қалыптасады.
Көрнекіліктер: Ішкі секреция бездерінің функциялары туындайтын аурулар, оларды емдеу жолдары нақтыланған тірек-сызбалар.
1. Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері» - оқушылар бір-біріне
денсаулық туралы тілек айтады.
2. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: «Мүшелер мен мүшелер жүйесі»

Дарынды, орта және үлгерімі төмен оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
А: Бұлшықет ұлпасы қандай қызмет атқарады?
В: Нейронның ұзын және қысқа өсінділерінің атауларын атап
бір-бірінен айырмашылығын талдап түсіндіріңдер.
С: Жеке мүшелерді қандай ұлпалар түзетінін мысалмен дәлелдеңдер.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
1) Ойтолғау: Ішкі секреция бездері туралы не білесіңдер?
Гормондар дегеніміз не?
2) Тірек-сызба арқылы эндокриндік жүйе функциялары түсіндіріледі.

Сергіту сәті: Матрица әдісі бойынша жасуша, ұлпа, мүше, жүйе, ағза сөздерін қолданып нақты анықтама алу.
Қорытындылау: Ішкі секрециялық бездерден бөлінетін гормондар ағзаны гуморальды реттейді.
Пысықтау: Топтық жұмыс
Сынып 2 топқа бөлінеді.
1-топ: Гормондардың негізгі қасиеттері мен қызметі туралы 9 және 10 сызбаны талдайды;
2-топ: Гипофиз және гипофиз безінің ауытқуынан туатын аурулар туралы 12 және 13 сызбаны талдайды.
Үйге тапсырма: §9 Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз.

Дарынды оқушыларға тапсырма: Әдетте спортпен шұғылданатындардың көбінің бойы ұзын болады. Олардың гипофиз гормонына қатысы бар ма? Толық түсінік беру (өз бетінше іздену).
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.