Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Иван Қрылов  Ат пен есек -

Иван Қрылов Ат пен есек

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3587 | Размер: | Автор: гость
. Төлекова Гүлзира Аятбекқызы
№221 Аққұм негізгі мектебі
Жаңақорған ауданы,Аққұм ауылы
Ана тілі 4-сынып
Сабақтың аты Иван Қрылов Ат пен есек
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Мысалды оқу.Ат пен есек өлеңі туралы мағлұмат беру;
Өлеңдегі негізгі ойды түсіне білуге үйрету;
 Өзін-өзі бағалауға,топпен жұмыс жасауға,ұйымшылдыққа тәрбиелеу .
Күтілетін нәтиже • Ат пен есек мысалының мән-мағынасын білетін болады;
• Топтық, жұптық жұмыстар барысында өлеңдегі негізгі ойды ұғынады; Бірлесіп жұмыс жасай алатын болады
Негізгі идеялар Иван Крылов –орыстың ұлы жазушысы.Ол көптеген өлеңдер мен мысалдыр жазған.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Рольдік ойын»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Адасқан әріптер»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
2.Психологиялық дайындық:
–Балалар, көңіл күйлерің қалай?
-Бүгінгі сабақты бастауға дайынсыңдарма?
(Оқушылар бас бармақ арқылы көңіл күйлерін білдіріп,сабаққа дайын екеддігн айтып жатады)
4. Топқа бөлу (Стиктердің түстеріне қарай 2 топқа бөлінеді, 2 минут)
ІІ. Миға шабуыл (5 минут)
1.Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
2.Өздерің білетін, үйде асырайтын жануарлардың аттарын атаңыздар
3.Үй жануарлары жайлы қандай әңгіме немесе ертегі оқыдың ?
ІІІ. Суретпен жұмыс (ассосация) (3 минут)
ІҮ. Топтық жұмыс «Рольдік ойын» «(15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы

№ Бағалау өлшемдері Көш
басшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы


Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс Ат пен есектің пайдалы,пайдасыз қасиеттерін жазу.жазу (7 минут)
Ат:..........
Есек:...................
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру (cмайлик беру)

V. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)
Есек Атқа қандай өтініш айтты?
Ат өзінің істеген қылығына неге өкінді?
Мысалдан қандай ой түюге болады?

Сұрақтар мен тапсырмалар Жауаптары

Ат пен есектің қасиеттеріне байланысты «Венн диаграммасын»толтыру


Ат Есек

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (Ат пен есек арасындағы достық деп ойлайсыңба?
Өзің достықты қалай бағалайсың? )
Рефлексия жазу. (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Мысалға ұқсас ертегі құрастыру
Кейінгі оқу Мысалды мәнерлеп оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.