Меню
Назад » » »
Үй құстары
загрузка...

загрузка...
Қожабекова Данагүл Жанғазықызы
Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы,
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
ІІ санатты тәрбиеші

«Қарлығаш» (3-4 жас) ІІ кіші топ

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: Балаларға үй құстары тауық, қаз, үйрек, әтеш туралы түсінік беру.
Үй құстарына қамқорлық жасауға үйрету.

Әрекеттердің
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбер
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Жиналған жылу шуақты,
Бір-бірімізге шашайық!
- Балалар біз таңертең тұрғанда нені көреміз?
- Күнді көргенде қуанасыңдар ма?
- Ендеше бәріміз «Алақай!» деп қол шапалақтайды.
- Өте жақсы, күнді көргенде барлығымыз қуанамыз.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Ренжуді білмейміз
Қуанамыз бірге
Арайлап атқан әр күнге.
- Балалар қазір көктем мезгілі, көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.
- Көктем айлары Наурыз, Сәуір, Мамыр.
Балалар шеңберге тұрып қимылмен көрсетіп тақпақты орындайды.

- Күнді
- Ия

Ұйымдас-
тырушылық -
ізденістік - Бүгін біз құстармен танысамыз. Құстар үй құстары және дала құстары болып екіге бөлінеді. Дала құстарына: көкек, тоқылдақ, сауысқан т.б жатады. Үй құстарына: тауық үйрек, қаз, әтеш жатады. Бұл құстардың айырмашылы-ғы үй құстары үйде бағылады, адамның көмегін қажет етеді. Дала құстары өз бетінше өмір сүре алады, өз жемтіктерін өздері таба алады. Өте биік ұшады аң аулайды.
- Құстардың дене мүшелерін атайық.
- Тұмсығымен шоқиды, қанатымен ұшады. Құстардың бізге беретін өнімі көп. Бізге жұмыртқасын, етін береді.
(Есік қағылып ауылдан әже келеді, қолында үй құсы, тауық, себетке салынған жұмыртқасы бар)
- Сәлеметсіз бе, әже? Келіңіз, төрлетіңіз!
- Амансыңдар ма, балалар? Үлкен болып өсіпсіңдер! Мен сендерге ауылдан не әкелгенімді білесіңдер ме?
- Сендер асырасын деп тауық, жұмыртқа жинап әкелдім.
- Ой, әже, қандай жақсы болды бүгін біз үй құстары және олардың пайдасы туралы айтып жатырмыз. Қолымызбен ұстап, көзімізбен көретін болдық.
-Үй құстарының ішінде көбіне асырайты-нымыз тауық, оның балаларын балапан деп атайды. Тауыққа жем, су береді. Тауық бізге жұмыртқасын етін береді. Тауықты сипап көрейік, жүні майда, айдары бар, тұмсығы, қанатын созып көрейік. Қанатының астына балапандарын қорғайды. Аяғында тырнағы бар онымен жерді тырмалап, балапандарына жем тауып береді.


- Басы, тұмсығы, қанаты, аяғы

- Сәлем бердік, Әже!

Рефлексиялық
-түзетушілік
Сергіту сәті
Қазым, қазым қаңқылда,
Көлге түсіп салқында.
Жем берейін жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?
Жоқ-жоқ, жоқ-жоқ,
Кәмпит тәтті ас болмас,
Арпа менен бидай шаш.

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Күн бата қонақтап қалқыған
Таң ата жерден жем аңдыған.

Судан шықса баладай
Тәй-тәй басып қалады-ай.

Ерте тұрады
Жар салады.

- Үй құстарының ерекше дыбыстаулары болады.
Қаз: қаңқ-қаңқ
Тауық: қыт-қыт
Үйрек: быт-быт.
Ойын: «Тордағы құстар».
Шарты: Құстардың дауысын келтіре отырып, тордан құстарды шығарады.

Тыйым сөздер: Құстың ұясын бұзба
Құстың жұмыртқасын жарма.

Әже: Айдалада ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау
- Жарайсыңдар, балалар, сендер жұмбақты дұрыс шештіңдер.
(Әже әкелген жұмыртқасын балаларға таратып береді)
- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.


- Тауық.

- Қаз.

- Әтеш.

- Жұмыртқа

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Құстардың түрлерін, аттарын жаңғыртады.
Түсінеді: Тыйым сөздер, жұмбақтарды шешуді түсінеді.
Қолданады: Құстардың дыбыстарын салады, өнімін қолданады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Үй құстары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 306 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar