Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үй құстары.Тауық,әтеш,балапан -

Үй құстары.Тауық,әтеш,балапан

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2828 | Размер: | Автор: гость
. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы №6
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғлиқызы
Білім беру саласы: “Таным”
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Үй құстары.Тауық,әтеш,балапан»
Мақсаты:
а)Балаларға үй құстар және олардың тіршілігі жайлы түсінік беру.
ә)Үй құстарының тіршілігі жайлы сұрақтарға жауап бергізу арқылы ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
б)Құстардың табиғатқа,адамдарға келтіретін пайдасына тоқталу,үй құстарына қамқор болуға,оларды күте білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға үй құстарының суреттерін көрсету.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: үй құстарының суреттері тауық,әтеш,балапан жұмыртқаның суреті.
Билингвалдық компоненті: Тауық –куры,әтеш-петух,балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су-вода.
Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы Шаттық шеңбері.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,жұмбақ шешейік.
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.
(Әтеш) Балалар дөңгелене тұрып,тәрбиешінің көмегімен жұмбақ шешеді.
Іздену- ұйымдастырушы Балаларға үнтаспадан үй құстарының дыбысын тыңдату.
-Балалар,сендер қандай құстардың дауысын тыңдадыңдар?
-Иә,балалар,үй құстарының дауысы екен.
-Дұрыс,тауық,әтеш,қаз,үйрек,балапан және т.б.Бұл құстарды неліктен үй құстары деп атайды?
Суретпен жұмыс.
-Балалар,үй құстарының адамға пайдасы өте көп. Олардың жұмыртқасы мен еті-тамақ. Бүгін үй құстарының бірі-тауық және оның балапанымен танысамыз. Тауық-ең көп тұрған құстардың бірі. Оны «мекеиін,әтеш»,-деп екіге бөлеміз. Оның балаларын балапан деп атаймыз.
Тауықтың баласын не деп атайды екенбіз?
-Балапанның түсі қандай?
-Тауықтарға жем,су береміз.
Тауықтар бидайды жақсы көреді. Міне,балалар,суреттен көріп тұрғандарыңдай,әтештің тауықтан ерекшелігі мынандай: оның айдары бар,ал қауырсыны түрлі түсті болады.
Тауықты сипап көрейік(жұмсақ ойыншықты тауықты көрсету)жүні майда,айдары бар,тұмсығын,қанатын созып көрейік,ол қанатының астына балапандарын алып қорғайды. Аяғында тырнағы бар екен.Онымен жер тырналап, балапандарына жем тауып береді.
Үй құстары қалай дыбыстайды?
Сергіту сәті:
«Шөжелерім» әнімен орындалады.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Шарты: суреттегі салынбай тұрған бөлігін тауып жапсыру.
Дидактикалық ойын: «Артығын тап»
Шарты: суреттен үй құстарын атап,артығын табу.
Билингвалдық компоненті: Тауық –куры,әтеш-петух,балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су-вода.
Балалар тыңдайды. Олардың жауаптары тыңдалады.

Балалар құстардың аттарын атап қайталайды.

-Үйде күтіп-баптап өсіретін құстарды үй құстары деп атайды.

-Балапан.
-сары (суретке қарап атайды)

Балалар үй құстарының дауысын салады.

-Қыт-қыт.
-Ку-ка-ре-ку.

Балалар қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Қайталайды: Тауық –куры,әтеш-петух, балапан-цыпленок, жұмыртқа-яйцо,жем-зерно,су-вода.
Рефлексивті коррекциалаушы Сұрақ-жауап арқылы оқу-іс әрекетінде оқып үйренгенін пысықтайды. Балалар жауап береді.
-Мен құстарды жақсы көремін,мен жем,су беремін т.б.

Күтілетін нәтиже:
Нені білді:үй құстары мен дала құстарын,олардың аттарын,түстерін ажырата біледі.
Қандай түсініктерді игерді:тауықтың адамдарға тигізетін пайдасы туралы түсінікті игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: үй құстары және олардың пайдасы туралы білімді меңгереді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.