Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үй жануарлары -

Үй жануарлары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1809 | Размер: | Автор: гость
. Асанова Бакиткул Игликовна, «Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталықтың мектепалды дайындық топ тәрбиешісі
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы.
Тақырыбы: Үй жануарлары

«Қатынас» саласының тіл дамыту бөлімі бойынша «Үй жануарлары» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгісін өз тәжірибемнен ұсынамын.

Білім беру саласы: Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Сурет бойынша әңгіме құрауға үйрету.Жануарлардың
өзгешеліктеріне қарай бір-бірімен салыстыра білу қабілеттерін, балалардың сөздік қорын дамыту. Тақпақ мақал-мәтелдерді қайталай, сұрақ – жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап,ойын, практикалық.
Көрнекі құралдар: Бейне таспа,үй жануарларының суреттері, интерактивті тақта, плакаттар.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті

Ынталандыру,
сезімді ояту.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

Рефлексивті
Коррекциялаушы


- Сәлеметсіңдер ме, балалар! ал енді біз қонақтармен әлемдесейік.
Психологиялық сәт
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жан!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос.
Міне менің қолым

-Балалар, осы сендер қыдырғанды жақсы көресіндер ме?
-Біз бүгін ауылға қыдырып барамыз.
-Ауылға немен барамыз?
- Автобуспен
-Балалар жолымыз қысқару үшін ән айтайық.
Ән «Қошақаным»
-Балалар ауылға да келдік.
Балаларға ауыл макетін көрсету.

-Балалар мына көріп турғандарың не?
-Үй жануарлары.
-Неліктен үй жануарлары деп атаймыз.
-Себебі үй жануарлары, үйде адамның көмегімен өсіріледі.
Үй жануарларының адамға берер пайдасы өте зор.

-Олар не істеп жүр?
-Көк шөпте жайылып жүр.
Ойын: «Ненің дауысы?»
Шарты: Үнтаспадан әр жануардың дыбысын шығарған кезде , қай жануардың дауысы екенін тапқызу.

2-ші тапсырма Ойын «Үй жануарларын қалай шақырады?»

Мақсаты:Балалардың Байқампаздық қасиеттерін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу.
Мысалы:
-Қойды қалай шақырады?
-Сиырды қалай шақырады?
-Ешкіні қалай шақырады?
-Атты қалай шақырады?
-Түйені қалай шақырады?

3-ші тапсырма Ойын «Жоғалған әріп»
Шарты : Үй жануарларының суреті, астындағы аттарынан түсіп қалған әріпті тауып жазу.

Сергіту сәті.
Шөре -шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.

Үй жануарлары туралы өлең-тақпақтар айтқызу.

4-ші тапсырма Ойын «Төлін тап»
Мақсаты: Балалар үй жануарларының төлдерін тауып,аттарын атау керек.
-Балалар,төрт түліктің төлдері қалай аталады?

5-ші тапсырма Ойын
«Тез жылдам»
Шарты : Бөлінген үй жануарларының суретін құрастыру.

Балалар үй жануарларының жүріс – тұрысын дауысын дұрыс сипаттауға,тілімізді дұрыс айтуға дағдыландыру мақсатында ойын ойнайық .
Ойын «Не қалай дауыстайды?»
-Жылқы қалай кісінейді?
-Түйе қайтіп боздайды?
-Қой қайтіп маңырайды?
-Ешкі қайтіп бақырады?
-Сиыр қалай мөңірейді?

Балалар,төрт түліктің пайдасын айтайықшы.

Үй жануарларына байланысты қандай тиым сөздер.
1.Түйені таяқпен айдамайды.
Жетекке алады
2.Малды басынан ұрмайды.
Қамқоршысы ренжиді.
3.Жатқан малды аттауға болмайды.
4.Малды кендірмен байламайды,
жыңғылмен айдамайды.

Балалар енді тобымызға қайтайық.
Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу іс әрекетін пысықтау.
-Үй жануарларына нелер жатады?
-Үй жануарлары бізге не береді?
-Неге үй жануарлары деп атаймыз?
-Үй жануарларының бізге тигізетін пайдасы қандай?


Ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне қатысқан балаларды мақтап- мадақтап,жұлдызша сыйлау.
Күннің көзі ашалып,
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,қанекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар үнтаспадан
Сиырдың,қойдың,
жылқының.ешкінің,
даусы екенін тапты

-пүшәйт-пүшәйт
-аухау-аухау

-шөре-шөре
-қырау-қырау
-көс –көс.

... үйе, с...ыр, жы...қы, қ...й.

Балалар қимыл-қозғалыпен орындады.

Ерай
Қой-ешкі бір түлікпіз,
Бірге өсті,еш күдіксіз.
Еті тәтті,сүті бал,
Қой-ешкі ең құнды мал
бәә-бәә-әә-ә
Бағдар
Арғымақ тұлпар жылқымын,
Мақтанышы жұртымның
Ерге қанат тұлпар мен,
Қай түлік келер маған тең.
иго-иго -иго
Анар
Мінезім жайлы-сиырмын.
Байлығымын бір үйдің
Етім дәмді ,сүтім бал,
Сырымды менің ұғып ал.
мөө-мөө-мөө
Диана
Ең зор түлік-түйемін,
Тікенді шөпті сүйемін.
Пайдалансаң,сүтім шұбат,
Дертке дауа,жанға қуат.
бөө-бөө-бөө


-Түйе төлі-ботақан,
-жылқы төлі-құлыншақ
-қойдың төлі-қошақан
-сиыр төлі-бұзау,
-Ешкі төлі-лақ.

-иго-иго-го
-Бөө-бөө-ө
-мәә-мәә-ә
-бәә-бәә-ә
-мөө-мөө-ө

Түйе-байлық,
Жылқы-сәндік,
Сиыр-ақтық,
Қой-мырзалық,
Ешкі-жеңілдік.

Түйе,сиыр,жылқы,қой,
ешкі.

-Сүт,ет,жүн,тері береді.

-Оларды үйде қорада ұстайды.
-Сүтінен айран,ірімшік,қатық,май алып, терісінен тон,жемпір тоқиды.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларын және төлдерін .
Айта білу керек : Үй жануарларының дауысын,тақпақ.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.