Меню
Назад » » »
Ядролық реакциялар. Жасанды радиоактивтік. Ауыр ядролардың бөлінуі
загрузка...

загрузка...
«Тексерілді»
_______________Иманқұлов Ғ.С.
Оқу ісінің меңгерушісі

Күні: 18.02.2015ж
Уақыты: 945
Сыныбы: 11 б

Сабақтың тақырыбы: Ядролық реакциялар. Жасанды радиоактивтік
Ауыр ядролардың бөлінуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: ядролық реакциялардың өту механизмдерін, жасанды радиоактивтіктің алынуы және ауыр ядролардың бөлінуі туралы түсініктерін қалыптастыру
Дамытушылығы: танымдық деңгейлерін кеңейту, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, жеке, топта жұмыс жасауына пікір алмасу ортасын ұйымдастыру
Тәрбиелігі: топтық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге , өзіндік жұмысқа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты оқып үйрену.
Әдіс-тәсілдері: оқытуда АКТ-ны пайдалану, әңгіме-дебат, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Құрал - жабдықтар: ноутбук, экран, проектор, плакаттар , фламастер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- түрлі-түсті геометриялық фигуралар (∆ □ O) арқылы оқушыларды үш топқа бөлу
- Спикер сайлау
ІІ. Миға шабуыл
1. Атом сөзі нені білдіреді? (Бөлінбейді)
2. В.Крукс сиретілген газдардағы электр разрядын зерттеу барысында нені ашты? (Катодтық сәулелерді)
3. Сутек спектрінде қандай сериялар бар? (Бальмер)
4. Ең шеткі электронның радиусы (10-10)
5. Атомның алғашқы моделін ұсынған ғалым. (Томсон)
6. Атомның дискретті энергетикалық деңгейлерінің дәлелдейтін тәжірибені жасаған ғалымдар (Франк пен Герц)
7. Кез келген қозғалыстағы бөлшек толқындық қасиетке ие деп айтқан .... (Де Бройль)

8. Жарықты еріксіз сәулеленудің көмегімен күшейту не деп аталады? (Лазер)
9. Мейман жасаған лазерде жұмыстық дене ретінде не алынды? (Рубин)
10. Нейтронды ашқан ғалым .... (Чедвик)
11. Массалық сандары бірдей, зарядтық сандары әр түрлі нуклидтерді .... деп атайды. (Изобаралар)
12. Атом ядросын түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажетті минимал энергияны .... деп атайды. (Ядроның байланыс энергиясы)
13. Ядролық зарядтары бірдей, ал массалық сандары әр түрлі элементтердің атомдарын ... деп атайды. (изотоптар)
14. Ядродағы нуклондарды ыдырап кетуден сақтап, оның берік байланысын қамтамасыз ететін ... деп аталады. (Ядрорлық күштер)
15. Радиоактивтілікті ашқан ғалым (Беккерель)

ІІІ. Тест (кіріс тесті) (5 минут) (электрондық оқулықтағы тест)
1. Радиоактивтік құбылысты .... ашқан
а) ағылшын физигі Э.Резерфорд
ә) ағылшын физигі Ф.Содди
б) поляк геохимигі М.Кюри
в) аме\рикандық юиолог Т.Морсон
г) француз зерттеушісі А.Беккель
2. Жарық толқыны жиілігінің 2 есе артуымен фотонның импульсі ...
а) 8 есе артады
ә) 4 есе артады
б) 2 есе артады
в) 4 есе артады
г) 2 есе артады
3. Шығу жұмысы 13,2 ∙10-19Дж металл пластинкаға жиілігі 2∙105Гц жарық түседі. Пластинадан ұрып шығарылатын фотондардың кинетикалық энергиясын есептеп шығарыңыз (h=6.6∙10-3Дж∙с)
а) 0
ә) 2∙1015 Дж
б) 3.3∙10-19Дж
в) 6.6∙10-55Дж
г) 3.3∙1019Дж
4. Гамма – сәуле шығару бұл ...
а) электромагниттік сәуле шығару
ә) протондар ағыны
б) электрондар ағыны
в) гелий атомы ядролардың ағымы
г) нейтрондар ағыны
5. Эйнштейн формуласын пайдаланып атомдық ядроның байланыс энергиясын және ядролық реакциялардың энергетикалық шығуын есептеу кезінде масса мәнін ... өрнектеу керек.
а) а.е.м.- мен
ә) МэВ-мен
б) кг- мен
в) Дж - мен
г) граммен
6. Жартылай ыдырау периоды 10 мин радиоактивті изотоптың 106 атомы бар. 20 мин ішінде ... ыдырайды.
а) 106 атомы
ә) 7,5∙106 атомы
б) 25∙106 атомы
в) 5∙106 атомы
г) 103 атомы
7. Біліктің меншікті ұзындығы 2 м. Егерде біліктің ұзындығы 0,25 м өзгерсе, онда ол .... жылдамдықпен қозғалады
а) 1,5∙ 109 м/сек
ә) 1,5∙ 106 м/сек
б) 1,5∙ 108 м/сек
в) 1,5∙ 107 м/сек
г) 1,5∙ 10-7 м/сек
8. 4 г радиоактивті кобальт бар. Егер де оның жартылай ыдырау периоды 72 тәулік болса, онда 216 тәулікте .... ыдырайды.
а) 12 г
ә) 3,5 г
б) 0,33 г
в) 1,3 г
г) 0,75 г
9. Егерде қашықтық радиоактивті сәуле шығару көзінен 4 есе артса, онда радиацияның қарқындылығы ...
а)16 есе азаяды
ә) 4 есе артады
б) 8 есе артады
в) 16 есе артады
г) 4 есе артады
10. Жарық қандай бетке (ақ немесе қара) үлкен қысым түсіреді?
а) қара бетке қысым түсірмейді
ә) бірдей қысым түсіреді
б) қара бетке
в) ақ бетке қысым түсірмейді
г) ақ бетке

IV. Жаңа сабақ (15 минут)
а)Постер қорғау
І топ Ядролық реакциялар
ІІ топ Жасанды радиоактивтілік
ІІІ топ Ауыр ядролардың бөлінуі

ә)Мұғалімнің қорытынды сөзі
Ядро энергиясы босануының екі тәсілі бар - жеңіл ядролардың синтезі және ауыр ядрорлардың бөлінуі.
Ядролардың бөлінуінің немесе қосылуының (синтезінің) кез келген реакцияларын кезінде екі заң орындалады.
Электр зарядының сақталу заңы: ядролар пайда болатын зарядтық сандардың (Менделеев кестесіндегі реттік нөмір) қосындысы бөлшектенетін ядролардың зарядтық санына тең.
Массалық сандардың сақталу заңы: ядролар пайда болатын массалық сандардың қосындысы (ядродағы нуклондардың саны) қосындысы бөлшектенеиін ядролардың массалық санына тең.
Өте жоғары температура кезіндегі энергияның бөлінуі ілесе жүретін жеңіл ядролардың қосылуы термоядролық реакция (термоядролық синтез реакциясы) деп талады. Термоядролық рекциялар жұлдыздар энергиясының негізгі ткөзі болып саналады.
Атомдық ядроның бөлінуі - бұл ядроның бірнеше біршама жеңіл атомдық ядроларға ыдырау құбылысы. Ауыр элементтердің (уран мен плутонний) бөлінуі негізінде атомдық электрстанциялар жұмыс істейді.
Ядроның ыдырауы кезінде басқа ядролардың бөліну реакциясын тудыруға қабілетті бөлшектер (нейтрондар) бөлінгенде, ауыр элементтердің бөлінуі тізбекті реакция арқылы бола алады. Егерде ядролық отынның массасын ең аз сандық массадан артыратын болсақ, онда тізбекті реакциялар мүмкін болады.
1940 жылы Г.И. Флеров пен В.Петржак уран ядроларының өздігінен (тосын) бөлінуін анықтады.
1938 ж уран ядросын нейтрондармен атқылаған кезде басқа элементтердің пайда болатынын ашты.
Ядролық реакциялар топтастырылады:
 Ондағы қатысатын бөлшектердін тегі бойынша – нейтрондардың, зарядталған бөлшектердің, γ – кванттардың әрекетімен болатын реакциялар;
 Олардың бөлшектерін тудыратын энергия бойынша – аз, орташа және жоғары энергиялар кезіндегі рекциялар;
 Ондағы қатысатын ядролардың тегі бойынша - жеңіл (А<50); орташа (50<А<100) және ауыр (А<100) ядролардағы реакциялар;
 Болатын ядрорлық түрленулердің сипаты бойынша – нейтрондарды, зарядталған бөлшектерді шығару реакциялары; кармау рекциялары (осы реакциялар жағдайында құрама ядро ешқандай бөлшек шығармайды, бір немесе бірнеше γ – квант сәулелелерін шығара отырып, негізгі күйге өтеді.

б) Бейнефильм (1 минут)

V. Әңгіме дебат (7 минут)
Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі, ол атом электростанциясын салу қажет пе? Әлде қажет емес пе?

1 топ.
Қазақстанда атом энергиясын салуды жақтайтындар немесе атом энергиясының пайдалы, әрі тиімді жақтарын көздейтіндер.

2 топ
Қазақстанда атом энергиясын салуды жақтамайтындар немесе атом энергиясының зиянды жақтарын көздейтіндер.

3 топ
Бітістіруші топ
Бұл топтың мақсаты қарама-қайшы көзқарастағы екі топты бітістіру.

VІ. Есеп шығару (5 минут)

 І деңгей
Мына ядролық реакциялардағы жетіспей тұрған белгілерді жазыңдар:

Жауабы:

Жауабы:

 ІI деңгей
литий ядросының байланыс энергиясын табыңдар.
Жауабы 39,2 Мэв

 ІІI деңгей
Мына ядролық реакцияда қандай энергия бөлініп шығады?

Жауабы: 1,2 Мэв

VІІ. Бағалау (2 минут)
VІІІ. Рефлексия (3 минут)
IX. Үй тапсырмасы §8.7, §8.8 34-жаттығу №4 есеп

ОҚО. Түлкібас ауданы. С. Бреусов атындағы ЖОМ
Физика пәнінің мұғалімі Көбетаев Ермек Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ядролық реакциялар. Жасанды радиоактивтік. Ауыр ядролардың бөлінуі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 380 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar