Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әйелдің жыныс мүшелері -

Әйелдің жыныс мүшелері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1780 | Размер: | Автор: гость
. Хабибуллаева Дилноза Исмоилқызы,
Түркістан медицина колледжінің анатомия және физиология пәнінің
II санатты оқытушысы.
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Әйелдің жыныс мүшелері

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы
Әйелдің жыныс мүшелері орналасуына қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Әйелдің ішкі жыныс мүшелеріне анабездер, анабез қосалқылары, жатыр түтіктері, жатыр және қынап жатады. Ал сыртқы жыныс мүшелеріне жыныс аймағы мен деліткі, үлкен және кіші жыныс ернеулері, қынап кіре-берісі, кіре-берістің үлкен бездері мен кіре-беріс жуашығы орналасады.
Жыныс мүшелері жыныстық жетілу кезеңіне дейін дамиды. Әйелдің репродуктивті кезеңі 9-14 жасында бірінші етеккірі келгеннен басталып, 30-35 жылға созылып, 45-55 жасқа жеткенде жыныс жүйесінің циклдік белсенділігі тоқтайды.
Әйелдің жыныс мүшелеріның орналасуы, құрылысы, атқаратын қызметінің маңыздылығы, түралы әрбір студент жетік менгеруі тиіс, себебі жоғары курстарда акушерия гинекология сабақтарында әйел жыныс мүшелерінің болашақ ана ретінде, білудің маңыздылығы зор.
ІІ. Педагогикалық мақсат:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің саралы саясатында еліміздің болашағы-өсіп келе жатқан жеткіншектердің денсаулығына үнемі үлкен мән беріп келеді. Ана мен бала денсаулығына баса көңіл аударып, оны жақсарта түсу жолында мәнді істер атқарып, нәтижеге қол жеткізген мемлекеттің ғана болашағы жарқын.
Біз, мұғалімдер, студенттерімізге сапалы білім берумен қатар, олардың тәрбиесіне, соның ішінде салауатты өмірге баулуға ерекше көңіл аударып отырамыз. Денсаулығы мықты, білім деңгейі жоғары, таным көк жиегі кең студент болашақта еліміздің саналы азаматы болады, мемлекетіміздің өркендей түсуіне атсалады.
Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Ал ана - отбасының тірегі, алтын қазығы, жылуы мен берекесі. Қазіргі таңда әйелдер арасында жыныс жүйесінің патологиясы, атап айтқанда түрлі қабыну процесстері, бедеулік кең таралуда. Осыған байланысты болашақ медициналық қызметкерлеріне ананың жыныс жүйесінің қалыпты құрылысын білу өте маңызды. Сондықтан, бүгінгі сабақтағы менің педагогикалық мақсатым:
• Тәжірибе сабағында «Кейс» технологиясын қолданудың маңыздылығын көрсету;
• Оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру;
• Пәнаралық байланысты тереңдету;
• Қажетті ақпараттың көлемін ұлғайту;
• Компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы оқыту процесін дараландыру, студенттердің дербестігі мен белсенділігін арттыру;
• «Кейс» технологияны қолдану арқылы білімді, алғыр, жан-жақты дарынды, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе алатын студенттерді қалыптастыру;
• Студенттердің өз ойын еркін жеткізуге үйрету;
• Өз пікірін білдіре алатын, ой қорытынды жасайтын, қайталау арқылы алған білімді есте сақтайды, ғылыми түрде талдай алады.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
• Әйелдің жыныс мүшелерін көрсету.
• Ананың жыныс безі, құрылысын мен орналасуын түсіндіру.
• Жатыр түтігінің құрылысы мен қызметін орналасуын түсіндіру.
• Жатыр құрылысы мен қызметін орналасуын көрсету.
• Қынап және сыртқы жыныс мүшелері туралы түсіндіру.
• Етеккір туралы түсіндіру.

Дамытушылық:
• студенттер арасында дарынды жастарды іріктеп алу;
• дарындылықтарын пайдалы бір салаға бағыттау;
• дарындылықтарын дамытуға жағдай жасау;
• студенттерді білім мен ғылымға баулу;
• белсенді клиникалық ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту;
• студенттердің әдебиеттерден және көрнектілерден тиімді пайдалануын дамыту;

Тәрбиелік: Студенттерді болашақ маман ретінде тәрбиелеу. Болашақ мамандығына деген жауапкершілігін, сүйіспеншілігін, ұстамдығын, төзімділігін қалыптастыру, адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлап құрметтеуге үйрету және оқуға деген ынтасын арттыру. Макропрепараттарға, планшеттерге, плакаттарға, модельдерге, фантомдарға, муляждарға, оқулықтарға, оқу бөлмесінің тазалығына ұқыпты болуға тарбиелеу.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
планшеттер;
плакаттар;
модельдер;
муляждар;
фильмдер;
слайдтар.
Үлестірме материалдар:
тест сұрақтары;
интерактивті тапсырмалар
суретті тапсырмалар
Техникалық оқу құралдары:
интерактивті тақта;
компьютер, проектор;
DVD;
CD.
1 Ұйымдастыру кезеңі Ынталандыру 2-3минут
2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау және тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 2-3 минут
3 Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау Фронтальді әдіс 25-30 минут
4 Жаңа тақырыпты игеру мақсатында студенттерге тәжірибелік тапсырмалардың орындалу тәсілдерін үйрету Интерактивті әдіс 30-35 минут
5 Тәжірибелік тапсырмаларды таратып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету Жалпы топпен жұмыс 5-10 минут
6 Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы Аралас және ауызша сұрау 90 минут

7 Сабақты қорытындылау Бақылау арқылы бағалау және мадақтау 10 минут
8 Үйге тапсырма беру Іздену 5 минут
Сабақтың барысы:
Сабақты қорытындылау үшін студентердің теориялық жауаптарын, тест қорытындыларын, суретті тапсырмаларды, сабаққа белсене араласуын есепке ала отырып, баға беремін.
Үйге тапсырма беру:
Дайындалуға арналған тапсырмалар:
Әйелдің жыныс мүшелері туралы интернет жүйесінен мәліметтер жинақтау;
Әйелдің жыныс мүшелері туралы сөзжұмбақ, ребус, тесттер құрастыру;
Жаңа тақырыптан латынша сөздерді жазып келу-глоссарий
Әйелдің жыныс мүшелерін суретін салу.

Құрметті замандас-құрдастар! Заманға сай жан-жақты білімді болайық. Әрбір ұлттың, әрбір елдің ұлт болып қалыптасуы – патриот ұрпақтың қолында. Сондықтан да патриот болайық, еліміздің амандығы үшін аянбай қызмет етейік. Абай атамыз айтқандай дүниедегі кетікті тауып, кірпіш болып қаланайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.