Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Үйкеліс күші» -

«Үйкеліс күші»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1356 | Размер: | Автор: Публикатор
. Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Екпінді ауылы
«Екпінді орталау мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Үйкеліс күші»



Физика пәнінің мұғалімі: Кистауова Н.А.

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашу.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушыларға тапсырмалар бере отырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жаттығулар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері:презентация, суреттер, электронды оқулық,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. оқушылармен сәлемдесу
2. оқушыларды түгендеу
3. бөлменің тазалығына көңіл бөлі
4. оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
1. Масса дегеніміз не?
2. Деформация дегеніміз не?
3. Деформацияның түрлері
4. Динамометр дегеніміз не?
5. Серпімділік күші дегеніміз не?
6. Серпімділік күші қандай кезде пайда болады?
7. Қандай күш ауырлық күші деп аталады?
8. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
9. Динамометрдің түрлерін ата
10. Гук заңы?
11. Заттың тығыздығы дегеніміз не?
12. Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз не?
13. Дененің салмағы дегеніміз не?
14. Реакция күші дегеніміз не?
IІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
1. Күш. Күштің түрлері.
2. Үйкеліс күші туралы не білесің?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Үйкеліс күші. Егерде сендер шкафты орнынан сырғытуға талаптансаңдар, онда оны істеу оңай еместігіне бірден көздерің жетеді. Шкафты қозғалтуға ол тұрған еден мен оның аяғының арасындағы әрекет бөгет жасайды.


Денелердің жанасқан жерінде туындайтын және олардың салыстырмалы қозғалысына кедергі жасайтын әрекетті үйкеліс, ал осы әректті сипаттайтын күшті үйкеліс күші деп атайды.







Үйкелісті есептеу Fүйк=µN
N=mg, Fүйк=µN=µmg
N –нормаль қысым күші.
µ - үйкеліс коэффициенті
ІV. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.

А) Қандай күш үйкеліс күші?
Б) Мысалдар келтір.
V. Жаңа сабақты бекіту:
1) Жалпы массасы 1 тонна болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді.
2) Массасы 70кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек. Үйкеліс коэффициенті 0,3.
3)Массасы 50кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
VI. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін -өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұра
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.