Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру. -

Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2490 | Размер: | Автор: Публикатор
.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы

№ 184 негізгі мектебі

Физика пәнінің мұғалімі

Маханова Айдана Рысбекқызы

 

Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, оның пайда болу себептері мен түрлерін, оның табиғат заңдарындағы маңызын өмірмен байланыстырып түсіндіру.

Дамытушылық: Менгерген теориялық білімдерін, есеп шығауда қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Жигсо, сұрақ-жауап, өзін өзі бағалау

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың техникалық құралы, көрнекілігі:

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. (3мин)

Топқа бөлу. Жеке бағалау бланкасын тарату

Үй тапсырамсы

Жаңа тақырып

Қорытынды

1.Жұптық жұмыс

 

 

1.Топтық жұмыс

 

2.Жеке жұмыс

 

 

2.Эксперименттік тапсырма

 

 

3.Жұптық жұмыс

 

 

 

4.Жеке жұмыс

 

 

 

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау:

А) Жұптық жұмыс: Мына кестені толтырыңыз. (3-минут)

Нұржанның салмағы 70 кг. Жер шарын саяхаттау барысында оған әсер етуші ауырлық күшін есептеңіз.

Жердің орны

g,Н/кг

F,Н

Мәскеу

9,82

 

Токио

9,79

 

Рим

9,80

 

Бразилия

9,81

 

Куба

9,78

 

Б) Жеке жұмыс (3-мин)

1. Дененің салмағы деп_____________________________________________

2. Дене салмағы мен ауырлық күші арасындағы айырмашылық______________________________________________________

3. Дене салмақсыздық күйге түскенде, оның тартылу күші жойыла ма?_____________________________________________________________

ІІІ Жаңа сабақ: 1)Үйкеліс күші көрініс тапқан бейнеролик көрсету.

2) Оқушыларға проблемалық сұрақтар қою (топтық жұмыс 12-мин)                         Оқушылар оқулық және мұғалім көмегімен орындайды.

І. «Күш» тобына: Үйкеліс күшінің физикалық табиғаты, пайда болу себептері.

Бір дене екінші бір дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш Үйкеліс күші деп аталады.

                        Fсерп                                

 

                                          ʋ

Fүйк

 

                         N

ІІ. «Масса» тобына: Үйкеліс күшін өзгерту тәсілдері мен үйкеліс күшінің түрлері.

Үйкелісті көбейту жолдары:

1.Құм, тұз себу

2.Кедір- бұдырлықты көбейту

3.Нормаль қысым күшін көбейту

 

Үйкелісті азайту жолдары:

1.Майлау

2.Домалау үйкелісімен алмастыру

3.Беттерді өңдеу

4.Нормаль қысым күшін азайту

5. Сырлау, лактау

 

 

                                                                                                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. «Үдеу» тобына: Үйкелістің техникадағы және тұрмыстағы пайдасы мен зияны туралы.

Құрғақ асфальтта-0,6

Құрғақ бетонда-0,95

Қара жолда-0,5

 

Ылғал асфальтта-0,4

Ылғал бетонда-0,85

Мұздақ жолда-0,15

 

Доңғалақтармен жол төсеніштерінің арасындағы үйкеліс коэфиценті.

 

 

 

 

 

 

Эксперименттік тапсырма: (10мин)

 І. «Күш» тобына:  Домалау үйкеліс күшіне демонстация

ІІ. «Масса» тобына:  Сырғанау үйкеліс күшіне

ІІІ. «Үдеу» тобына: Тыныштық үйкеліс күшіне

Сабақты бекіту: Жұптық жұмыс. (5-мин)

Есептер шығару

Қызыл: Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэфиценті -0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?

Сары: Массасы 70 кг шкафты орнын жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэфиценті µ=0,3

Жасыл: Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэфиценті неге тең?

(Бір түсті карточкалар бір- бірімен алмасады, тексереді

Тексеру критерийі: 1.Есептің дұрыс шығарылуы

2.Жазылу ұқыптылығы)

Жеке жұмыс: (3-мин)

Үйкеліс күшінің маңызы туралы эссе жазу. Осы тақырыпта мақал-мәтелдер айту.

Рефлекция: (3-мин) ББҮ кестесін толтыру.

Бағалау: (3-мин)

Үйге тапсырма: Үйкеліс күші.  Техникада үйкеліс әрекетін ескеру. 19-жаттығу №5есеп

Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.