Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ю» дыбысы мен  әрпі» -

«Ю» дыбысы мен әрпі»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1424 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П. Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Қалаубаева Сауле Пернеханқызы
Сабақтың тақырыбы: «Ю» дыбысы мен әрпі»
1. «Ю» дыбысы мен әрпін таныстыру, «Ю» дыбысының дауысты дыбыс екенін білу, «Ю» дыбысының айтылуын дұрыс меңгеру.
2.Балалардың есту, дыбыстау қабілетін жетілдіру, ой-өрісін дамыту, әрбір баланың өзінің ерекшеліктерін ескере отырып, жеке-дара жұмыс жүргізу.
3. «Ю» әрпінің баспа түрін жазып үйрету. Балалардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, жабайы аңдар және орман бейнеленген плакат.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге.
Құрметпенен біз.

Мұғалім.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Аспанда не жарқырап тұр?
- Күн.
- Қане, балалар, күн сияқты күлімдейікшкі.
Бәріміз әп-әдемі болып, сабаққа кірісейік.
- Енді қыс айларын кім атап береді?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Аптаның қай күні?
- Дүйсенбі.

Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысты?
- - Я дыбысы
- - Я дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- - Я дыбысы қандай дыбыстардың қосарлануы арқылы айтылады.
- - И А
- - Дыбыс дегеніміз не?
- - Әріп дегеніміз не?

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Жаңа сабақты түсіндіру.
- Балалар, мына суретті қараңдаршы. Бұл орман.

- Балалар, орманда қандай аңдар өмір сүреді:
- Қасқыр, түлкі, аю, құстар
- Ал мына суреттердегі заттарды атаңдаршы

- Аю, ою, юбка
- Мына жұмбақты шешіңдер: Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен
Жауабы:


- Яғни біздің өтетін тақырыбымыз

әріпі мен дыбысы

Төмендегі әріптерден сөз құрау: Ж, Ю, А, Ю, О, Қ,Ю, Т, Ю, О,
Балалар



деген сөздер құрайды
Дәптермен жұмыс.
1.Әріпті тақтаға жазып көрсету.
2.Ауа арқылы жаздыру.
3.Дәптерге осы сөздерді жаздыру.

Сабақты қорытындылау.
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Ю дыбысы мен әріпі
- Ю қандай дыбыс?
- Ю дауысты дыбыс.

Аю отыр партада
Екі қолы партада
А дейді, Б дейді
Ю-ға тілі келмейді.

- Балалар, сабағымыз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.