Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көбейту және бөлу  379х60  22740:60 -

Көбейту және бөлу 379х60 22740:60

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3355 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу 379х60 22740:60
Сабақтың мақсаты:
І. Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілін қалыптастыру, есептің әр түрін шығару дағдыларын жетілдіру. Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту тәсілдерімен таныстыру,сәйкес қалдықты табуды пысықтау.
ІІ. Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
ІІІ. Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат-сабақ
Сабақ типі: жаңа білім меңгеру
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Проблемалық, көрнекілік ,сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру, талдау-жинақтау.
Көрнекіліктері: Керуеннің суреті, сандық,қазан, қоқыс шелегі, кілт, сандар, цифрлар. Слайдтар ,қосымша тапсырма жазылған үлестірме қағаздар
Формасы: ұжымдық,топтық,жеке.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сабағымызды бастамас бұрын Психологиялық тренинг
Сыйлап сәлем береміз, Ізетті деп білеміз,
Үлкендерді көргенде. Сондықтан да сіздерге,
Әдепсіз деп сөкпесін, үйге қонақ келгенде
Үлкендер айтып өкпесін. Иіліп сәлем береміз
Балалар ,қазір бізде қандай сабақ болады ?
Математика сабағымыздың ұраны қандай еді?
Ұранымыз:
. Мақсатымыз –білім алу.
Міндетіміз еңбектену.
-Ендеше сабағымызды бастаймыз.
-Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Демек бұл сабағымыз жай сабақ емес,ерекше сабақ болып өткелі отыр.
Келгенше қонақ ұялады,
Келгеннен соң үй иесі ұялады- демекші біз ұятқа қалмауға тырысайық.

Балалар, автотұрақтан қалаға қандай көлікпен барамыз ? (автобуспен,машинамен)
-Ал ертеде адамдар немен жүрген екен? (атпен, түйемен)
-Ертеде ата-бабаларымыз керуенмен , бір ауылдан бір ауылға керуен түйемен жол жүріп қонақ кәде сұраған екен. Бүгін біз сабағымызда ауылдарға барып саяхат жасаймыз.
Бүгін сабақты топпен жүргіземіз,сондықтан сары түсті дөңгелектер бір топ, көк түсті шаршылар бір топ болып отырсын.

Әр топ есім таңдап алады. 1. «Керуен», 2. «Автобус»
Көліктердің жүргізушісі кім болады сол топ басшысы болады
Слайд 1 * «Жедел ойлау» стратегиясы
- Өткен сабақта не өтілді? (нөлмен аяқталаты санға көбейту және бөлу)
Сұрақ: Нөлмен аяқталатын сандарға қалай көбейтіп,қалай бөледі екенбіз?

Ереже: Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша көбейту кезінде,нөлдерді есепке алмай, алдымен көбейтуді орындайды, содан кейін жауабына екі көбейткіште неше нөл болса, сонша нөлді жазады.
(Нөлдермен аяқталатын сандарды жазбаша бөлу кезінде алдымен бөлінгіш пен бөлгіштегі нөлдерді теңдей алып тастап, содан соң бөлуді орындау қажет.)
Слайд 2
Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:
КЯӨКБУЕАЙЫТСУЭМЫЕАНЮБФӨИЛАУ
-Бір әріпті аттай отырып,мынадан қандай сөз оқып бересіңдер?
(Көбейту мен бөлу)
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Көбейту мен бөлу 379х60, 22740:60»
-Дәптерлеріңе бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар

-Мағынаны тану бөлімі . Жаңа сабақ:
Жаңа сабақ тақырыбы мен шығару жолын тақтаға жазып қою (слайд)
379х60=379х(6х10)=(379х6)х10=2274х10=22740
22740:60=22740:(10х6)=(22740:10):6=2274:6=379 (ауызша түсіндіріп кету) (слайд)

Жазбаша түсіндіру : 379 22740:60 ( баған түрінде жазулы)
60

Слайд 3


Қай топ шапшаң әрі дұрыс орындайды екен?
3х9-17 30х10:3
50:5+0 10х10
90:9х1 7000:70
1дм ? см 25х4
7х4-18 1м ? см
100:10 40х3-20
45:9+5 150-50+0
(10 ) ( 100 ) ( Орындарында орындау)
-Тапсырманы орындап, бір-бірінің жұмысын тексереді. (Жұптық жұмыс)
- Жауап шыққан санға қатысты мақал табу.
«Жүз сом ақшаң болғанша жүз досың болсын» Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
«Он рет айтқанынан бір рет көрсеткен артық» Бір тал кессең, он тал ек.
-Тағы өздерің қандай санға қатысты мақалдар білесіңдер?
«Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады»
Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар
Тойған үйге тоғыз бар.
Ағайын – алтау, ана – біреу.
Батыр бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі.
Слайд 4 Сергіту сәті

15. -Коммунарға келіп біраз демалып алайық. Жол жүріп шаршаған екенбіз,сергіп алайық.

Слайд 5 Оқулықпен жұмыс. №3

16. Баған түрінде балаларды тақтаға шығару : Екі топтан бір-бір баладан шығару .
Амалдарды түсіндіре отырып, жазбаша орында: (біреуі көбейтсе,біреуі бөлумен тексереді)

1-топ: 2-топ:
457х40 239х70
(18280) ( 16730)
536х70 814х40
( 37520) (32560)

-Көбейтуді бөлумен тексереміз. (эстафета бір бала көбейтеді,біреуі тексереді)

- Мотивациясын ояту Сұрақ-жауап өткізу:
Қай топ белсенді қаты сады екен? ( ауызша)
1 топ
1. Математикалық амалдарды ата? (+,-,:,Х)
2. Ең кіші үш таңбалы сан? ( 100)
3. 1т неше кг ? (1000)
4. 10х10 нешеге тең? (100)
5. Ең үлкен төрт таңбалы сан? (9999)
6. 100 кг ? центнер? (1ц)
2 топ
1. 9 х20 (180)
2. 1 ғасыр неше жыл? (100)
3. 1000:100 (10)
4. 100х10 ( 1000)
5. Ең кіші төрт таңбалы сан? ( 1000)
6. 1 балада 8 дәптер болса, 5 балада неше дәптер? (40)

Слайд 6
Ал Березовка ауылы өте алыс болғандықтан тапсырмасы да күрделі екен.
Бізге телефонмен қоңырау шалыпты.
«Математикалық телефон» ойыны
9х4:6х8+22:10х9+37=100

-Көңілді сандар ойыны ( Көп таңбалы сандарды есте сақтау үшін) жұппен жумыс
( қарсы топпен жарысса )
Слайд 7

-Бұл ауыл өте қонақжайлы екен. Бізге үйлеріңе тапсырма беріпті
Үй жұмысын орындау, Әр оқушының міндеті.
Тиянақты дайындау, Әдеті болар күндегі.
Күнделікті ашып, үйге тапсырма жазыңдар №4, №8 129-130 бет
Бекіту Рефлексия
-Сонымен бүгін не өттік?
-Сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Көбейту кестесін кім жақсы біледі екен? ( Слайд)
Бағалау.
-Балалар, мына жәшіктің ішінде кілттер жатыр.Осы кілтті алып,әрқайсысың өз аттарыңды жазыңдар.
-Мына жерде сандық,қазан,қоқыс жәшігі тұр. Соған әр бала өз кілттерін салады.

Тегістік орта мектебі




Бастауыш сынып мұғалімі:

Қабылдинова Үміт Қабылжапарқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.