Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
К дыбысы мен әрпі -

К дыбысы мен әрпі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1661 | Размер: | Автор: гость
. Изтелеуова Нұрбибі Хамзақызы
Атырау облысы, Индер ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі

Білім саласы: Қатынас
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: « К» дыбысымен таныстыру, « К» дыбысына тіл ұстарта отырып, сөз құрау, жұмбақ шештіру , буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды к дыбысы бар сөз,сөйлем ойлауға үйрету. Әдемі жазуға қолдарын жаттықтыру.
Көрнекілігі: к дыбысының баспа түрі, кеспе әріптер,текшелер.
Әдіс – тәсілі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Іс – әрекет кезендері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық Шаттық шеңбері: Қолымызды бір сәт түсіреміз,
Оң жаққа созамыз,қолымызды
Сол жаққа созамыз қолымызды
Қолымызды жоғары созамыз,бойымызды сергітіп аламыз Балалармен бірге шаттық шеңберінде тұрып көңіл – күйін көтеру, бір – біріне жақсы тілек айту.
Ұйымдастыру.
Ізденушілік. Өткен оқу іс – әрекетін қайталау.
Ой қозғау.
а) Дыбыс және әріп дегеніміз не?
б) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жаңа оқу іс – әрекетімен таныстыру.
Кәне, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ,мұқиат тыңдап отырыңдар.
Өз атын өзі шақырады,
Сөйтіп күнді батырады.(Көкек)
Көкек деген сөзінде қандай дыбыс тұр.Кім К дыбысынан келетін адам аттарын атайды ?-Енді осы адам аттарында к дыбысы қай жерде тұрғанын талдайық.
-К дыбысы- дауыссыз дыбыс,көк түсті текшемен белгіленеді.
К дыбысына сурет бойынша өлең жолдарын жаттату.
К дыбысы мен әрпі
Көркем ғой Көктөбе деп,
Ұшып жүр кептер ,көбелек
Жайнатып тұр маңайды,
Күн нұры көктен себелеп.
Суреттермен жұмыс:
«Кесе », «Көбелек », «Күшік », «Көкек » дегенде бірінші қандай дыбыстар естіліп тұр?
Қане балалар, осы сөздерді қол шапалақтау арқылы буындап көрейікші.
Әліппе дәптермен жұмыс:
Балалар «К » дыбысы дауыссыз дыбыс. Сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.
Балалар, Күн сөзінде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі.
«Көкек » деген сөзде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі?
«Кітап » деген сөзде «К » дыбысы қай жерінде кездеседі?
« К» дыбысының жазылу элементімен таныстыру,жазуға үйрету. (балалардың қолдарынан ұстап көмектесу)Ауада жазу.

Музыка әуенімен төмендегі буындарды әндетіп айту.
Кекілік-ау,кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
Ка-ка ,ко-ко,ку-ку,ка-ка,ки-ки,ке-ке.
Сергіту сәті:
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі тындырған.

«Дауысты ма,дауыссыз ба?»ойыны.
Шарты:Өтілген әріптерді дауысты ма,дауыссыз ба ? Айыра білу.Тақтаға А,о,б,в,г,ғ,д,е.ж, әріптері ілінеді.Топ балалары тез ажыратып қай топ тез көп ұпай жинаса сол топ жеңімпаз болады.

Буыннан сөз құрау.
Ке-
Кө-
Кү-

Мәтінмен жұмыс.Тәрбиеші мәтінді оқып,к дыбысы кездесетін сөзді табады,сол сөздерді буынға бөледі.
Көкен ауылда тұрады.Ауылдың қасында көл бар.Көлдің суы мөлдір, таза.Еркебұлан Назкен көлге шомылып,Еркебұлан балық аулады.
Жұмбақтар шешкізу.
Жұп-жұмыр жоны бар,Инеден тоны бар.Түйреген түрпі,Бұл не?(Кірпі)Ақ сандығым ашылды , ішінен жібек шашылды.(Күн) Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз.
Екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Күлән, Күлпаш,Кәрім.
« К» дыбысы естіліп тұр.


Сөздің басында кездеседі.
Сөздің ортасында кездеседі.
Сөздің басында да, ортасында да кездеседі.


Буынға бөлу.Ке-се,кө-бе-лек,кө-кек,

Балалар оқулықпен өз бетінше жазуға үйренеді.
Балалармен бірге оқу.

Балалар өрнекті жалғастырып салады.

К
К
К




Үлгі бойынша баспа түрін жазу.Тор көздегі к дыбысына сөз ойлап табады.

Қимылмен көрсету

К

К

К

Ке-ке -се
Кө-кө- кек
Кү-кү-шік

К К
К
К К
К К



-Кірпі,күн сөзінде неше дыбыс бар екенін білді.Бірінші қай дыбыс естілді? К
Рефлексивті
түзетушілік Оқу іс – әрекетінің соңында жақсы қатысып, толық жауап берген балаларды мақтап мадақтау,бағалау.

Күтілетін нәтиже: « К» дыбысын толық игерді.
Нені біледі: Ребус шешуді, толық жауап беруді, буынға бөлуді, «К » дыбысының дауыссыз дыбыс екенін.
Білуі керек: Дыбыс пен әріпті, жазуды, буындап оқуды, сұрақтарға толық жауап беруді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.