Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
К дыбысы мен әрпі -

К дыбысы мен әрпі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1203 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Аққұм бекеті
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Әбдиева Қалия

Сыныбы: 1 (бірінші)
Пәні: Әліппе
Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: К дыбысы, әрпімен таныстыру. К дыбысының дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.
Тәрбиелік мақсаты: Тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды сауатты, көркем жазуға, ұқыптылыққа баулу.
Дамытушылық мақсаты: Ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Білімді тиянақтау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.
Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер, әріптің жазу үлгісі, кеспе әріптер, оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Пәнге бағыттау
Ә) Оқу құралдарын даярлау
Б) Сабаққа зейінін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Е дыбысы қандай дыбыс?
2. Сөздің қай жерінде кездеседі?
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық:
Кел, балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақтар:
1. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)
2. Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін. (Кірпі)
3. Қызықтап күнде сен
Суретін көресің.
Оқисың одан сен,
Әріптің төресін
Ертегі, өлеңді. (Кітап)

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту:
– Кітап оқу үшін нені жақсы білуіміз керек?
– Әріптерді.
– Қандай әріптерді оқи білеміз?
1. Сурттегі заттардың атын атаңдар.
2. Кітап, көйлек, көбелек, кереге, кие сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау.
3. К әрпін жеке дыбыстау.
4. К-нің дауыссыз екенін аңғарту.
Ү. Сергіту сәті.
ҮІ. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны арқылы жаңа сабақты меңгергендігін тексереді. Оқушылар К дыбысынан басталатын сөздерді атайды.
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту, жеке оқыту. Сөйлем құрату. Дәптермен жұмыс.
8. Оқушыларды бағалау.
9. Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.