Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
"Көңілді  мәре " -

"Көңілді мәре "

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1780 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: "Көңілді мәре "

Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын, қызығушылығын дамыту.

Міндеттері:

А) Білімділік – Оқушылардың түрлі спорттық ойындар туралы білімдерін жинақтау, бекіту.

Б) Тәрбиелік – Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі - Сайыс сабақ. / дәстүрлі /

Сабақтың әдісі - Түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойын.

Құрал - жабдықтар: ысқырық, уақыт өлшегіш, әр түрлі таяқшалар, баскетбол доптары, кедергілер.

Өтетін орны:Спорт зал.

Сыныбы: 8
р/с Мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқау

І. Ұйымдастыру бөлімі

Сапқа тұру
Сәлемдесу
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
Сынып ретімен санал!
Сынып екіге бөлін!
Бір қатардан екі, екіден бір қатар жаса!

Оңға ! -2, Солға ! – 2, Артқа бұрыл! -2, Оңға !

Сол жақ бағытпен зал ішінде,алға бас!

Жай жүрістен қолды жоғары созып, аяқтың ұшымен жүру.

Жеңіл жүріс!

Жүрістен жеңіл жүгіріске көш!

Жай жүріс!

1-4 есебімен тынысты орнына келтіру жаттығуы.

Шапшаңдыққа жүгіру.

1-4 есебімен тынысты орнына келтіру жаттығуы

Жай жүріс! Тоқта 1-2 !

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Сыныпты сапқа тұрғызып, саналу арқылы екі топқа бөлу.
2. 1."Барыс" тобы
3. 2. "Лашын" тобы
4. 1. Ұйымдастыру

Доппенжарыс
Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп береді. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.

Сыңар аяқ ойыны
Екі команда ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.

Бір-бірінің үстінен секіру ойыны
Сапта тұрған балалардың барлығы еңкейіп отырады да, соңғы бала олардың үстінен аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.

Кім жылдам ойыны.
Ойыншылар допты ұстап кедергілер арасымен жүгіріп, белгіленген межеге допты апарып қойып жүгіріп келу, келесі ойыншы допты алып келеді т. с. с. ойын бастаушы допты алып келіп допты жоғары көтереді

Арқан тартыс.
7-8 метр ұзындығында арқан алып, екі басын мықтап байлап, екі топ екі жағына тұрады да, сызылған сызықты ортаға келтіріп тұрып, басқарушының белгі беруімен тартысты бастап, сонымен қай жағы тартып сызықтан өткізсе, сонысы ұтқан болады.

Қаппен секіру. Капитандар сайысы.
Екі команда капитаны қапты аяқтарына киіп, белгі берген кезде бөгетті айналып секіріп келуі тиіс.

Негізгі эстафеталық ойын
Бұл ойынға әр командадан үш ойыншыдан шығады. Залдың екі жағында тұрып, бір-бірден залды айналып жүгіріп, келесі ойыншыға таяқшаны береді.

ІІІ.Қорытынды бөлім Сапқа тұру

БағалауӘділ қазылардың бағалауы арнайы кесте бойынша

"Барыс" тобы

р/с Сайыс түрі жоғары ұпай "5" қорытынды ұпай
1 Доппен жарыс
2 Сыңар аяқ ойыны
3 Бір-бірінің үстінен секіру ойыны
4 "Кім жылдам?" ойыны
5 Арқан тартыс
6 Қаппен секіру
7 Эстафеталық ойыны
"Лашын" тобы

р/с Сайыс түрі жоғары ұпай "5" қорытынды ұпай
1 Доппен жарыс
2 Сыңар аяқ ойыны
3 Бір-бірінің үстінен секіру ойыны
4 "Кім жылдам?" ойыны
5 Арқан тартыс
6 Қаппен секіру
7 Эстафеталық ойыны

Үй тапсырмасын беру. Түрлі спорт ойындары туралы материал жинактау

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау аяғын дұрыс қоя білуі қажет денені тік ұстап, әдемі алып жүру аяқты жиі алып,жеңіл жүгіру
1-2 есебі қолды жоғары созып терең демді ішке тартып, 3-4 есебінде төмен иіліп демді сыртқа шығару
барынша үдете жүгіру

Нұсқау: Кедергілер арасымен жүгіру.
Қаптың биіктігі тізеден жоғары болуы керек.

Қай команда эстафетаны бұрын аяқтайды, сол команда жеңіске жетеді.


"Тексерілді"

Оқу ісінің орынбасары: СидиковКамалддин
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.