Меню
Назад » » »
Күкірт және оның қосылыстары
загрузка...

загрузка...
Болганбаева Кулдар Атемовна, Химия пәнінің мұғалімі
Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары

Сабақ жоспары Химия пәні Химия пәнінің мұғалімі:Болганбаева Кулдар Атемовна
Сыныбы: 10 «а » сынып. Жыл-2014
Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары

Сабақтың мақсаты: A) Күкірт және оның қосылыстары және оның қолданылуын өз бетінше талдап, тізбектеп өз ойларын еркін жеткізуге ықпал жасау,
Ә) Күкірттің физикалық және химиялық қасиеттерін өз бетінше анықтап, табуға ықпал ету: ,
Б) Игерген мәліметтерді өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: А) Күкірт және оның қосылыстары және оның қолданылуын өз бетінше талдап, тізбектеп өз ойларын еркін жеткізе алады;
Ә) Күкірттің физикалық және химиялық қасиеттерін өз бетінше анықтап ,табады :
Б) Игерген мәліметтерді өз сөзімен жеткізе біледі.
Оқытуда қолданылатын модульдер мен әдіс тәсілдер 1. СТО: ой қозғау, талқылау, түрлі сөздер беру арқылы ойландыру;
2. Оқытудағы жаңа тәсілдер : топтық жұмыс (ынтымақтасты-ру атмосферасын қалыптастыру, санамақ арқылы топтастыру, проблемалық сұрақты талқылау), диалог ;
3. ОүБ;
4. АКТ: интербелсенді тақта; электронды оқулық, ғаламтор желісі (күкірттің өзге тілдегі аудармасын анықтау үшін, қауіпсіздік шараларын түсіндіру);
5. Дарынды балалармен жұмыс;
6. Оқытудағы басқару мен көшбасшылық;
7. Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту: сергіту сәті.
Дерек көздер: 1.http://kk.wikipedia.org/wiki,
2.http://www.xumuk.ru,
3. 10-сыныптың оқулығы Мектеп баспасы 2012 ж
4. www.chemistry-chemists.com
5. http://www.mendeleev.ru
6. www.alhimikov.net
7. Видеофрагмент «Горение серы».
8. 10-сынып оқулығы Дрофа 2006 ж.
9. Сызбанұсқа «Күкірттің табиғаттағы айналымы»
Қажетті құралдар Оқулық, электронды оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, суреттер, флипчарт, маркерлер, күкірттің түрлері, атом модельдері.
Түйінді идеялар Күкірт (ағылш. Sulfur), S – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; ат. н. 16, ат. м. 32,06. Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,05%, теңіз суында 0,08 – 0,09%. Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. Қалыпты жағдайда күкірт сары түсті, бейметалл. Табиғатта бос күйінде (саф К.) және сульфидті (мысалы, пирит, галенит, антимонит, т.б.), сульфатты (гипс, ангидрит, барит, мирабилит, т.б.), т.б. минералдар түрінде кездеседі. Күкірттің бірнеше кристалдық түрлері белгілі, оның ішіндегі орнықтылары ромбылы α-күкірт және моноклинді β-күкірт. Күкірттің тығыздығы 2,07 г/см3 (α-түрі) және 1,96 г/см3 (β-түрі), балқу t 112,8°С, қайнау t 444,6°С, жылу өткізгіштігі 0,208 Вт/(м•град). К. суда ерімейді, бензолда жақсы ериді, қыздырғанда молекуласындағы атом саны бірте-бірте кемиді: S8→ S6→ S4→ S2 соңында 2000°С-тан жоғары қыздырғанда К. буында жеке атомдар пайда болады. Салқындатқанда осы процесс кері айналып полимерлену құбылысы жүреді. К. қосылыстарында –2-ден +6-ға дейін тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Тапсырма мазмұны Оқушының әрекеті Бағалау
1. Кіріспе
(4 минут) - Амандасу, түгелдеу;
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
- Оқушыларды топқа бөлу;
- Оқушы назарын сабаққа аудару. -Оқушыларды ынтымақтастыру мақсатында тренинг өткізу. Оқушылар қол ұстасып шеңбер құрады, көршісіне ізгі тілектерін айтып шығады.
- Шеңберде тұрған бойда 1,2,3,4 деп санамақ арқылы 4 топқа бөлінеді. - Амандасады, кезекші оқушы жауап береді;
- Сыныптасына ізгі тілек білдіреді;
- Топқа бөлінеді;
- Назарларын жаңа сабаққа аударады. Қол шапалақтау арқылы өздерінің көңілдерін көтереді.
2. Тұсау кесер
(6 мин.)

1. «Үй жұмысын сұрау»
§8.15 Су тақырыбы
А) Сурет бойынша жазылған эссені берілген критерий бойынша тексертеді.
Ә) §8.15 бойынша үй тапсырмасын тексеруге арналған тапсырма береді

Дұрыс жауаптарын интерактивті тақтада шығарады, тексерулерін қадағалайды

2. «Ой қозғау»
(Оқушыларға сұрақ қою арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашады, өткен сабақпен байланыстырады) (2 мин) Сәйкестендіру тесті
Адам ағзасындағы судың үлесі завод, фабрикалар, адамдар
Судың жер қыртысындағы үлесі 0,7 г
Суды ластайтын факторлар - 65%-70%
1 т суды зарасыздандыруға кететін хлор массасы 250 т
1 т қағаз алуға кететін судың мөлшері еріген заттардан тазартылған су
Дистильденген су- 70%
Қондырғы ішінде су қайнап, 2 л
Адам организміне тәулігіне қажетті судың мөлшері буға айналып ұшады.

Күкірт қандай элемент? Оның валенттілігі және тотығу дәрежелері қандай? Ол қандай қосылыстардың құрамына кіреді? Күкірт адамзат баласына керек пе? Оның қандай қосылыстарын білесіңдер?
(Жаңа сабақтың тақырыбын ашады) -Критерий бойынша эсселерін бағалайды;
-Оқушылар тапсырманы орындайды;
-Тапсырмаларды сағат тілімен алмастыру арқылы тексереді.

Күкірт туралы тақырыптың мәнін ашады.

Бағалау парағына алынған бағасын өздері қояды.
3. Негізгі бөлім

(33 мин)

3. «Мағынаны тани білу»
а) «Тақырыппен танысу»
оқулықтағы мәліметтермен және қосымша ресурстардың көмегімен оқушыларды танысуға бағыттайды
ә) «Топтық жұмыс» (топ бойынша тақырыпты бөліп береді, топтардың жұмыстарын бақылайды) б) «Серіктестермен әңгімелесу»
(Жұппен жұмыс, топпен жұмыс тапсырмаларын береді)

4. Жұмыстарды қорғау
(Топтардың жұмыстарын қадағалайды) (12 миут)

5. Жаттығулар орындау
(5 мин.)
- Жаңа сабақ бойынша интерактивті тақтада тапсырмалар орындатады.
- Дұрыс жауаптарын шығарып, оқушылардың бір-бірімен алмасып, тексеруін, бағалау парағына түсіруін қадағалайды. Оқулықпен және берілген ресурстармен оқушылар жеке-жеке тақырыппен танысып шығады.
Оқушылармен бірлесе отырып 9-сыныптағы білімдеріне сүйене отырып атом құрылысын мұғалім қайталатады.
«Топтық жұмыс» (топ бойынша тақырыптың бөлінуі)
1топ- Табиғатта таралуы және алынуы;
2топ- Физикалық қасиеттері;
3топ- Химиялық қасиеттері;
4топ- Қолданылуы.

Топта ұжымдасып жұмыс жүргізуді үйрену, өзара көмек көрсету.
Топтар дайындаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды.

Жаттығулар
1. Келесі реакцияларды электрондық баланс әдісімен теңестір
S + HNO3 = H2SO4 + NO2 + H2O
FeS2 + O2 = SO2 + 2Fe2O3
FeS2 + O2 = SO2 + Fe2O3

2. Массасы 500 г 10%-тік H2SO4 (күкірт қышқылының)ерітіндісі берілген.егер ерітіндіге 0,5 л су қоссақ,онда ерітіндінің концентрациясы қандай болады?
3. Техникалық магний сульфатының 0,4085г өлшендісінен 0,1800 г. Mg2P2O7 алынды. Техникалық магний сульфатындақаншапайыз MgSO4 • 7H2O бар?
4. Айдың қабатының үлгісінде табылған минералдың құрамы: 16,2% Са, 22,5% Fe, 22,6% Si, 38,7% О. Осы минералдың эмпирикалық формуласын анықтау қажет.
5. Егер теориялықпен салыстырғандағы шығым 85%-ке тең болса, 60 кг күкірт колчеданынан қанша 96 % -ті күкірт қышқылын алуға болады? - Тақырыпты дәптер-леріне жазады;
- элек. оқулықтан тақырыппен танысады; (3 минут);
- Керекті анықтама, терминдерді дәптер-леріне түртіп алады;
- Жұп бойынша, топ бойынша оқығандарын түсіндіреді, топта талдайды; (3 минут)
- Флипчартта жұмысты дайындайды (10 минут)
Дайындаған жұмыстарын қорғайды (3мин*4 топ =12 минут)
Жаттығуларды орындайды.

Интерактивті тақтада шыққан дұрыс жауаптары бойынша бір-бірімен алмасып, тексереді Бағалау парағына топтық жұмысқа қатысып, түйінді ой айтқан оқушыларды топта ақылдасып, критерийлер бойынша оқушылар өздерін бағалайды.

Топтарды критерийлер бойынша оқушылар бағалайды.

Критерийлер бойынша оқушылар өздерін бағалайды.

4. Қорытын
ды
(2 мин) - Оқушыларға рефлексия жаздырады, үйге тапсыма береді, қорытынды бағаны айтады;
- Оқушылардың бағаларын күнделікке қояды, журналға түсіреді;
- Қорытындылайды, қоштасады.
Оқушыларға бағалау парағы мен рефлексия парағы таратылады.
Үйге тапсырма: §18.6. №7-10
- Бүгінгі сабақ туралы рефлексия жазады;
- Дәптерлеріне үй тапсырмасын жазады, қорытынды бағаларын шығарады
- бағаларын күнделікке қойғызады, мұғаліммен
қоштасады. Қорытынды баға бағалау парағына қойылады, журналға түсіріледі.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
«Ғани Мұратбаев атындағы»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мұғалімнің аты – жөні:Болганбаева Күлдар Атемовна
Ұлты: Қазақ
Туылған күні , айы, жылы: 24.03.1964
Бітірген оқу орны : ОҚМУ
Білімі: Жоғары
Оқу орнын бітірген жылы: 2004ж
Диплом бойынша мамандығы: химия- биология
Жалпы еңбек өтілі: 34 жыл
Педагогикалық еңбек өтілі: 12 жыл
Санаты : жоғары
Сабақ беретін пәні: химия, биология
Мақтау қағаздары:А.Б.Б. обл ББ
Озық іс – тәжірибесінің
тақырыбы: Тағам химиясы
Озық іс – тәжірибесінің
таратылған жылы: 2010 облыста
Шығармашылық тақырыбы: Балдың пайдалы қасиеттері

Байланыс телефоны: +7775-852-22-64
Электронды мекен жайы: kuldar.04@mail.ru Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Күкірт және оның қосылыстары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 374 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar