Меню
Назад » » »
«Көктем»
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№120 Б. Момышұлы атындағы жалпы
орта мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі
ҚАСЫМСЕЙІТОВА Ә.

Сабақтың тақырыбы: «Көктем»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға көркемдік білім беру, көзге көрініп тұрған нәрсені салуды, алыстаған сайын кішірейтіп көрсетуді, жақын жердегі көріністермен салыстыруды, оқушылардың дүниетанымын арттыра отырып, табиғатты сүюге, қорғауға бақылауға, үйрету, этюд жасауға бейімдеу;
Дамытушылығы: Көктемгі пейзаж жанры туралы білімдерін тереңдету, акварель бояуларымен және гуашь бояуымен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелілігі: Табиғаттың әсемдігін қорғауға, көктем мерекелерін білуге, аналарды ардақтап, салт – дәстүрді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың өтілу әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ – жауап
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбы, буклеттер, суреттер, әртүрлі жануарларға байланысты суреттер.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі, еңбек.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгелдеу
б) сабаққа керекті заттарды тексеру
в) оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Психологиялық дайындық:
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ІҮ. Өткенге шолу:
Сұрақ – жауап:
1. Натюрморт дегеніміз не?
2. Сәндік натюрморт пен натюрморттың арасындағы айырмашылық қандай?
- Олай болса, сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақты шеше отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып алайық.
К О М П О З И Ц И Я
О Ю - Ө Р Н Е К
А П П Л И К А Ц И Я
Н А Т Ю Р М О Р Т
П Е Й З А Ж
М О Н О Т И П И Я
1. Кез - келген затты дұрыс орналастыру не деп аталады?
2. Қазақтың ұлттық киімі немен безендіріледі?
3. Түрлі – түсті қағазбен жұмысты қалай айтамыз?
4. 2 – 3 заттан құрылған үйлесімді орналасқан шығарманы қалай атаймыз?
5. Табиғатты бейнелеу не деп аталады?
6. Бір басылымды сурет қалай аталады?

Жыл мезгілі туралы қысқаша мағлұмат беру.

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ


Қыс Көктем Жаз Күз

Наурыз Сәуір Мамыр
І – топ «Наурыз»
ІІ – топ «Сәуір»
ІІІ – топ «Мамыр»

Ү. Жаңа сабақ: Көктем
- Міне, көктем де келіп жетті. Қар еріп, мұз сүңгілері наурыз әнін айтып, қар астынан су сылдырайды. Жасыл шөптің басы қылтиып көріне бастады. Алғашқы бәйшешек гүл жарды. Құстар көңілді әнге көшті. Күн шуағын төгіп, көктемгі көгілдір аспанды нұрға бөлейтін күндер алыс емес. Аспанда ақ шөкім бұлттар көшіп барады. Айнала гүлге, жасыл желекке оранды.
Достарыңмен бірге көктемгі желмен жарыса көк майса үстімен жүгіргенге не жетсін. Осы көріністі көз алдыңа елестетейік. Сөйтіп, оны қағаз бетіне түсіріп көрейік!
ҮІ. Сергіту сәті:
ҮІІ. Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді алайық,
Қолға қалам алайық – деп балалар сурет салуды бастаймыз.

ҮІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Әр топқа жеке – жеке тапсырма: сұрақ – жауап
І – топ «Наурыз»
Киіз үйдің іші қандай заттармен жабдықталады?
Киіз үй қандай жағдайда тігіледі, ол неден жасалады?
Киіз үйдің қабырғасын не деп атаймыз?
ІІ – топ «Сәуір»
Қарлығаш қандай құс?
ҰБЛЛБҰ – қандай құстың аты?
Құстар неліктен күн суығанда жылы жаққа ұшып кетеді?

ІІІ – топ «Мамыр»
Грейк қызғалдағы неліктен қызыл кітапқа енген?

Саған қызғалдақ гүлі ұнайда ма?
Қызғалдақ гүлінің тағы қандай түсі бар?
- Сұраққа жауап берген оқушылар бағаланып қолдағы парақшаны плакатқа жапсырады.



ҮІІІ. Сабақты қорыту:
ІХ. Оқушыларды бағалау:
Х. Үйге тапсырма:Пейзаж салып келу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Көктем» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 268 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar