Меню
Назад » » »
Көктем
загрузка...

загрузка...
«Аққайың» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Көктем
ІІ кішкентайлар тобы: Балапан
Тәрбиеші: Бақтыбаева Нұржамал Шәкірқызы

2015-2016 оқу жылы
Білім беу саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Көктем»
Мақсаты: Ашық сюжетті суретті қарауға үйрету, адамдар бейнеленген кейбір мүшелерді көрсету. Киіміне балалар ойына мән беру. Сюжеттік суретті жыл мезгілімен байланыстыру көктемнің құбылыстарын көрсету, табиғаттың өзгерісін және белгісін көрсету.

Мотивациялық қозғаушы.
Тәрбиеші: Әдептен озбай бүгінгі келген қонақтар мен сәлемдесіп алайық.
Балалар: Сәлемдесу
Үлкенге сіз,
Кішіге сіз,
Баршаңызды құрметпен,
Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбер.
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.
Шаттық шеңбер арқылы балалар, бір-біріне жағымды тілектер білдіріп, жарқын көңіл күй, достық сезім сыйлайды.
Деніміз сау болсын!
Тату болайық!
Іздену ұйымдастыру.
Балалар көңіл күйлерің қалай?
- Тамаша!
Балалар біз ендеше «Тамаша» ойынын ойнап жіберейік.
Ойын «Тамаша»
Шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер жақсы тамаша деп жұдырықты түйіп бас бармақтарыңды көтеріп, бір-бірлеріңе көрсетесіңдер.
- Гүлдердің иісі қандай?
- Тамаша!
- Құстардың дауысы қандай?
- Тамаша!
- Жайқалып өскен шөп қандай?
- Тамаша!
Балалар, ендеше жан-жағымызға қарайықшы.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Көктем»
«Көктем» туралы кім тақпақ айтады?
Әзиза
Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Балалар, көктемнің ерекшеліктері
Көктемде қар ериді, жаңбыр жауады, ағаштар бүршік шашалы, құстар ұшып келеді, шөптер гүлдер өседі, малдар төлдейді, аюлар ұйқыдан оянады.
Есік қағылады. «Көктем» ханшайымы келеді.
- Сәлеметсіздер ме балалар
- Сәлеметсіздер ме көктем ханшайымы
Көктем: Сендердің білімдеріңді байқайын деп келдім. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, жұмбағымды шешсеңдер сендерді саяхатқа шақырамын.
Жұмбақ
Күн күлімдеп оянып,
Сәуле шашты сиқырлап.
Алуан түске боялып,
Жердің беті құлпырды.
Балалар: Жұмбақтың шешуі (Көктем)
Көктем: Балалар жарайсыңдар саяхатқа немен барамыз!
Балалар: Пойызбен барамыз!
Көктем: Балалар, біз қайда келдік?
Балалар: Орманға
Көктем: Жасыл болып не көрініп жатыр?
Балалар: Шөптер
Көктем: Әдемі болып не өсіп тұр?
Балалар: Гүлдер
Көктем: Гүлдер қандай әдемі (қане иіскеп көрейікші)
Балалар гүлдерді иіскейді.
Неткен әдемі гүл! Құстардың дауысы естіледі
Балалар құстардың дауысын тыңдайды.
Ағып жатқан сулардың дауысы қандай?
Балалар: Тамаша!
Балалар ормандағы аю жайлы тақпағымызды айтайықшы.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен
Теріп, теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Аю: Мен жайлы айтып жатқан кімдер?
Балалар!
Көктем: Аю балалар бізге қонаққа келді, өздері сондай сүйкімді балалар екен.
Аюмен ойын: «Ненің жүрісі»
Аю сияқты қорбаңдау,
Қоян сияқты секіру.
Көктем: Жарайсыңдар балалар мен сендерге риза болып, сендерге сыйлық жасайын деп тұрмын.
Балалар біз қайда бардық?
Орманға
Бізді орманға кім алып барды?
Көктем
Біз онда не көрдік?
Құстар, гүлдер, аюды
Біз орманда не тердік?
Гүл
Таңғажайып сәт!
Мен көктемнің алғашқы гүлі бәйшешекпін. Менің достарым жоқ. Мына жерден сендердің көңілденген дауыстарыңды естіп келдім. Сендер менімен дос боласыңдар ма?
Ия
Онда бізбен бірге болып балалардың өнерін тамашала.
Бәйшешек: Ендеше мен сендерге «көктем» әнін ала келдім.
Менімен қосылып айтыңдар.

Рефлекстік ояту
Дидактикалық ойын:
«Жақсы мен жаман»
Мақсаты: Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды. Жаман қасиет болса тыныш отыру.
Балалар ойынның ережесін бұзбай орындайды
- Гүлдерге су құю
Балалар: Қолдарын шапалақтады
- Ағаштарды сындыру
Балалар: Тыныш отырды
- Құстарға ұя жасап беру
Балалар: Қолдарын шапалақтады
- Гүлдерді жұлу
Балалар: Тыныш отырды
Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар: Әзиза, Исламбек, Назым
Ал енді осы гүлдерді бүгінгі келген қонақтарға «Күнің жарқырай берсін!» деп тілек айтып бере қойыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Көктем айларын, олардың ерекшеліктерін, атай білу.
Игеру: Аңдардың қимыл қозғалысын
жасай алады.
Меңгеру: Дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастырады, табиғатты сүйе білуге және қорғауға үйретіп, меңгерту. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Көктем можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 234 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar