Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көктем бақбақтары -

Көктем бақбақтары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2978 | Размер: | Автор: гость
. Ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдер: Құрастыру.
Тақырыбы: « Көктем бақбақтары »
Мақсаты : балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, саусақ қимыл қозғалыстарын дамыту.
Тәрбиелік:Бақбақ гүлін жасай білуге қызығушылығын арттыру, гүлдерді жұлмауға, күтіп баптауға, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың эстетикалық сезімдерін, қиялын дамыту. Өй-өрісін дамыту. Түсті қағазды пайдалана отырып, қол моторикасын,икемділіктерін дамыту.
Қажетті құрал- жабдықтар: бақбақ гүлінің үлгі суреті.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ- жауаптар.
Биллингвиз : бақбақ- одуванчик-dandelion
Оқу іс- әрекеттерінің кезеңдері
Педагогтің іс- әрекеті
Балалардың
іс- әрекеті

Мотивациялық
қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі Амандасу рәсімі Балалар , сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жайнайды қаламыз Жайнайды даламыз Қайырлы таң, балалар ! .

Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір –біріне жылы лебіздер білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік ІІ.Негізгі бөлім Сұрақтар қояды. -Гүлді қалай өсіреді? -Қандай гүлдерді білесіңдер? -Гүлді кімге сыйлаймыз? -Гүлді өсіру үшін жерге егміз, топырағын қопсатып, үнемі су құямыз. Ал, қазір біз сары түсті қағаздан көктем бақбақтары гүлін жасаймыз. Педагог үлгі суретті талдау жасайды. Балалардың алдына суреттер таратылады. Бақбақ гүлін жасау үшін қағазбен жұмыс жасау жолдарын түсіндіреді.Арнайы дайындалған бақбақ гүлінің жапырағы және сабақтары бар. Педагог балаларға қиылған ақ қағаздарды таратып, оны алақан арасына салып, саусақтармен басып- жаншып, умаждауды көрсетеді. Қағазды жазып тағы да екінші рет умаждайды. Оны алақан арасына салып домалақтайды, дайын болған қағазды бақбақ гүлінің сабағына қойып көреді. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық Бір отырып,бір тұрып Бойымызды жазайық. Биллингвиз : бақбақ- одуванчик-dandelion « Бақбақты үрлейміз» ойыны. Өздері жасаған бақбақ гүлінің бастарын алақан арасына салып, қолдарын жоғары көтеріп оны үрлеп ойнайды. Сұрақтарға жауап береді. -Су құяды. -Бәйшешек, қызғалдақ. -Аналарға.
Қарайды, мұқият тыңдайды.
• Қ

Балалар суретті қарап көреді
Қиылған дайын қағаздарды саусақтарымен басып, алақан арасына салып умаждайды. Балалар педагогтің көрсетуімен бірге қағаздарды умаждап, дайын болғанда әр бала өзінің алдындағы үлгіге қойып көреді.

Ойын ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік ІІІ.Қорытынды бөлім
Не жасадық? -Қандай гүл? -Сабағы қандай? -Жапырағы қандай? -Гүлі қандай? Бақбақ гүлдерін жинап, үстел үстіне қойып, оның ең жақсы жасалғанын Көрме ұйымдастырады.мадақтап, қорытындылайды.
-Гүл. -Бақ-бақ. -Сабағы жасыл түсті. -Жапырығы жасыл түсті. -Гүлі сары түсті.
Балалар өздерінің гүлдерін көрсетіп, жапырағының, сабағының және гүлінің түстерін ажыратып айтып береді.

Күтілетін нәтиже:
нені біледі: бақбақ гүлін қағаздан жасай алуды ;
қандай түсініктерді игереді: бақбақ гүлі жайында түсініктерді игеруді ;
меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қағазды умаждап белгілі бір пішінге келтіре білуге дағдыланады.

Ұйымдастырлған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімдер: Көркем әдебиет Тақырыбы : Т.Мұратов « Наурыз мейрамы» өлеңі Мақсаты: Білімділік: Балалардың Наурыз мейрамы туралы түсініктерін қалыптастыру. Өлең – тақпақтар арқылы ауыз екі сөйлеуін, тілдік қорларын молайту. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Дамытушылық: Суретпен жұмыс жасау арқылы өз ойларын толық әрі анық айтуға дағдыландыру, тілдік қорларын молайту, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Ойлауын, зейінін дамыту. Билингвизм әдісі арқылы үш тілділікті меңгерту. Қарындашпен қалай бояу әдісін көрсету. Қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа , еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Балаларымызда халқымыздың салт – дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап ,әңгімелесу, ойын. Көрнектіліктер: бейнетастапдан «Наурыз» мерекесін көрсету.
Әрекеттердің кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Ұйымдастырушылық қозғаушылық
І .Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі Амандасу рәсімі

Шеңбер жасап тұрып, Наурызға арналған тілектер айту. Балалар педагогтің көмегімен бірге тілектерін білдіреді.
-Наурыз мерекесі құтты болсын!
-Ақ көп болсын!
-Жақсылық мол болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
Ұйымдастырушылық –ізденістік ІІ.Негізгі бөлім
- Бүгін біз Т.Мұратов « Наурыз мейрамы» өлеңімен таысамыз.Өлеңді мәнерлеп оқып,мағынасын ашып түсіндіру. Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Наурыз!
Наурыз – көктемдегі адамдардың асыға күтетін мерекелерінің бірі. Наурыз жыл басы деп аталады. Бұл күні барлық адамдар бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Бір – біріне «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын» деген тілектерін айтады.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық Бір отырып,бір тұрып Бойымызды жазайық.
Наурыз мерекесінің тағы бір ерекшелігі адамдар үйлерін, аулаларын тазалап, көшеттер отырғызады.
Наурыз күні не пісіріледі?
-Наурыз мерекесінде қазақ халқының ұлттық тағамының бірі – Наурыз көже пісіріледі. Балалар наурыз көжені 7 түрлі тағамнан дайындайды.
Наурыз мерекесінде ұлтық ойындар ойналады.


Балалар өз ойларын айтады.

Қимылдарын қайталап сергіту сәтін жасайды.

-Наурызкөже.

Балалар қайталап айтып береді.

.

Рефлексиялық-түзетушілік. ІІІ.Қорытынды бөлім
Ойын: «Қуыр – қуыр – қуырмаш»
Қуыр – қуыр – қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Тауықтарға тары шаш,
Әжең келсе, есік аш. Оқу іс – әрекетін қорытындылау
Балалар қолдарын ашып, бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін саусақтардың атын түгел атап береді: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек
Балалар берілген сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже; Наурыз ұлттық мереке екенін біледі; Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін сезініп, бір – біріне тілек айта білуді игереді; ұлттық ойындар және ұлттық тағамдар туралы мәліметтерді меңгереді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Сүйікті мысығым»
Мақсаты:
Дамытушылық:
үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, шығармашылық ой қиялын дамытып, Тәрбиелік: Мысықпен таныстыру, мысық туралы түсініктерін қалыптасу,оның қалай дыбыстайтынын меңгерту, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балаларды үй жануары – мысықпен таныстырып, оның қимыс іс – әрекеті, пайдасы жайындатүсінік беру, үй жануарларына мейірімді болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері, мысықтың суреттері, себеттегі жіптер, тышқан мен мысықтың суреттері.
Биллингвиз : мысық-кошка- cat
Әрекеттің
кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялы

ынталандыру кезең І .Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі Амандасу рәсімі Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым!
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын атаңдаршы.
-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Жартылай шеңбер жасап отырады.

-Көктем
-Наурыз,сәуір,мамыр
Күн жылынып,қар еріп,ағаштар бүр жарып,бәйшешек бүршік атады.
Ұйымдастыру

ізденгіш кезең

.Негізгі бөлім: Бүгін үй жануарларының бірімен танысамыз, ол қандай жануар екені әзірге құпия, тек мен айтқан жұмбақты шешсеңдер ғана білетін боласыңдар. Өз құйрығын өзі қуып ойнайды, Допты көрсе домалатып қумайды. Беті қолын қайта – қайта жуады. Тышқандарды үйімізден қуады. Есік қағылып, Нұрай қуыршақ келеді (қолында мысығы бар). Сәлеметсіз бе! Кіруге рұқсат па?
Мен жолда келе жатып мысық тауып алдым.Қасында қожайыны жоқ екен, аяп кетіп өзіммен бірге алып келдім. Балалар қарңдаршы қандай сүйкімді мысық. Сен,жақсы келдің Нұрай қуыршақ бүгін біз мысық туралы әңгімелесіп жатқанбыз.Кел отыр,қонақ бол.
Мысық үй жануары, оның пайдасы көп, ол жүрген жерді тышқан болмайды. Мысық еркелегіш, балалармен ойнағанды және және сүт ішкенді ұнатады. Өзіне жарасар дауысы бар, қандай? Тәрбиеші: Мысықты «кис - кис» деп шақырып сипап, кішкене сүт құйып береміз.
Оның жүні тықыр болады, құлақтары тікірейген, құйрығы ұзын мына суреттегідей. Қалай ойлайсыңдар мысықты желкесінен ұстар, құйрығынан сүйреп жәбірлеуге бола ма? Енді мысықты үш тілде айтып көрейікші қане,
Биллингвиз : мысық-кошка- cat
Сергіту сәті:
Мысығым ау, мысығым,
Пырылдаған пысығым.
Асыр салып жүгіріп,
Айтқанымды ұқпайсың.
Ендеше мысық туралы тақпақ білетіндерің бар ма?


Мысық

Сәлеметсіз бе Нұрай қуыршақ

-Мяу

Жоқ, оның денесі ауырады, сосын ол адамды жек көріп, үйден безіп кетеді.
Жануарларды қорлауға болмайды.
Жекелеме, хормен қайталайды.
Қимылдарын көрсете отырып, сөздерін айтады.
Бала мысық батыл – ақ. Тышқан ұстау талабы. Сылдыр етсе жапырақ. Тісі қышып қалады.

Рефлексиялы

түзету кезең ІІІ.Қорытынды бөлім Ал балалар мысық қандай жануар?

Немен қоректенеді?

Ал немен ойнағанды жақсы көреді?
Мысыққа қалай қамқорылқ жасауға болады? Тәрбиеші: Балалар мысықтың жақсы көріп ойнайтын ойыны «Жіп шатастыру». Әжелеріміздің шұлық тоқитын жіптерін домалатып, шатастырып ойнайды, қазір біз мысық болып жіптермен ойнаймыз. Ойын шарты: «1-2-3 ойынға түс!» - дегенде мына себеттегі жіптерді шашып жіберемін, сендер оларды жауып қайтадан себетке тезірек жинайсыңжар. Кім тез жинаса, сол жеңімпаз мысық болады
Балаларды мақтап мадақтау.
Үй жануары.
- Сүтті және тышқанды жақсы көреді.
- Жіппен.
- Мысықты ұруға болмайды, оған сүт, су беру керек.

Ойынды қызыға орындайды

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Мысықпен танысу,дене мүшесін,жұмбақ шешу,қойылған сұрақтарға толық жауап беру. Болу керек: мысық туралы түсініктері ;үй жануарларына мейірімді болу керек. Істей білу керек: Өлеңді жаттауға, ойларын толық, анық жеткізу. Сұрақтарға толық жауап беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.