Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көктемгі гүлдер. -

Көктемгі гүлдер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5865 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылы
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің
мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі
Конирбаева Бибигул Тулегеновна
Тақырыбы: Көктемгі гүлдер.
Мақсаты: Балаларды әсемдік әлеміне үйрету, гүлдер туралы түсінік беру, балалардың көркемдік талғамын дамыту.
Тәрбиелігі: Гүлдерді күтіп – баптауға тәрбиелеу, балалардың гүлдерге қамқорлық сезімін ояту. Өлең, тақпақтар, нақыл сөздер арқылы тіл байлықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Суреттер, көктемгі гүлдердің суреттері,бөлме өсімдіктері т.б.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Дала қандай керемет,
Құшағың гүлге толады.
Қызыл, жасыл көбелек,
Бір ұшып, бір қонады.
Көбелекте гүл мекен,
Гүлге жаны құмар-ақ.
Ұстай алмай балалар,
Көп жүгірді қуалап.

II. Жаңа сабақ:
Мұғалім: -Балалар, гүлдер жалпы екі топқа бөлінеді. Біріншісі- дала гүлдері. Екіншісі- бөлме гүлдері. Дала гүлдері далада өседі. Оларды жаңбыр суғарады. Ал бөлме гүлдерді адамның көмегімен өседі. Олар алуан түрлі болып келеді.
Ал бәріміз қазір табиғат бұрышындағы гүлдерді атап шығайық. Фикус, алоэ, герань. Дала гүлдеріне бәйшешек, түймедақ, қызғалдақ, жауқазын, бақ-бақ жатады. Гүлдердің пайдасы өте көп.
Ал енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
1) Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен.
Шалшық кешіп, ойнатын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Көктем)

2) Құлпырса қадірлейді, аялайды,
Қураса сыпырғышқа жарамайды. (Гүл)
Жарайсыңдар ,дұрыс айтасыңдар .Ендеше ,мына гүлдер арқылы бір-бірімізге тілек айтайық.
Тілек шеңбері;
1.) Бәріміз тату болайық
2.) Гүлдей болып жайнайық
3.) Бәріміз дос болайық
4.) Аман болайық
5.) Ата-анамыз аман болсын.
6.) Бақытты болайық
7.) Аспанымыз ашық болсын
8.) Нан көп болсын
9.) Дастархан бай болсын.
10.) Дендеріңіз сау болсын
11.) Елімізде бірлік болсын.
Қуанайық,шаттанайық бәріміз!
Күліп шықты күн бүгін.Бәріміз күндей жарқырайық
-Балалар қараңдаршы біздің жақсы тілегімізде мына гүліміз жанданып ,құлпырып кетті.Бүгін біз осы әсемдік әлемнің белгісі гүл туралы әңгімелейміз.
Сергіту сәті;
Күн шықты ,гүлдер жайнап,өсіп келеді.
Қатты жел соғып бастайды,
Гүлдер желмен шайқалды,
Бір мезгілде аспанға бұлт шығып
Жаңбыр жауа бастады.
Гүлдер тоңып бүрісіп қалды.
Балалар қолдарын тізесіне қойып отырады.
Балалар біздер бүгін гүл туралы көп мәліметтер алған сияқтымыз.
Ал енді балалар осы әдемі гүлдеріміздің суретін салып көрейікші.
Топтық жұмыс: 1топ-сары
2топ-қызыл
Топ-топқа бөлініп гүлдер жасау. Осы гүлдерімізді көрмеге апарып қояйық. Балалар гүл туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1)Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.
2)Гүлді жұлма, бұтақты сындырма.
Ал енді балалар кім гүл туралы тақпақ біледі:
1-оқушы: Қыр басына шығайық,
Көктем тілін ұғайық.
Қызғалдақты терейік,
Теріп үйге келейік.
2-оқушы: Көбелектек киінген,
Гүлдей көріп сүйінген.
Алақайлап жүгірген,
Қып-қызыл бет бүлдірген.
3-оқушы: Ұмытпай күнде,
Су құям гүлге.
Жайнайды гүлім,
Құлпыртып түрін.
Енді балалар ойынға да кезек келді.
Көбелектер гүлге қонды.
Шар мен гүлдер арқылы ойналатын ойын.
Сонымен біз бүгін не туралы әңгімеледік? Гүлдер туралы.
Гүлдер әдемі жақсы өсу үшін не істеу керек? Су құю керек.
Тағы немен шұғылдандық? Сурет салдық, тақпақ айттық.
Міне, балалар салған сурет жұмыстарымызды бағалайық. Суреттерімізді көрмеге қоямыз. Жарайсыңдар балалар сендерге осы гүлдердей жайнап өсе беріңдер.
III.Қорытынды: Қол ұстап тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау- саламат болайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.