Меню
Назад » » »
Көлік түрлері
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы,Шымкент қаласы,С.Көбеев атындағы№56 жалпы орта мектебінің Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Арипбекова Балзия Полатханқызы.
Білімдік аймағы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Көлік түрлері
Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру және қарапайым құрастыру
іскерліктерін дамыту.
Конструкторды пайдаланып көлік жасауға үйрету арқылы ой - өрісін,
логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Балаларды ұйымшылдыққа,бірлесіп еңбек етуге үйрету.
Көрнекілігі: суреттер,конструктор
Әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.
“Шаттық шеңбері”
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.Әрдайым көңілді жүру үшін бір-бірімен жақын дос болып,күлкі сыйлауға ұсынады.Балалар қол ұстасып бір-біріне жылы сөздер айтады.
Дос,дос,дос
Екі қолым бос,
Қол ұстасып бірге
Боламыз біз дос.
-Менің досым өте ақылды.
-Менің досым сыпайы.
-Менің досым сүйкімді.
Ой қозғау:- Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір орыннан екінші орынға қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.Сонымен қатар шаруашылықта жер жыртып,егін егу үшін өгізге соқа жегіп пайдаланған.

I Ұйымдастырушылық
Балалар бүгінгі таңда ғылым мен техника дамыған.Көліктердің алуан түрі әр күн сайын жасалып шығуда.Қазіргі кезде көшемізден көліктердің көп түрін көруге болады.Жалпы көліктер 3 топқа бөлінеді:
1.Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.
2.Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады.
3.Жер көліктеріне машина, автобус, поезд тралейбус т. б жатады.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
–Күз.
-Күзден кейін қайсы мезгіл келеді?
–Қыс.
-Дұрыс айтасыңдар балалар,қыс мезгілінің бірінші айы 1желтоқсанда “Еліміздің тұңғыш президенті” күні.
-Балалар , Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
–Н.Ә.Назарбаев.
- Н.Ә.Назарбаев қай қалада тұрады?
–Астанада.
-Жарайсындар балалар,олай болса барлығымыз бірге мерекеге Астанаға барайық.Астанаға бару үшін бізде 3 жол бар:1- жол әуе жолы,ұшақпен бару,2- жол су арқылы кемемен бару,3-жол поездбен бару.
“Кім жылдам” ойыны
Балаларды үш топқа бөлу.Әр топтың топ басшылары ортаға келіп жасырын суретті таңдайды.Жасырын қағаздарда ұшақ,кеме,поезд суреттері бар.Топ басшылары алған суреттеріне сәйкес жолды таңдайды. Әр топ топ басшылары таңдаған суретке сәйкес көлік қурастырады.
Балаларға конструкторлар үлестіріліп беріледі.
-Балалар,қай топ бірінші болып өз көліктерін құрастырып бітсе,барлығымыз сол топтың көлігімен барамыз.
Балалар,конструктормен жұмыс жасайды.Жеңімпаз топтың жұмысын таңдап алып,көлікке жүргізуші таңдалады.
-Балалар жарайсыңдар! Ендеше біз көлігімізді жүргізетін жүргізуші таңдап алайық.Ол үшін сендер жол ережесін жақсы білулерің қажет.
Жұмбақ
Бір көзім: кідір дейді,
Бір көзім: жүгір дейді,
Бір көзім: абайла дейді
Қарап ал маңайға дейді.
Жұмбақты бірінші болып шешкен оқушыны жүргізуші етіп таңдау.

Сергіту сәті: Балаларды жүргізушінің артынын қатарға тұрғызып сыныпта жүріп жол ережесін іс-қимылмен көрсету.
Қорытынды:
-Балалар,енді сендер көлік түрлерін білесіңдер.
-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Кімге қай көлік түрі ұнайды?
-Саяхатқа қандай көлікпен барғыларың келеді?
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтап-мадақтау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Көлік түрлері можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 400 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar