Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көмектес септік -

Көмектес септік

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1724 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы
№3 ЖОББҚМ бастауыш сынып мұғалімі
Қаденова Асылгүл Қанатқызы


Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге - мен, - бен, - пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру, көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.
ә) Тәрбиелілігі: Сауаттылыққа, мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.
б) Дамытушылығы: Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп, шапшаң ой қорыта
алуға дағдыландыру.

Түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру, топтастыру, көрнекілік.
Құрал – жабдықтар, көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, сөзжұмбақ, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Балалар, біздер қазақ тілі сабағын неден бастайтын едік?
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Бүгінгі сабағымызда 3 қатар 3 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
І-топ: «Бірлік»
Топтың ұраны: «Бірлік болмай, тірлік болмас»

ІІ-топ: «Ынтымақ»
Топтың ұраны: «Ырыс алды – ынтымақ»

ІІІ-топ: «Татулық»
Топтың ұраны: «Татулық – табылмас бақыт»
- Ал, енді балалар, қазақ тілінде неше септік бар?
- Қазақ тілінде 7 септік бар.
- Қандай ?
- Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Қазақта 7 санын «Киелі сан» деп айтады.
-Ал осы 7 санына байланысты не білеміз? (оқушылардан ауызша сұрау)
-Жеті қазына.
Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл – білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит)
-Жеті ата.
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата.
-Жеті күн.
1.Бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына
2. Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі (сәтті күн), Бейсенбі, Жұма (қасиетті күн), Сенбі, Жексенбі.
-Жеті жетім.
Тыңдамаған сөз жетім ,
Киюсіз тозған бөз жетім ,
Иесіз қалған жер жетім ,
Басшысы жоқ ел жетім ,
Аққу – қазсыз көл жетім ,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаған –
Бәрінен де сол жетім.
-Жеті жоқ.
Жерде өлшеуіш жоқ
Аспанда тіреуіш жоқ
Таста тамыр жоқ
Тасбақада талақ жоқ
Аллада бауыр жоқ
Аққуда сүт жоқ
Жылқыда өт жоқ
- Жарайсыңдар !

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Шығыс септігі 339-жаттығу. Тыйым сөздерді жаттап алып, ішінен шығыс септігіндегі сөздерді табу.
- Өткен сабақта біздер шығыс септігін өттік. Ең әуелі шығыс септігінің ережесін кім айтады?
- Шығыс септігі зат есемдер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан деген сұрақтарға жауап береді. Жалғаулары: - дан, - ден, - тан, - тен, - нан, - нен.
- Жақсы балалар, үй тапсырмасын жақсы орындап келген екенсіңдер.
- Балалар, мен сендерге жаңа сабақ бастамас бұрын мынандай ертігі айтып берейін, тыңдағыларыңыз келе ме?
- Ол болса, мұқият тынышталып тыңдайық (ертегі оқу)
Ертегі.
« Жеті септік »
Балалар, бүгін біз «Морфология» еліндегі зат есім ауылына барамыз. Ол жерде барлық заттың атауын білдіретін сөздердің басын қосып, олардың қалай айтылып, қай жерде жүретініне басшылық жасап, жол көрсетіп, ақыл айтып отырған ақылгөй дана болыпты. Оны (Зат есімнің данасы» деп атапты. Ауыл адамдарының бәрі сол данадан ақыл – кеңес сұрапты. Бірде ешқандай баласы жоқ кедей, сол данаға барып перзент сүйгісі келетінін айтады. Сонда қария батасын беріп тұрып, «Үш күннен соң түс көресің, түсіңді жеті мүшеңе жеті құт берем», - деген. Сөйтсе ол жеті құт дегені жеті перзент екен. Көп күндер, айлар өтіп, кедейдің әйелі жеті ұл табады. Енді оларға қалайша ат қойсам екен деп, қайтадан данаға келіп ақыл сұрайды. Сонда қария:
-Тұңғышыңның атын Атау деп қой, аты аталы болып, даңқы жер жарсын.
Одан кейінгісін – Ілік деп қой, інілерін ілестіріп қиын кезде тастамасын, содан кейінгісін барыстай ержүрек болсын деген ниетпен Барыс деп қой. Содан кейінгісін көп білім, оқу іздеп, іздегені табылып табысқа жетсін деп атын Табыс қой. Одан кейінгісін жатып ішер жалқау жолмай, еңбек етсін деп Жатыс қой. Одан кейінгісін төрт дүниеміз тең болсын, шығысымыз батыс болсвн деп Шығыс қой деген екен. Сонымен ең кенжесін ағалары қиын кезде тастамай көмектесіп жүрсін деп, өзі де өзінен кішілерге көмекші болсын деп – Көмектес қой деген екен.
Ақылгөй дананың сөзіне риза болған кедей жеті баласына осылай деп ат қойыпты.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Енді балалар біздер сөзжұмбақ шешу арқылы, жаңа тақырыбымыздың атын білеміз.
Сөз жұмбақ
Білім бұлағы (Кітап)
Тілсіз жау (Өрт)
Қазақтың атақты пулеметші қызы (Мәншүк)
Абай Құнанбаевтың әжесі (Зере)
Қу аң (Түлкі)
Білім ордасы (Мектеп)
Жыл мезгілі (Көктем)
Ең жақсы баға (Бес)

IV. Оқулықпен жұмыс
V. Дәптермен жұмыс
Көмектес септік
342-жаттығу (ауызша)
Жұмбақ
Отпен, кіріп,
Күлмен шығып.
Көрген емес,
Белін бүгіп. (Көсеу)
343 – жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Көмектес септікте тұрған сөздерді тауып, олардың жалғауларының астын сыз.
Тоғжан Сәулемен тез достасып кетті.
Ағашты арамен кестім.
Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.
Олар поезбен кетті.
344 – жаттығу (ауызша)
Мақалды оқып, мағынасын түсіндір. Сөйлем мүшесіне талда. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айт.
Желмен жарыспа, көлеңкеңді қума.
Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір.
Таспен ұрғанды, аспен ұр.
VІ. Сергіту сәті
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір – бірімен шатыстырып алып жүрме
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой
Жатта соны, ойнап күлме, босқа жүрме.
А, І, Б, Т, Ж, Ш, К.
Жаттап алсаң балақай
Зат есімді септе тез.
345 – жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшесіне талда. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айт.
Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады.
Апай Гүлсіммен әңгімелесті.
Әсия терезені таза шүберекпен сүртті.
Марат театрға атасымен келді.
346 – жаттығу
Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып, сөйлем құра. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қой. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Тай, білім, еңбек, қайрат.
Бала таймен шапты.
Біліммен мыңды жығарсың.
Еңбекпен тапқан нан тәтті болады.
Пышақты қайрақпен қайрады.

VІІ. «Адасқан сөздер» ойыны.
Атау Ілік Барыс Табыс Жатыс

VІІІ. Шығыс көмектес
Оқушы, бөлмені, қайықпен, қардан, дәптерді, далада, дәрігерге.

«Сәйкестендіру» ойыны.
А.с. Кімнің? Ненің?
І.с. Кімде? Неде?
Б.с. Кімнен? Неден?
Т.с. Кім? Не?
Ж.с. Кімге? Неге? Қайда?
Ш.с. Кіммен? Немен?
К.с. Кімді? Нені?

ІХ. Қорытынды:
а) бағалау.
Әр топтан жақсы қатынасқан оқушыларды бағалаймын.

ә) үйге тапсырма.
Үйге: 347 – жаттығу. Мәтінді мұқият оқып, ат қоясыңдар. Мәтіннен көмектес септіктегі сөздерді тауып, астын сызу. Ережені жаттау.
- Сабақ аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.