Меню
Назад » » »
Күн, су, ауа, жер-біздің жақсы достарымыз.
загрузка...

загрузка...
Атырау облысы, Индер ауданы
Б. Нысанбаев атындағы орта
мектебінің «Шағын орталық»
тәрбиешісі Камбалова Альбина

Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің тақырыбы:
Күн, су, ауа, жер-біздің жақсы достарымыз.
Оқу іс- әрекетінің мақсаты: Күн, су, ауа, жер- адамзаттың ортақ үйі,
табиғат сыйы, олардың тірщілігі маңызы мен
құндылығы туралы білімдерін кеңейту.
Өтілген тақырыптар арқылы «Қарлығаш»
құстың тапсырмасын орындау.
Білімділік мақсаты: Тәрбиеленушілерге көрсетілген заттарды
сан, өлшем, кеңістікті, геометриялық
пішіндерді бір бірімен ажыратуға ,
тақпақтарды сөзбен, жұмбақтарды айтуға
дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Білімді үйренуге деген қызығушылығын
арттыру, балаларды біріктіріп, өзара сенім
жағдайын құру. Зейінін, қиялын, зеректігін,
тапқырлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Тәрбиленушілерді ұйымшылдыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Тәрбиленушілердің ой-өрісін білімділігін
дамыту. Тапсырманы тиянақты орындауға
дағдыландыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс,
ой қозғау.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Ойындарға арналған түрлі-түсті суреттер, 10-
ға дейінгі сандар. Әр түрлі пішіндер.
Қарлығаштың суреті. Табиғат суреттері.
Оқу іс-әрекетінің жүру барысы: Балалар біз қол ұстаса дөңгеленіп, шеңбер
құрып тұрайық. Енді бір-бірімізге алақан
арқылы жылылық танытып жылы лебіз
білдірейік.
Жылулық шеңбері:
Армысыз, қайырымды –Аспан ата!
Армысыз, мейірімді-Жер ана!
Армысыз, шұғылалы-Алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн.
Амансыз ба?
Есенсіз бе?
Сәлеметсіздер ме?
-Рахмет балалар, барлығымыз орнымызға отырайық.
Бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы Күн, Су, Ауа, Жер-біздің жақсы достарымыз. Балалар бүгінгі сабағымыз жыл бойы өтілген сабақтармен байланыстыра отырып, сабағымыз ерекше болмақ.
-Ал, балалар бәріміз тақтадағы суретке қарайық.
-Қандай суреттер көріп тұрмыз?
Күннің көзі, таза ауа, суға шомылған балалар, жердің жылуы, жайқалған жасыл шөптер, гүлдер.
-Балалрға әңгіме құрастырту.
-Балалардың ойын қорытындылап, қоршаған ортаға құрметпен қарауды, табиғатты аялау керектігін түсіндіру.
Сіздерге жыл мезгілі туралы жұмбақ-тақпақ айтайын. Жауабын шешіп көрейік.
Алғашқысы суытады өлкені.
Екіншісі жылытады, жер көзін.
Үшіншісі көк теңізге бар дейді.
Төртіншісі ұсынады бар дәмді
Жауабы: -Қыс, көктем, жаз күз.
-Балалар сонда жылдың неше мезгілі бар екен?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем.
-Көктем айларын атайықшы?
-Наурыз, Сәуір, Мамыр.
-Жыл мезгілі туралы тақпақ білеміз бе?
Көктем келді.
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай- ау, алақай,
Көктем қандай көңілді.
Көктемде күн жылынып, жан-жануарлар өріске шығып, жер беті жасыл түске боялып, қызғалдақтар, гүлдер шығып, құстар ұшып келеді.
Құстар келді.
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары;
Ұя жасап қарсы алды.
Қызғалдақ.
Жомарт мынау табиғат,
Өсіргендей бізге арнап.
Қып-қызыл боп жалындап,
Қырға өседі қызғалдақ.
-Балалар «Қарлығаш» құсымыз сендердің білімдеріңді тексерейіндеп көптеген тапсырмалар алып келіпті. Сендерді ұқыптылыққа, жауапкешілікке, мейірімділікке, шығармашылық жұмыстарының білімділігіне көмектеседі.
Бірінші тапсырма «Күн»
Балалар, міне керемет сендер не байқап тұрсыңдар?
-Күн туралы әңгімелеу.
-Күн бізге шуағын, жылуын, жарығын береді. Күн-жер бетіндегі тіршілік көзі. Күн туралы кім тақпақ біледі?
«Күн»
Кең аспан гой ай, күнің,
Қашаннан-ақ тұрағы.
Кейде кіріп бөлмеге,
Ол ойнады айнада.
Шомылады көлге де,
Шуақ шашып қайда да.
Қарлығаш құсымыз әр түрлі шарлар алып келіпті.
Қызыл, сары, көк түсті,
Шарларымыз көп тіпті.
Қане, қайсысын таңдайсын.
Түсін біліп алғайсың.
Күннің сұрағы: Түстерді анықтау. Мақсаты: Шарлардың түсін ажырата білуге үйрету.
Екінші тапсырма. «Бұлт»
-Бұлттың түсі қандай?
-Ақ, көк. Олар желдің айдауымен қалқып жүреді. Бұлт ауаның қозғалысы.
-Бұлт туралы кім өлең, тақпақ біледі?
«Бұлт»
Ақсың, сұрсың, қарасың,
Қайда қалқып барасың?
Жерге нөсер төгемін,
Өссін гүлдер, көп егін.
Гүл, гүл жайнап өсер көк,
Нөсерлетсең, нөсерлет.
Бұлттың сұрағы: Пішіндерге ұқсас заттарды табу.
Мақсаты: Пішіндерге ұқсас заттарды айыра білуге үйрету.
-Мынау қандай пішіндер?
-Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, сопақша, төртбұрыш.
-Осы геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды табайық.
Үшінші тапсырма. Жұлдыз
-Жұлдыз туралы әңгімелесу.
-Жұлдыз жерден алыста болады. Сондықтан бізге үлкен –кіші болып көрінеді. Ол аспан әлемінің –жарық жұлдызы. Жұлдыз туралы кім тақпақ біледі?
Жұлдыз
Жұлдыз көкте мүлде көп,
Жарқырайды түнде көп.
Қызығамыз қараймыз,
Кереметке балаймыз.
Бірақ әлі баламыз,
Өссек ұшып барамыз.
Жұлдыздардың сұрағы: Адасқан сандарды табу.
Мақсаты: 10 дейін санау, санның емілесін тану, зейінін дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу. 1-10 дейін адасқан сандарды рет-ретімен қойып шығу.
Төртінші тапсырма. Ай.
-Ай туралы әңгімелесу. Жердің жалғыз серігі –Ай. Ай жерге жақын ғарыштық дене болып, табылады, барлық жұлдыздардан жарық. Ай туралв тақрақ білеміз бе?
Ай.
Дөп-дөңгелек айнадай,
Жақын еді ай қандай.
Жарық етіп маңайды,
Бақырайып қарайды.
Айдың сұрағы: Рет-ретімен сандарды заттарға орналастыру.
Мақсаты: Көзбен көру арқылы әрбір санды тиісті суреттерге қосып айыра білу.
Сергіту сәті:
Топ-топ басайық .
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса туған ел,
Жаса-жаса туған жер.
Бесінші тапсырма. Су.
-Су туралы әңгімелесу.
Сусыз өмір сүре алмаймыз. Су ағады, теңізге айналады, қар болады, жаңбыр мұз болып ағады. Сондықтан біз сиқырлы деп айтамыз.
Су.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегеніміз осы.
Судың сұрағы : Санамақты жатқа айту.
Мақсаты: Жаттау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Санамақ.
Бір дегенім-бесі, шықтым одан өсіп.
Екі дегенім-елім, дала тауым көлім.
Үш дегенім-үміт, үміт артар жігіт.
Төрт дегенім-төзім, төзе білем өзім.
Бес дегенім- бақыт, бағалайтын уақыт.
Алты дегенім- ақыл, тыңдағаның мақұл.
Жеті дегенім-жалау, жүректегі алау.
Сегіз дегенім- сөзің, серт беретін кезің.
Тоғыз дегенім-тоқтау, елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім-Отан, қорға соны ботам.
Алтыншы тапсырма. Жер.
-Жер туралы не білеміз?
-Жер бізге барлық байлықты береді. Сондықтан біз жер-ана деп атаймыз. Жер туралы тақпақ білеміз бе?
Жер.
Жер бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат жан-жануар арасында,
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
Жердің сұрағы: Суретті жапсыру.
Мақсаты: Түстерді ажырата білуге, суретті мұқият қиып, желімді дұрыс пайдаланып, жапсыра білуге үйрету.
Ойын: Күн, жер, бұлт, найзағай, жаңбыр.
Күн ұйықтады.
Жел соқты.
Бұлт түнерді.
Найзағай жарқырады.
Жаңбыр жауды.
Күн ашылды.
Жел басылды.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Жетінші тапсырма. Жаңбыр.
-Жаңбыр туралы не білеміз?
-Жаңбырдың адам үшін үлкен пайдасы бар. Судың біраз бөлігі топырақта қалып, өсімдіктерді суарады. Аспаннан су тамшылар түрінде жерге түсетін ылғал, жауын-шашын.
-Жаңбыр туалы кім тақпақ біледі?
Жаңбыр.
Жау- жау, жаңбыр, жау-жаңбыр,
Жауған жаңбыр-жауған нұр.
Жердің шаңы басылсын,
Гүлдің аузы ашылсын.
Еккен егін көктесін,
Бізге нанды көп берсін!
Жау, жау, гүлденсін бау!
Жаңбырдың сұрағы: Ойлана отырып тез шешейік.
Мақсаты: Ойлау қабілеттілігін дамыту.
Жұмбақ
1.Әдемі түнде, мен жүрсем, жүреді бірге. (Ай)
2.Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
3.Таң мен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)
4.Көк аспанда қалқиды, қанаттары дірілдеп.
Күннің көзін жабады, ол не? (Бұлт)
5. Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа)
6. Аузы жоқ сыңғырлайды, күледі, Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (Су)
Сегізінші тапсырма. Кемпірқосақ.
-Кемпірқосақ туралы не білеміз?
-Жаңбыр жауғаннан кейін көрінетін таңғажайып сұлу табиғат құбылысы. Оны біз көк пен жердің арасындағы тартылған көпір деп атаймыз.
Кемпірқосақ.
Жаңбыр жауып басылды,
Күлімдеді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды,
Өрнегіндей көктемнің.
Кемпірқосақтың сұрағы: Кім қанша затты салыстыра алады?
Мақсаты: Қайсысы көбірек, қайсысы азырақ және тең екенін айыра білу.
Тоғызыншы тапсырма: Қарлығаш
-Қарлығаш құс туралы не білеміз?
-Қарлығаш құстың төресі, киелісі. Жақсылықтың сүйеніші. Жылы ұяларын үйлердің шатырларына орналастырады.
Қарлығаш туралы өлеңді хормен айтқызу.
Қарлығаш.
Қарлығашқа тимеңдер!
Ол жарықтық киелі.
Адамзатты ол сүйеді.
Содан жақын жүреді.
Оған тиген баланың,
Қолы сынып қалады.
Деген сөзін ананың
Бәрі есіне алады.
Қарлығаштың сұрағы: Логикалық ойлау.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
1. Аспанда неше күн бар?
2. Түйеде неше өркеш бар?
3. Жапалақтың неше көзі бар?
4. Қолда неше саусақ бар?
5. Кемпірқосақтың түсі қандай?
Жандандыру «Саңырауқұлақ ертегісі»
«Біз не білдік?»
Күн-жер бетіндегі тіршілік көзі.
Бұлт- ауаның қозғалысы.
Жұлдыз- аспан әлемінің жарық жұлдызы.
Су- суссыз өмір сүре алмаймыз.
Жер- жер-ана деп айтамыз.
Жаңбыр- ылғал, жауын-шашын.
Кемпірқосақ түрлі-түсті жарық жұлдыз.
Қарлығаш құстың төресі.
«Қуанышты хабарлама».
Кішкентай достарым! Менің тапсырмаларымды орындағандарыңа рахмет! Күн, Су, Ауа, Жер- біздің жақсы достарымыз табиғаттағы тапсырмаларың сәтті болды. Балаларға бақытты хабарламаны тарату. Бізде Қарлығаш құсымызға үлкен рахмет айтып қоштасайық.
Жылулық шеңбері
Біз әдепті баламыз.
Айтқан тілді аламыз.
Бір шаңырақ астында.
Оқып білім аламыз.
Осымен ашық сабағымыз аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Күн, су, ауа, жер-біздің жақсы достарымыз. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 698 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar