Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көнерген сөздер -

Көнерген сөздер

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1747 | Размер: | Автор: гость
. Қазақ тілі
Уақыты
Мұғалім 5 -сынып
20.11.2015
Кенжегулова Э.Н
Сабақ тақырыбы: Көнерген сөздер
Жалпы мақсат: Көнерген сөздер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сөздік қорларын молайту.Көнерген сөздер түрлерін ажырата білу және қолдана білуге үйрету,оқушыларды бірлесе отырып білім алуына дағдыландыру. Оқулықтан негізгі идеяны табуға үйрету.
Оқу нәтижесі: Балалар көнерген сөз түрлерін ажыратады, мағынасын түсінеді. Деңгейіне сәйкес тапсырма орындайды.
Негізгі идеялар: Лексика саласы бойынша білімдерін жетілдіреді. Ұлттық құндылықтарды бағалауға үйренеді.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта,слайд-презентация, үлестірме материал, бағалау парағы
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған технология
Жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс,
Сұрақ- жауап, диалог, АКТ, СТО
Дерек көздері: 5 сынып оқулығы
Тапсырмалар: Топтық, талдау, салыстыру, зерттеу, деңгейлік тапсырмалар

1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
«Шаттық шеңбері» стратегиясы
Кәне достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
«жылы лебіз» тренингін өткіземін. Оқушының іс-әрекеті
Шеңбер құрған оқушылар біл-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
2. Сабаққа кіріспе
(3 мин)

3 топқа бөлу: «Көбелек» белгісі арқылы. Неліктен? Себебі, ежелгі ацтектердің аңызы бойынша, көбелектер біздің тілегімізді көкке жеткізеді екен. Егер оларға өз тілегімізді сыбырлап айтып, содан соң еркіндікке жіберсек, ол сөзсіз орындалатын көрінеді. Ал, өздерің айтқан тілектер тезірек орындалсын десеңдер, мына түрлі түсті көбелектерді таңдап алып, топқа бөлінейік.
Топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.
Тақтада берілген сурет бойынша әңгіме құруды тапсырамын.
( батырлар суреті мен ұлттық киімдер) Топқа бөлінеді.

Суреттеу әңгімесін жазып, сыныпқа оқып береді.



3. Жаңа тақырып
«БББ» стратегиясы
(1 минут) Ассоциация .
Жаңа тақырыпты «Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім?» стратегиясын қолданамын.
1 минут ішінде көнерген сөздер туралы не білетінін жазғызамын.
«3 жақты күнделіктің» бірінші бағанасын толтырады.
2-ші тапсырма
(5 минут)
(зерттеу жұмысы)



«Не білгім келеді?» Кестені толтыру үшін топтық жұмыс жүргіземін. ( 3 топ)
Топтастыру
3 минут ішінде әр топқа көнерген сөздер ережесін толқылауды тапсырамын
Әр топтың аргументын тыңдап, менің көмегіммен тақтада көнерген сөздер туралы не білуіміз керектігін жоспарлаймыз.
а) көнерген сөздер қазақ тілінің қай саласына жатады?
б) қолдану аясы
с) көнерген сөздердің түрлері
Зерттеу жұмысын жүргізеді.
Кестенің 2-ші бетін толтыруға мәліметтер береді.
3-ші тапсырма
Терме диктант
(10 мин)
Тақтада берілген мәтіннен көнерген сөздерді теріп жазуды тапсырамын.
Екі шонжар бұл жолы ханның айтқанына қарсы болып жатады. Хан нөкерін ертіп, сейілге шықты. Жандарал келді, жандарал келді,- деген хабар жұртты дүрліктірді. Хан бұйыраған соң, амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Үстеріндегі зере сахыттары, бастарындағы дулыға жағылары, белдеріндегі кіселері, асынған бес қарулары түгелінен бір миясардың қолынан шыққандай. Көнерген сөздерді тауып, дәптерлеріне жазады. жауаптарын дәлелдейді
Қошемет әдісін пайдаланады: «Бір, екі,керемет»
Деңгейлік тапсырма
(10 минут) Деңгейлік тапсырма үлестіремін.

I деңгей -зерттеу жұмысы

Көнерген сөз мағынасы сөйлем

II деңгей- семантикалық карта толтыру
түрлері мысал

III деңгей- түртіп алу
Мақалдың ішінен көнерген сөзді табу.1. Өзге елде сұлтан болғанша , өз еліңде ұлтан бол.
2. Білсе-барымта, Білмесе- сырымта.3. Иілген басты қылыш кеспес.4. Балық суында патша, жігіт елінде патша. 1 деңгей 2 оқушы
2 деңгей 2 оқушы
3 деңгей 2 оқушы

Қалғандары «ең биік мұнара» салады. Кім көп көнерген сөздер жазады, соның мұнарасы биік болып есептеледі.
4.Қорытындылау
Венн диаграмма
(5 мин) Тарихи сөздер мен архаизмдер сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын табуды тапсырамын. Көнерген сөздер тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтап, ережені айтып, мысалмен дәлелдейді.
Алған мәліметтер бойынша кестенің 3-ші бағанасын толтырамын. «Не білдім?» Тақырып бойынша не түсінгендерін айтады.
5.Бағалау (5 мин)
Бағалау парағына сәйкес қорытынды баға шығарамын.
Үй тапсырмасына өткен тақырып бойынша эссе жазуды тапсырамын. бағалау парағына өз ұпайларын қояды.
Алған бағаларын күнделіктеріне қояды.
6. Рефлексия
Кері байланыс (3 мин) Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Сабақты меңгерсе түсіндім-стикеріне, жақсы әсер алса -стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса -стикеріне жазып, кері байланыс қалдырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.