Меню
Назад » » »
Көп таңбалы сандарды оқу және жазу.
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды оқу және жазу.
Мақсаты: жаңа санау бірлігі – мыңдықтар және көп таңбалы сандардың разрядтық құрамы туралы түсініктерін бекіту; көп таңбалы сандарды оқу және жазуға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа түсінік беру сабағы. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік
Көрнекілігі: суреттер, кестелер,ереже жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Өткенді қорыту: Жаңа санау бірлігі қалай аталады? Бірліктер класына қандай сандар құрайды? Мыңдар класына қандай сандар құрайды?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық кіріспе. 1). Ауызша жұмыс: санау: 1000, 2000, 3000, 4000, 5000, 6000, 7000, 8000, 9000, 1 000 000.2). Математикалық диктант.
№ Сандарды жаз Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз
1. 4 мыңдық, 5 ондық, 7 бірлік 4 000 + 000 + 50 + 7 = 4 057
2. 30 мыңдық, 4 жүздік, 2 бірлік 30 000 + 400 + 00 + 2 = 30 402
3. 2 жүздік 200
4. 7 жүздік, 5 ондық, 6 бірлік 700 + 50 + 6 = 756
5. 9 жүздік 900 + 00 + 0 = 900
6. 3 897 – нің алдындағы сан. 3 000 + 800 + 90 + 6 = 3 896
7. 9 389 – дан кейінгі сан 9 000 + 300 + 90 + 0 = 9 390
8. 7 мыңдық 9 жүздік, 5 бірлік 7 000 + 900 + 00 + 5 = 7 905
9. 3 мыңдық 3 000 + 00 + 0 = 3 000
10. 2 мыңдық 5 жүздік 2 000 + 500 + 00 +0 =2 500
Ү. Жаңа сабақ: 1. Оқулықпен жұмыс №1. Бірліктер класында неше разряд бар. Олар ата. Мыңдар класында неше разряд бар? Оларды ата. Кестеде жазылған сандарды оқы. Әр санның көршілерін атаңдар. (1, 21, 321, 4 321, 54 321, 654 321)
2. Өздік жұмыс: № 2. Астана мен Алматы қаласының оқушыларының саны берілген, сандарды оқып, көрші сандарды ата.
( Астана – 2008 жыл – 69 199, 69 200, 69 201; 2009 жыл – 72 299, 72 300, 72 301
Алматы – 2008 жыл – 173 599, 173 600, 173 601; 2009 жыл – 175 299, 175 300, 175 301.)
3.Топтық жұмыс. № 3 (а). (І топ.); № 3 (ә). (ІІ топ)
4. Түсіндіріп шығару № 4. Теңдеуді шеш. (4 оқушы тақтада шығарады).
Х ∙ 9 = 12 ∙ 6 у + 452 = 155 ∙ 5 63 ∙ у = 63 ∙ 3 ∙ 0 80 ∙ а = 1 000 – 680
Х ∙ 9 = 72 у + 452 = 775 63 ∙ у = 0 80 ∙ а = 320
Х = 72 : 9 у = 775 – 452 у = 0 : 63 а = 320 : 80
Х = 8 у = 323 у = 0 а = 4
8 ∙ 9 = 72 323 + 452 = 775 63 ∙ 0 = 63 ∙ 0 80 ∙ 4 = 320
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
№ 5 (а). Есептерді түсіндіріп шығару.
Ш: 120 : (3 + 2) = 120 : 5 = 24 Ж: әр дәптерде 24 беттен.
№ 5 (ә). Ш: ( 360 + 240) : 5 = 600 : 5 = 120 (1 қораптың бағасы)
360 : 120 = 3 (қорап)
240 : 120 = 2 (қорап) Ж: 1 қыз – 3 қорап, 2 қыз – 2 қорап сатып алды.
3.Өздік жұмыс: № 7. Тік төрт бұрыш сызу.
Шығармашылық жұмыс. № 9.
48 : 8 : 6 + 54 : 6 + 10 : 5 ∙ 9 = 1 + 9 + 18 = 28
ҮІІ. Бүгін не білдік? № 8. Есепте. Топтық жұмыс.
4 ∙ 132 – 467 = 61 702 : 3 + 398 = 632 864 : 4 + 297 = 513 5 ∙ 168 – 209 = 631
ҮІІІ .Үйге тапсырма: № 6, 21 бет. Бағалау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Көп таңбалы сандарды оқу және жазу. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 462 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar