Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көпмүшені бірмүшеге көбейтуге есептер шығару -

Көпмүшені бірмүшеге көбейтуге есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1423 | Размер: | Автор: гость
. Кунакова Гульзира Маратовна
Ақтөбе қаласы,
«Шамшырақ» оқыту орталығының
математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені бірмүшеге көбейтуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың білімдерін тексеру, өтілген материалдарды қайталау, жинақты қорыту. Көпмүшені бірмүшеге көбейтуге есептер шығара білу. б) оқушылардың топпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. в) өз мүмкіндігіне сенуге, өзін және жолдасын бағалай білуге, өз бетінше жұмыс жасауға, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сабақтың формасы:топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес
Нінің
Сабақтың типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, тесттер, магниттік тақта
Пәнаралық байланыс: сурет, әдебиет
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.
2. Үй тапсырмасын тексеру – 10 мин.
№ 189. Теңбе – теңдікті дәлелдеу
а (b-с)+b(с-а)+с(а-b)=0
х(у-z)-у(х+z )+z(х-у)=-2уz
а(а-b)-b(b-a)=a-b
Актуальдау.
Көпмүшені бірмүшеге қалай көбейтеміз?
Жалпы формуласын жаз.
Мысал келтір.
Балалар енді біз сабағымызды бастайық. Біз бүгінгі сабағымызды «Бағдаршам» атты сайыс түрінде өткіземіз. Ол үшін бірінші, сыныбымызды 3 топқа бөліп тобымыздың атын қойып шығайық.
I топ Қызыл шам
II топ Сары шам
III топ Жасыл шам
«Бағдаршам» сайыс сабағы 6 сынақтан тұрады. Осы 6 сынақтан өтсеңіздер, сіздер жол ережесін үлкен қалаларда бағдаршамға қарап жолдан өтуді білетін болгансыңдар. Сонымен:
I сынақ. Көпмүшеге амалдар қолдану (кітаппен жұмыс).
II сынақ. Сұрақ жауап.
III сынақ. Тестпен жұмыс.
IV сынақ. Сергіту жаттығулары.
V сынақ. Формуласын жаз.
VI сынақ. Шешуші сынақ алаңы (жауабы кiмде)
Әр сынаққа кезегі келген кезде тоқталып өтемін. Барлық сынақтарда шапшандықты, ұқыптылықты талап етеді. Қай топ әр сынақтан қандай нәтиже көрсететінін тақтада бағалау қағазына белгілеп отырамын. Ал, қазір І сынақты бастасақ.
Кітаптарымызды ашып №217 есепті шығарамыз. Ол үшін әр топтан бір-бір оқушыдан шығады. Сол оқушы есепті толық шығарып болғаннан кейін, сол топтың келесі оқушысы шығып келесі есепті жалғастырады. Қай топ есепті бірінші шығарып болады.
№217
10(m+5)+2(-2m+3n)=10m+50-4m+6n=6m+6n+50
7х(4у-х)+4х(х-7у)=28ху-〖7х〗^2+〖4х〗^2-28ху=-〖3х〗^2
4а(7х-1)-7(4ах+1)+28ах-4а-28ах-7=-4а-7
〖3а〗^2-2а(5+2а)+10а=〖3а〗^2-10а-〖4а〗^2+10а=-а^2
a(a+b)+b(a-b)=a^2+ab+ab-b^2=a^2+2ab-b^2
〖2a〗^2-〖2a〗^2+5ab-2ab+b^2=3ab+b^2
Балалар қалғанымыз орнымыздан шығара отырып тақтадағы оқушыларды тексереміз.
І сынақ бойынша қорытындылаймыз.
ІІ сынақ. Сұрақ-жауап
Бірмүше дегеніміз не?
Көпмүше дегеніміз не?
Бірмүшенің коэффициенті деп нені айтамыз?
Қандай бірмүшені ұқсас бірмүше деп айтамыз?
Қандай бірмүше қарама-қарсы бірмүшелер деп атаймыз?
Қай топ көп сұраққа жауап береді соны бағалаймыз?

ІІІ сынақ. Тестпен жұмыс.
Бұл сынаққа бәріміз қатысамыз. Мен сендерге тест тапсырмаларын беремін. Сондағы тест тапсырмаларын орындап тест қағазымызға белгілейміз. Тесстің жоғары жағына аты-жөнімізді толтырамыз. Тесттің жауаптары тақтаға ілінеді.Әр оқушы басқа топты тексереді. ІІІ сынақ топ бойынша қанша бестік, төрттік, үштік бағаланады.

Енді IV сынақ Сергіту жаттығулары.
Мына жерде 3 конверт жатыр. Әр командаға бір-бір есептен беремін. Шешкен топ мына жерге конверттерге келіп конверттің сыртынан есебіміздің жауабын іздейміз. Жауабын тауып ішіндегісін тақтаға ілеміз.
2ху(х^2+3у)=〖2х〗^3 у+6ху^2
4у(2ху-5)=8ху^2-20у
〖6х〗^2 (3у-5х)=18х^2 у-30х^3
Балалар, мына тақтада не көріп тұрмыз. Абай атамыздың ауылын, балалар биыл Абай атамызға неше жыл болды? Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер. Ендеше балалар Абай атамыздың бір өлеңін бәріміз қосылып айтсақ.
Оқушылар, біз бәріміз аз да болса сергідік. Енді келесі Vсынағымызға көшейік. Бұл сынақ бойынша 3 конверт таңдап, ішіндегі формулаға жауап жазамыз. Қай топ бірінші болды, бағаланады.
№1
a^m a^n=a^(m+n)
(〖ab)〗^m=a^(m ) b^m
№2
(〖a^m)〗^n=a^mn
a^m:a^n=a^(m-n)
a^1=a
(a/b )^m=a^m/b^m
V сынақ қорытындылаймыз.

V І сынақ. «Шешуші сынақ алаңы» жауабын табамыз.
3 түстегі дөңгелектегі есептерді шығарамыз. Қайсымыз бірінші боламыз. Тақтадағы бағдаршам макетіне апарып жапсырамыз. Жауабымыз табылмаса есебіміз дұрыс болмағаны. Есептер теңдеулерді шешуге берілген. Түбірлерін табамыз.
1 қызыл шам.
6(х-3)-2(х+2)=10
4х-22=10
4х=32
х=8
2 сары шам.
5(х-1)-4(х-3)=-20
х+7=-20
х=-27
3 жасыл шам
8(х-7)-3(2х-9)+15
2х-29=15
2х=15+29
х=44/2
х=22
Балалар бұл сынақтан да өттік. Бұл сынақ бойынша Балалар жалпы алты сынақ бойынша қай топ жеңіске жетті екен. Балалар, бүгін біз сайыс сабағымыздың мәресіне жеттік.
«Қызыл көзін ашқанда, сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда жүре бергін жасқанба!» деп сабағымызды аяқтаймыз.

Үйге: №217 (7,8); №218.
Бағалау: Әр топ бойынша жақсы атсалысып отырған оқушылар бағаланады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.