Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар тарауын қайталау -

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар тарауын қайталау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2144 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
Математика пәні мұғалімі
Қосанова Кенжегүл Боранбаевна

Пәні: математика
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дәрежелік,көрсеткіштік және логарифмдік функциялар
қасиеттерін қайталау арқылы оқушылардың білім, білік, дағдылар деңгейін жетілдіру, білім дәрежесін анықтау және бағалауға дайындық жасау
Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру арқылы, білімпаздыққа
адамгершілікке, елжандылыққа, бәсекеге қабілеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты арттыру
арқылы интелектуалдық мүмкіндіктерін, шығармашылдығын,өз бетімен білім алу,өзін-өзі тексеру қабілеттерін дамыту.
3.Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,электронды оқулық,интернет.
4.Сабақтың типі: Оқытудың ақпараттық технологиясы қолданылатын дәстүрлі емес сабақ.
5.Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
6.Сабақта қолданылатын әдістер:
Зерттеу,салыстыру,өзін-өзі тексеру және бағалау.
Сабақта қолданылатын тәсілдер: Ұжымдық ,жеке.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, түгендеу, қауіпсіздік ережелерінің орындалуы бақылау,сабаққа бейімдеу, топқа бөлу
2.Үй жұмысын тексеру:Тарауды қайталап оқу тапсырмасы берілген.

Қайталау сұрақтары:
1. Дәрежелік функцияның анықтамасы.
2. Дәрежелік функцияның қасиеттері.
3. Дәрежелік функциялардың графиктері.
4. Көрсеткіштік функцияның анықтамасы.
5. Көрсеткіштік функцияның қасиеттері.
6. Көрсеткіштік функциялардың графиктері
7.Санның логарифмінің анықтама
8.Логарифмдердің негізгі теңбе-теңдігі.
9.Логарифмдердің негізгі қасиеттері.
10.Логарифмдік функцияның анықтамасы.
11.Логарифмдік функцияның қасиеттері.
12.Логарифмдік функциялардың графиктері.
13.Көрсеткіштік теңдеулер.
14.Логарифмдік теңдеулер.
15.Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер.

3.Сабақтың негізгі бөлімінің іске асырылуы:

1).Жалпыға арналған танымдық сұрақтар :Графиктері бойынша функцияны тану(дәрежелік,көрсеткіштік, логарифмдік)

у=ах, у=xn, у=logax түріндегі функциялар графиктері.

2).Дәрежелік,көрсеткіштік, логарифмдік функциялардың графиктерін салу сайысы (топтық).

у=2x , у = 2-x , у =log2x , у= - log2x, у = х3.

3).Топтық өзара сұрақ-жауап сайысы: математикалық жұмбақтар,рационал көрсеткішті дәреже және логарифмнің қасиеттері бойынша сұрақтар.
4).Электронды оқулықтан тарауға арналған тест тапсырмаларын орындау сайысы.
5).Табиғатты тамашалау ( топтық сайыс).
Қазақстан Республикасының жері кең-байтақ,байлығы мол,
табиғаты көркем.Алатау бөктері көктемде құлпыра түседі, алқызыл гүлдері көздің жауын алады.Көктемгі табиғатты тамашалап , гүл шоқтарын жинап қайталық.Дұрыс шешілген есеп бір гүлмен бағаланады.Әр топқа тақырыпқа сәйкес үш есептен беріледі:

1-топ 2-топ

1.Теңдеуді шешіңдер:

а). 25х +5х -2 = 0 а). 9х -3х -6 = 0
ә).log3 (х+4) = 1 ә).log4 (х-2) = - 1

2.Теңсіздікті шешіңдер:
log6 (х+7)<2 log4(х-8)>3

6). Сабақты қорыту,бағалау.

7).Үй тапсырмасын беру: Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеу,теңсіздіктерге кем дегенде төрт есеп құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.