Меню
Назад » » »
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
загрузка...

загрузка...
Тасполат Рысты Ертайқызы,
С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
ОҚО, Ордабасы ауданы
Сабақтың тақырыбы:
§15 Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы

Сабақтык мақсаты:
Білімділік – оқушыларды Көшпелі және отырықшылар арасындағы қарым-қатынастардың (сауда-саттық, шаруашылық, мәдени және өзара соғыс нәтижесі) жолға қойылу себептерін, қала мен дала адамдарының психологиясын, сондай-ақ, бейбіт қатар өмір сүру барысындағы адамдардың іс-әрекеттері туралы білімд иерін нығайту.
Дамытушылық - сабаққа байланысты көрнекіліктерді, қосымша жергілікті материалдарды (слайд, сызбанұсқа, т.б.) пайдалана отыр-ып, оқушылардың көшпелі және отырықшылар арасындағы мәдени-тұрмыстық байланыстардың мәнін, тарихи себептері туралы түсінік-терін дамыту.
Тәрбиелік - оқушыларды тақырыпты оқыта отырып, ұлтжандылық-қа, бабалар жолын құрметтеуге, адамгершілік пен имандылыққа жә-не жауапкершілік сезімдерін дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты оқыту әдісі: баяндау, топпен жұмыс, СТО, ИБО әдісі Көрнекiлiк: қимақағаздар,бүктемелер,түстi суреттер, интербел-сенді тақта, слайд, тірексызба, Венн диаграммасы, Қазақстанның картасы т.б.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті, бейнелеу т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-сәлемдесу,
-сынып бөлмесi мен тақтаның тазалығына назар аудару
-оқушылардың, парталардың, орындықтардың өз орындарында болуына,түзулiгiне көңiл бөлу,
-оқушылардың оқулықтарының,тарихқа арналған дәптерле-рiнiң, қалам-қағаздарының, басқа да жабдықтарының болуын қадағалау,
-оқушыларды түгелдеу, журналға белгiлеу.
-оқушыларды екі топқа: «Көшпелілер», «Отырықшылар» деп бөлу.
ІІ. Топ басшыларының өз топтарының атын қорғауы:
«Көшпелілер» тобының топбасшысы:
Ен далада жүрдік біз көшіп, қонып,
Жерімізді сақтадық жаудан толық.
Тарихта қалдық содан мәңгілікке,
Көшпелілер деген атқа ие болып.
(Қыдырбай Жұмәділұлы)
«Отырықшылар» тобының топбасшысы:
Отырдық салып қала, егін егіп,
Үйренді бізден өзгелер келіп көріп.
Тарихқа атымызды ойып жазып,
Отырықшы деген атты иеленіп.
(Қыдырбай Жұмәділұлы)
ІІ. Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫН толтыртып (Көшпелілер туралы Отырықшыларға, Отырықшылар туралы Көшпелілерге оқыту ( тара-тып берген қима қағаз бойынша ) және әр топтағы балаларға тиісті мәліметтер бойынша сөйлету.
ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
КӨШПЕЛІЛЕР ОТЫРЫҚШЫЛАР


Отырықшылар тобы;
Көшпелілер атауы бүкіл ел болып ауа райының, малдың жағдайы-на, елдің күн көріс қамына байланысты бір жерден екінші жерге кө-шіп, қонып жүруіне байланысты шыққан. Көшпелілер өте жауынгер, қолөнері жақсы дамыған, табиғи заттарды (малдың терісін, жүнін, сүйегін, асыл металдарды) тиімді пайдаланған және отырықшы-ларды шикі затпен қамтамасыз еткен.
Сондай-ақ, мәдениет, сауда және шаруашылық байланыстары да-мыды. Ара кідік өзара қақтығыстар да болып тұрды.

Көшпелілер тобы:
Отырықшылар деп - бір жерде шоғырланып қала салып, отырған-дарды атайды. Олар көшпелілерден жылқы малын мініске, жегуге пайдалануды, садақтың түрлерін, атты әскерді ұйымдастыруды, темір үзеңгіні, ер-тоқымды, кісе белдіктерді, киім киюдің түрлері, шаш қою, түрлі құрал-саймандарға шикі затты көшпелілерден ал-ды.Көшпелілерден алған шикі заттарынан құрал-саймандар жасап, көшпелілермен айырбас жасап отырған.
Отырықшылардың қалалары көшпелілер үшін сауда саттық орталығына айналған.

КӨШПЕЛІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН 10 СҰРАҚ
1.Қажымұқан ауылының негізі қашан қаланды?
2.Ауылдағы «Найманарық» су арнасына аттас «Найманарық» қай жерде?
3.Сайрамның ескі атауы қандай?
4.Ордабасы ауданы қай жылы құрылды? Аудан алғашқыда қалай аталды.?
5. Мектебіміз қай жылы орта мектепке айналды?
7. Қазақстан биылғы жылы 550 жылдықты неге тойлайды?
8. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай » дәлізінің мәні неде?
9. Ауылымыздан Меккеге кімдер барды?
10. Мектебіміз қай жылы жетіжылдыққа айналды?
ОТЫРЫҚШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН 10 СҰРАҚ
1.Ауылдағы негізгі үш рулардың ұрпақтары қайдан келген?
2.Тутамғалылар ше?
3.Бөгежілілер ше?
4. Түркістанның ескі атауы қандай?
5. «Ленинтуы» орта мектебі қай жылдан бері Кеңес Одағының Батыры Сыдық Ысмайыловтың есімімен аталып келеді?
6. Көшпелі халықтардың отырықшы халықтардан айырмашылығы неде?
7. Ауылдан «Ұлы Жібек Жолы» қай тұспен өткен?
8.2015 жылы Қазақстан Жеңістің неше жылдығын, қай мемлекетпен бірге атап өтеді?
9. Елемес Жәрменов кім?
10. Мектебімізді бірінші рет «Алтын медальға» бітірген кім?
ІҮ. Оқушылардан үй тапсырмасын суретті тест сұрақтары арқылы тексеремін.

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.
Ү.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топбасшыларымен бірле-се отырып Сенгвич әдісімен бағалау.
ҮІ.Слайд арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

Оқушылардың білімін нығайту мақсатында СТО(сын тұрғысынан ойлау), Инсерт әдісі арқылы сабақты пысықтау.
ҮІ.Үйге тапсырма: §15-ті «Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы» тақырыбын оқып, қысқа мәтінжазба-(реферат) дайындап келу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 512 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar